Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы полиция полковнигі |
Б. Әленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
_______________________
2025 жылғы " " ________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 296 бұйрығымен бекітілген |
1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелерін қызметтік иттермен қамтамасыз ету
р/с № | Күзет объектілерінің (бөлімнің, бөлімшенің) атауы және олардың сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Иттердің саны | ||||||||
Іздеуші | Патрульдік-іздеуші | Қарауылдық | Есірткі іздеуші | Жарылғыш заттарды іздеуші | Шабуылдаушы | Асыл тұқымды | Күшіктер | Жөндеудегі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1-параграф. Маңызды мемлекеттік объектілерді күзету жөніндегі әскери бөлімдер (бөлімшелер) | |||||||||||
1. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты объект | бірлік | 2 | 3 | - | - | 2 | - | - | - | - |
2. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты объектінің көлікті өткізу жөніндегі бақылау-өткізу пункті | бірлік | - | 3 | - | - | 2 | - | - | - | - |
2-параграф. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету жөніндегі әскери бөлімдер (бөлімшелер) | |||||||||||
3. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты өндірістік объект | бірлік | 2 | 4 | 7 | 1 | - | - | - | - | - |
4. | Жеке тұрақты өндірістік объект, бір ауысымда жұмыс істейтін тұрақты құрылыс және уақытша объект | бірлік | - | 3 | 6 | - | - | - | - | - | - |
5. | Тәуліктік күзеті бар тұрақты объектінің көлікті өткізу жөніндегі бақылау-өткізу пункті | бірлік | - | 3 | - | 1 | - | - | - | - | - |
6. | Өмір бойына бас бостандығынан айырылған және өлім жазасына кесілген сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару жүйесінің мекмесі 1 корпусқа | бірлік | 1 | 2 | - | - | - | - | - | - | - |
7. | Объектіні тәуліктік күзетуді жүзеге асыратын бөлімшенің із кесу тобы | бірлік | - | 1 | - | - | - | - | - | - | - |
3-параграф. Айдауылдау жөніндегі әскери бөлімдер (бөлімшелер) | |||||||||||
8. | Айына қарсы қарауылдарды тағайындаған кездегі айырбастау пункті: | ||||||||||
1) 10-ға дейін | бірлік | - | 1 | - | - | - | - | - | - | - | |
2) 15-ға дейін | бірлік | 1 | 1 | - | - | - | - | - | - | - | |
3) 20-ға дейін | бірлік | 1 | 2 | - | - | - | - | - | - | - | |
4) 25-ға дейін | бірлік | 1 | 3 | - | - | - | - | - | - | - | |
5) 25-тен астам | бірлік | 1 | 4 | - | - | - | - | - | - | - | |
9. | Сотталған мен күзетпен ұсталатын адамдарды сот және жоспарлы темір жолдық, автожолдық қарауылдарында айдауылмен алып жүруды жүзеге асыратын бөлімше | бірлік | 1 | 1 | - | 1 | - | - | - | - | - |
4-параграф. Арнайы моторландырылған әскери бөлімдер (бөлімшелер) мен жедел мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер) | |||||||||||
10. | Жедел мақсаттағы батальон | бірлік | 1 | 4 | - | - | - | - | - | - | - |
11. | Жедел мақсаттағы бөлімнің (бөлімшенің) әскери жедел резерві | бірлік | - | - | - | 1 | 1 | - | - | - | - |
5-параграф. Арнайы мақсаттағы бөлімдер (бөлімшелер) | |||||||||||
12. | Арнайы мақсаттағы әскери бөлім (жасақ) | бірлік | 1 | - | - | - | 1 | 4 | - | - | - |
13. | Арнайы мақсаттағы топ | бірлік | 1 | - | - | - | 1 | 1 | - | - | - |
6-параграф. Кинологиялық орталық, қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту питомнигі | |||||||||||
14. | Кинология қызметінің мамандарын даярлау жөніндегі оқу взводы (тобы) | бірлік | 1 | - | - | - | - | - |
- | - | 1 курсант-қа |
15. | Қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту питомнигі (асыл тұқымды иттерді бар бөлімше), мынадай есеппен: | ||||||||||
1) бес асыл тұқымды итке | бірлік | - | - | - | - | - | - |
- | 15 | 10 | |
2) он асыл тұқымды итке | бірлік | - | - | - | - | - | - |
- | 30 | 20 | |
3) он бес асыл тұқымды итке | бірлік | - | - | - | - | - | - |
- | 40 | 30 | |
4) жиырма бес асыл тұқымды итке | бірлік | - | - | - | - | - | - |
- | 60 | 50 |
Ескертпе:
1. Бір кинолог-маманға бір қызметтік ит бекітіліп беріледі, ерекшелікті мыналар құрайды:
1) Қарауылдық иттер – бір кинолог-маманға үш итке дейін бекітіліп беріледі;
2) Қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту питомнигінде асыл тұқымды иттер мен күшіктерді (штат санында асыл тұқымды иттер бар бөлімшелерде) қызметтік жүктемені тең бөлуді қамтамасыз ету есебінен кинолог-маманға бекітіліп беріледі.
2. Оқу орталықтарындағы даярлау (қайта даярлау) курстарына кинолог-мамандар бекітіліп берілген қызметтік иттермен жіберіледі. Қажет болған жағдайда курсанттарға оқу орталығының иттері бекітіледі.
3. Қызметтік иттердің шекті жасы 8 жыл 3 ай болып табылады, одан кейін оның бұдан әрі жұмысқа жарамдылығын арнайы комиссия айқындайды. Шекті жасқа толғаннан кейін қызметтік иттер қызметтік мақсаттарда пайдалануы бойынша басқа немесе белгіленген қызмет мерзімі өткеннен кейін денсаулық жағдайына, кемістігіне және кемтарлығына байланысты жұмыс қабілетін жоғалтуы салдарынан қызметтік мақсатта пайдалануға жарамсыз санатқа ауыстырылады, одан кейін есептен шығарылады.