Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының "2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 271/35-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 204897 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 40 738 670,1 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 5 877 173,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 50 532,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 241 005,4 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 34 569 959,7 мың теңге;
2) шығындар – 44 074 667,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 15 891,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 238 230,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 222 339,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 351 888,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 351 888,4 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімдері – 238 230,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 222 339,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 335 997,4 мың теңге.";
көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы | Л.Конарбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Целиноград ауданының әкімі
Д.Сабырғали
2025 жылғы 22 мамыр
"Целиноград ауданының
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы
А.Беркеева
2025 жылғы 22 мамыр
Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 335/44-8 шешіміне 1-қосымша |
|
Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 271/35-8 шешіміне 1-қосымша |
2025 жылға арналған аудандық бюджет
Санаты | Сома, мың теңге | |||
Сыныбы | ||||
Кіші сыныбы | ||||
Атауы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
I. Кірістер | 40 738 670,1 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 5 877 173,0 | ||
01 | Табыс салығы | 1 625 695,0 | ||
1 | Корпоративтік табыс салығы | 675 967,0 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 949 728,0 | ||
03 | Әлеуметтік салық | 3 377 812,0 | ||
1 | Әлеуметтік салық | 3 377 812,0 | ||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 751 347,0 | ||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 751 347,0 | ||
05 | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтары | 75 505,0 | ||
2 | Акциздер | 6 421,0 | ||
3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер | 52 666,0 | ||
4 | Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар | 16 418,0 | ||
08 | Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 46 814,0 | ||
1 | Мемлекеттік баж | 46 814,0 | ||
2 | Салықтық емес түсiмдер | 50 532,0 | ||
01 | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 8 839,0 | ||
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 8 620,0 | ||
7 | Мемлекеттік бюджеттен берілген несиелер бойынша сыйақылар | 219,0 | ||
03 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 462,0 | ||
1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 462,0 | ||
04 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 1 783,0 | ||
1 | Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 1 783,0 | ||
06 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 39 448,0 | ||
1 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 39 448,0 | ||
3 | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 241 005,4 | ||
01 | Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату | 14 937,0 | ||
1 | Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату | 14 937,0 | ||
03 | Жердi және материалдық емес активтердi сату | 226 068,4 | ||
1 | Жердi сату | 226 068,4 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 34 569 959,7 | ||
01 | Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер | 1 174,7 | ||
3 | Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтардың бюджеттерінен трансферттер | 1 174,7 | ||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 34 568 785,0 | ||
2 | Облыстық бюджеттен түсетiн трансферттер | 34 568 785,0 |
Функционалдық топ | Сома, мың теңге | |||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | ||||
Бағдарлама | ||||
Атауы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
II. Шығындар | 44 074 667,5 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 1 501 753,0 | ||
112 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты | 54 246,5 | ||
001 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 52 462,5 | ||
005 | Мәслихаттар депутаттары қызметінің тиімділігін арттыру | 1 784,0 | ||
122 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты | 354 941,4 | ||
001 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 354 941,4 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 425 636,1 | ||
001 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясатын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 77 608,0 | ||
003 | Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу | 3 100,0 | ||
010 | Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу | 800,0 | ||
015 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 10 080,0 | ||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 334 048,1 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 633 445,5 | ||
040 | Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту | 633 445,5 | ||
494 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі | 33 483,5 | ||
001 | Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 33 483,5 | ||
02 | Қорғаныс | 146 822,0 | ||
122 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты | 146 822,0 | ||
005 | Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар | 20 022,0 | ||
006 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою | 33 800,0 | ||
007 |
Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу | 93 000,0 | ||
06 | Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру | 971 529,5 | ||
451 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі | 958 008,5 | ||
001 | Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 59 313,5 | ||
004 | Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету | 98 192,0 | ||
005 | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек | 103 002,0 | ||
006 | Тұрғын үйге көмек көрсету | 3 242,0 | ||
007 | Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек | 303 864,0 | ||
010 | Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету | 1 593,0 | ||
014 | Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету | 127 661,0 | ||
017 | Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектігі бар адамдарға қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтері мен қамтамасыз ету | 139 056,0 | ||
027 | Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру | 16 300,0 | ||
050 | Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту | 38 745,0 | ||
054 | Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру | 67 040,0 | ||
485 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 13 521,0 | ||
068 | Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау | 13 521,0 | ||
07 | Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық | 9 162 067,4 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 7 215 956,3 | ||
003 | Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау | 1 836 460,0 | ||
004 | Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру | 887 341,4 | ||
058 | Ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту | 4 492 154,9 | ||
496 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі | 1 946 111,1 | ||
001 | Жергілікті деңгейде коммуналдық шаруашылық және үй қоры саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер | 58 252,6 | ||
016 | Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі | 91 152,0 | ||
025 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 237 653,2 | ||
026 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін пайдалануды ұйымдастыру | 50 000,0 | ||
030 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 25 000,0 | ||
035 | Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру | 22 950,0 | ||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 1 461 103,3 | ||
08 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк | 907 236,7 | ||
455 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі | 658 406,2 | ||
001 | Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 33 045,2 | ||
003 | Мәдени-демалыс жұмысын қолдау | 468 422,0 | ||
006 | Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi | 107 147,0 | ||
007 | Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту | 49 792,0 | ||
456 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі | 152 154,2 | ||
001 | Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 73 861,2 | ||
002 | Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер | 12 500,0 | ||
003 | Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру | 65 793,0 | ||
465 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі | 66 916,3 | ||
001 | Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 43 916,3 | ||
006 | Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу | 8 000,0 | ||
007 | Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы | 15 000,0 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 29 760,0 | ||
011 | Мәдениет объектілерін дамыту | 29 760,0 | ||
09 | Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану | 3 936 646,6 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 3 936 646,6 | ||
009 | Жылу-энергетикалық жүйені дамыту | 95 804,2 | ||
036 | Газ тасымалдау жүйесін дамыту | 3 840 842,4 | ||
496 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі | 0,0 | ||
009 | Жылу-энергетикалық жүйені дамыту | 0,0 | ||
10 | Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 265 436,4 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 149 800,0 | ||
099 | Мамандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды іске асыру | 149 800,0 | ||
462 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі | 49 085,6 | ||
001 | Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 48 095,6 | ||
006 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 990,0 | ||
463 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі | 66 550,8 | ||
001 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 66 550,8 | ||
11 | Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 169 344,2 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 73 566,7 | ||
001 | Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 73 566,7 | ||
468 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы бөлімі | 95 777,5 | ||
001 | Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 37 194,5 | ||
003 | Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу | 58 583,0 | ||
12 | Көлік және коммуникация | 10 062 278,7 | ||
485 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 10 062 278,7 | ||
001 | Жергілікті деңгейде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 37 410,0 | ||
023 | Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 160 000,0 | ||
025 | Көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру | 9 526 518,7 | ||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 338 350,0 | ||
13 | Басқалар | 14 324 722,5 | ||
455 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі | 220 934,0 | ||
052 | "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру | 220 934,0 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 106 000,0 | ||
012 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві | 106 000,0 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 2 104 610,7 | ||
071 | Қалалардың шетіндегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту | 999 040,0 | ||
079 | "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту | 1 105 570,7 | ||
485 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 11 893 177,8 | ||
052 | "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру | 344 065,0 | ||
054 | "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту | 1 022 787,9 | ||
071 | Қалалардың шетіндегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту | 10 526 324,9 | ||
14 | Борышқа қызмет көрсету | 277 602,0 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 277 602,0 | ||
021 | Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету | 277 602,0 | ||
15 | Трансферттер | 2 349 228,5 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 2 349 228,5 | ||
006 | Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | 1 886 602,3 | ||
007 | Бюджеттік алып коюлар | 51 297,0 | ||
024 | Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер | 348 311,0 | ||
054 | Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару | 63 018,2 | ||
III. Таза бюджеттiк кредиттеу | 15 891,0 | |||
Бюджеттік кредиттер | 238 230,0 | |||
10 | Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 238 230,0 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 238 230,0 | ||
018 | Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттер | 238 230,0 | ||
5 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 222 339,0 | ||
01 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 222 339,0 | ||
1 | Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | 222 339,0 | ||
IV. Қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо | 0,0 | |||
Қаржы активтерiн сатып алу | 0,0 | |||
V. Бюджет тапшылығы (профициті) | -3 351 888,4 | |||
VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 3 351 888,4 | |||
Қарыздар түсімдері | 238 230,0 | |||
7 | Қарыздар түсімдері | 238 230,0 | ||
01 | Мемлекеттік ішкі қарыздар | 238 230,0 | ||
2 | Қарыз алу келісім-шарттары | 238 230,0 | ||
Қарыздарды өтеу | 222 339,0 | |||
16 | Қарыздарды өтеу | 222 339,0 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 222 339,0 | ||
005 | Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу | 222 339,0 | ||
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 3 335 997,4 | ||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 3 335 997,4 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 3 335 997,4 |
Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 335/44-8 шешіміне 2-қосымша |
|
Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 271/35-8 шешіміне 5-қосымша |
2025 жылға арналған облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер
Атауы | Сома, мың тенге |
1 | 2 |
Барлығы, оның ішінде: | 18 421 197,0 |
Ағымдағы нысаналы трансферттер, оның ішінде: | 11 146 875,0 |
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге | 25 300,0 |
ауылдық жерде тұратын педагогтер үшін отын сатып алуға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге | 98 192,0 |
Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күнін мерекелеуге Ауған соғысы ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге | 2 556,0 |
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге | 885,0 |
басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеуге | 1 573,0 |
басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмекке | 1 376,0 |
қарт адамдарды әлеуметтік қолдау | 50 575,0 |
мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға | 92 275,0 |
отбасыларды қолдау орталықтарын құруға және ұстауға | 16 300,0 |
үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға | 64 790,0 |
Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеу | 220 934,0 |
көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыруға | 9 512 515,0 |
жеңілдікті жол жүруді қамтамасыз етуге | 13 521,0 |
"Ауыл-ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру | 344 065,0 |
сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жұмыс істеуі | 91 152,0 |
Ақмол ауылының орталық қазандығын ағымдағы жөндеу | 50 000,0 |
Родина ауылындағы аула аумақтарын абаттандыру | 478 371,0 |
коммуналдық меншік объектілерін жөндеу | 82 495,0 |
Нысаналы даму трансферттері, оның ішінде: | 7 274 322,0 |
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға | 674 548,0 |
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға | 299 779,0 |
жылу энергетикалық жүйесін дамытуға | 95 804,2 |
газ тасымалдау жүйесін дамытуға | 3 208 058,0 |
мемлекеттік органдар объектілерін дамытуға | 433 445,5 |
ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға | 1 976 583,8 |
қалалардың шетіндегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту | 100 000,0 |
"Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру | 456 343,5 |
мәдениет объектілерін дамытуға | 29 760,0 |