Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 мамырдағы № 94 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "KMG Barlau" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мұнай және газ кен орындарын сейсмикалық барлау үшін Байғанин ауданы Миялы ауылдық округінің "Береке" учаскесінен алаңы 82084 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин ауданының әкімі А. Купенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады