Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақысын белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 наурыздағы № 303 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіпте Қарғалы ауданы әкімдігінің "Қарғалы аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарғалы аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемеақысы 30% аспайтын көлемде белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Қарғады аудандық
мәслихатының төрағасы
С. Аманжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады