Электрондық үкімет порталы және мобильді қосымшалар арқылы онлайн форматта қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жеке куәлікті ресімдеу бөлігінде "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 389 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 253/НҚ бірлескен бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес және процесті тұрақты жетілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мақсатында және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2024 жылғы 14 қазандағы №5 хаттамасының 1-тармағы 3-тармақшасын орындау шеңберінде БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) онлайн форматта іске қосылсын.

      2. Пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортын, жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың ерекшелігіне қосымша ІІМ жеке куәліктің қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты халықты құжаттандыру қызметін электрондық үкімет порталы және мобильді қосымшалар арқылы онлайн форматта бекітілсін.

      3. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңдарының, "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының және "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығының талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті және дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етсін.

      4. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы:

      1) Пайдаланушының іс-әрекетін логиндауды қамтамасыз ете отырып, "электрондық үкімет" веб-порталы" арқылы "Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "электрондық үкімет" шлюзі арқылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етумен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "электрондық үкімет" "Веб-порталы" ақпараттық жүйесін біріктіруді іске асыру жөніндегі келісімнің техникалық ерекшелігіне қосымша бекітілген форматты-логикалық бақылауды ескере отырып, пилоттық жоба арқылы қызмет көрсетуге арналған e-gov.kz парақшаларын электрондық үкіметтің порталында орналастыру бойынша шаралар қабылдасын;

      2) пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктірудің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы ІІМ "Ақпараттық-өндірістік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны барлық жеке куәліктерді дербестендіру кезінде Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ұқсас бланкілерде тек туған елін басып шығарсын.

      6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы бірлескен бұйрықты бекіткен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 31 наурызға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________ Е. Саденов
      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
__________Ж. Мәдиев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2025 жылғы 26 мамырдағы
№ 389 және
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2025 жылғы 26 мамырдағы
№ 253/НҚ бірлескен
бұйрығымен бекітілген

"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі (қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жеке куәлікті онлайн форматта ресімдеу)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Алгоритм қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жеке куәлікті онлайн форматта ресімдеу қызметін электрондық үкімет порталы және мобильдік қосымшалар арқылы "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметін көрсету бөлігінде Көші-қон қызметі комитеті атынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында пилоттық жобаны іске асыру тәртібін айқындайды.

      2. Бұл алгоритмде мынадай қысқартулар пайдаланылады:

      1) ХҚТ ТП ҚБҚ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету;

      2) ЖТ МДҚ - "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы;

      3) ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі;

      4) көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының азаматтары;

      5) көрсетілетін қызмет - "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру".

      6) ЭЦҚ-электрондық цифрлық қолтаңба;

      7) ХҚКО-Мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталығы;

      8) МАБ – арнайы құрылған және үнемі толтырылатын деректер базасы, оның құрылымында тіркелген азаматтар және олардың ұялы нөмірлер түріндегі байланыстары туралы мәлімет бар;

      9) көрсетілетін қызметті алушыны биометриялық сәйкестендіру-биометриялық деректер (фотобейнелер) негізінде адамды анықтау рәсімі;

      10) ЭҮП - e-gov.kz электрондық үкімет порталы

      11) СИК ААЖ - азаматтардың әлеуметтік мәртебесі туралы деректерді беруге арналған ақпараттық жүйе;

      12) ПД КҚҚБ- Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы.

      3. Электрондық үкімет порталы және мобильді қосымшалар арқылы құжаттандыру процесі жеке куәліктің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты халықты құжаттандыру қызметтері мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) Дербес деректерге қолжетімділікті бақылаудың Мемлекеттік сервисіне сұрау салу.

      2) көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі бойынша ЖСН бойынша ЖТ МДҚ-ға, МАБ-қа сұрау салу.

      3) Digital-ID сервисі арқылы жеке басын сәйкестендіру.

      4) көрсетілетін қызметті алушының әрекетке қабілеттілігін тексеру.

      5) көрсетілетін қызметті алушының АХАЖ АЖ-да тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні, ұлты өзгеруінің бар-жоғын тексеру, егер тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні, ұлты өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға жүгінуі қажет.

      6) Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеудің бар-жоғын тексеру. Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға жүгінуі қажет.

      7) Құжаттың өзектілігі мен жарамдылық мерзімін тексеру.

      8) Өтініш жолдарын толтыру.

      9) Қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес фотосуретті және қолтаңба үлгісін қоса беру.

      10) Қоса берілген фотосуретті құжаттарға фотобейнеге қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру.

      11) Digital-ID сервисі арқылы қоса берілген фотосуретті ЖТ МДҚ-да жеке тұлғаның фотобейнесіне сәйкестігін тексеру.

      12) ЭЦҚ сұрауына қол қою.

      13) ХҚТ ТП ҚБҚ-ға сұрау салу жіберу және өтінімді ХҚТ ТП ҚБҚ-ға тіркеу туралы растауды (не бас тартуды) алу.

      14) Жеке куәлік бергені үшін көрсетілетін қызметті алушыны "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодекстің 622-бабында көзделген мемлекеттік бажды төлеуден босату мақсатында СИК ААЖ-да көрсетілетін қызмет алушының әлеуметтік мәртебесінің (мәртебелерінің) болуын тексеру.

      15) ХҚТ ТП ҚБҚ сервисі арқылы қызмет үшін мемлекеттік бажды төлеу (көрсетілетін қызметті алушыда жеңілдіктер болмаған жағдайда).

      16) Қызмет көрсету нәтижесі туралы сұрау салуды алу.

      17) Ресімделген өтінім өтінімді ресімдеудің сапасы мен негізділігін тексеру үшін орналасқан жеріне сәйкес Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасына жіберіледі.

      18) Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының оң шешімі болған жағдайда, өтінім орындау үшін ХҚТ ТП өндірістік орталығына жіберіледі.

      19) ЭҮП-дан келіп түскен өтінімдер бойынша дайындалған құжаттарды беруді көрсетілетін қызметті беруші таңдалған тіркеу пунктінің мемлекеттік корпорациясында ғана жүзеге асырады.

      4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың) Полиция департаменттерінің Көші-қон қызметі басқармалары:

      1) ЭҮП және мобильді қосымшалар арқылы ресімделген электрондық өтінімдерді және оларға берілген құжаттандыру кодтарын уақтылы тексеруді жүргізу;

      2) ХҚТ ТП ҚБҚ мониторингі арқылы ресімделген қызметтердің уақтылы көрсетілуін бақылауды жүзеге асыру;

      3) ЭҮП және мобильді қосымшалар арқылы тапсырыс берілген дайындалған жеке куәліктерді тікелей көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушының жеке өзі келген кезде ғана беруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Пилоттық жоба шеңберінде сенімхат негізінде үшінші тұлғаларға беруге болмайды;

      5. ІІМ "Ақпараттық-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны:

      1) ЭҮП және мобильді қосымшалардан құжаттандыруға өтінімдерді қабылдау бойынша сервистерді техникалық іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) ЭҮП және мобильді қосымшалардан құжаттандыруға өтінімдерді қабылдау бойынша сервистерді техникалық сүйемелдеу;

      3) жарамдылық мерзімі өтуі себепті жеке куәлікті онлайн форматта ресімдеу қызметін ЭҮП және мобильді қосымшаларда ресімделген өтінімдер бойынша "ҚР азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" қызметі үшін мемлекеттік баждың төленуіне бақылауды қамтамасыз ету;

      4) кіріс бақылау кезеңінде келіп түскен өтінімдерді сапалы тексеруді қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды, бұл ретте қолданыстағы әкімшілік аумақтық бөлініске сәйкес туған жері туралы мәліметтерді автоматты түрде енгізу мүмкін еместігі назарға алынсын. Туған жері туралы ақпаратты АХАЖ АЖ-дан келіп түскен ақпаратқа немесе құжаттандырылған халықтың деректер базасында сақталатын тарихи ақпаратқа сәйкес ХҚТ ТП ҚБҚ-да көрсету қажет. Жеке куәліктерді дербестендіру кезінде Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағыдай бланкілерде туған елін ғана басып шығару қажет.

      5) "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау.

2-тарау. Көрсетілетін қызметті алушы мен Мемлекеттік корпорацияның өзара іс-қимыл тәртібі

      6. ЭҮП және мобильді қосымшалар арқылы құжаттандыру Қазақстан Республикасы азаматтарының әкімшілік хаттаманың жасалуы мен қорытындыны шығаруын қажет етпейтін жеке куәлікті айырбастауға, ауыстыруға байланысты жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде №13911 болып тіркелген) Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП және мобильді қосымшаларға жүгінген кезде жеке куәлікпен құжаттандыру оның қолданылу мерзімінің өтуі себебімен ғана жүзеге асырылады, бұл ретте қызмет жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 және одан аз күн қалса немесе жеке куәліктің қолданылу мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспаса ғана көрсетіледі.

      Құжаттандырудың басқа себептері бойынша ЭҮП және мобильді қосымшалар арқылы қызмет көрсетілмейді және көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға "ресімдеу қолжетімді емес, ХҚКО-ға хабарласыңыз" хабарламасымен жүгіну қажеттігі туралы хабардар етіледі.

      8. ЭҮП және мобильді қосымшалардағы өтінімді көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген құжаттар негізінде дербес толтырады.

      9. ЭҮП және мобильді қосымшалар арқылы қызмет көрсету осы Алгоритмнің 3-тармағында көзделген құжаттандыру процесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Тіркеу талонын қалыптастырғаннан кейін өтінім тиісті облыстың (өтініш беруші таңдаған) ПД КҚҚБ-ға тексеру кезеңіне жіберіледі.

      11. ПД КҚҚБ қызметкері келіп түскен өтінімді тексереді, өтінімнің дұрыс толтырылуын тексереді, сондай-ақ фотобейнесі мен қолтаңбасын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің талаптарына тексереді және ЭЦҚ куәландыра отырып, құжаттарды дайындау үшін өтінімді ХҚТ ТП орталық торабына жібереді.

      Егер фотосурет немесе қолтаңба Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің талаптарына сәйкес келмесе, не ПД КҚҚБ қызметкеріне қосымша тексеру іс-қимылдарын жүргізу қажет болса, өтінім жойылады.

      Фотосуреттің немесе қолтаңбаның сапасыз болуы себепті өтінімді жойған жағдайда, көрсетілген қызметті алушы жаңа өтінім ресімдеуіне болады, бұл ретте мемелекеттік бажды қайтадан төлейді. Бұрын төленген мемлекеттік баж "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді тиісті тіркеу пунктінде көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесінің қызметкері өтінімді тіркеу талонының нөмірі негізінде жүзеге асырады.

      12. ЭҮП, мобильдік қосымшалар, БМГ, биометриялық сәйкестендіру жүйелерінің жұмысына байланысты себептер бойынша қызметтерді көрсету кезінде 10 минуттан артық техникалық іркілістер анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады