ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:
4 "Туризм" функционалдық кіші тобында:
650 "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
051 "Туризм мен туристік қызметті дамытуды ынталандыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 107 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"107 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылым (жолдар, электр беру желілері, құбырлар, тазарту құрылыстары) салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |