"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 мамырдағы № 232 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) құзыреті шегінде "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асыру;";

      14-тармақта:

      1) тармақшаның қырық төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айқындау, валюталық операцияларды жүргізуге байланысты құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұрату, Қазақстан Республикасында барлық резидент пен бейрезиденттің орындауы мiндеттi болып табылатын, анықталған бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы талаптар қою және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдау;";

      1) тармақша мынадай мазмұндағы қырық бесінші және қырық алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, өткізілетін тауарларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;

      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;";

      2) тармақшаның қырық алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "өз өкiлеттіктерiн жүзеге асыру кезінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес электрондық нысанда ақпарат алмасу кезінде өздеріне белгiлi болған, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтау;";

      2) тармақша мынадай мазмұндағы қырық жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының заннамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.";

      15-тармақта:

      194) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "194) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;";

      225) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "225) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 225-1), 225-2), 225-3), 225-4), 225-5), 225-6), 225-7), 225-8), 225-9), 225-10), 225-11), 225-12) және 225-13) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "225-1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарының тізбесін және оларды қолдану қағидаларын әзірлеу;

      225-2) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын сатып алу, пайдалану;

      225-3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерін тексеруді жүзеге асыру, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      225-4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде көлік құралдарын тоқтату, оларды қарап-тексеруді, жете тексеруді жүргізу;

      225-5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру актілерінің нысанын әзірлеу;

      225-6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылауды жүзеге асыру орындарының тізбесін әзірлеу;

      225-7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін, деректерді беру жүйелерін, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, жасау, сатып алу және пайдалану;

      225-8) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      225-9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылауды жүзеге асыру;

      225-10) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылауды жүзеге асыру;

      225-11) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін кедендік бақылауды жүзеге асыру;

      225-12) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы рұқсатсыз өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, импортына немесе транзитіне тыйым салу туралы шешім қабылдау;

      225-13) арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, сарапшыларды және мамандарды тарту;";

      мынадай мазмұндағы 350-5), 350-6), 350-7), 350-8), 350-9) және 350-10) тармақшамен толықтырылсын:

      350-5) әкімшілерге арналған кәсіптік стандарттарды әзірлеу;

      350-6) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарды енгізу;

      350-7) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстарды әзірлеу және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жолдау;

      350-8) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және алдағы кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастыру;

      350-9) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;

      350-10) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 373-1), 373-2), 373-3), 373-4) және 373-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "373-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және валюталық бақылау агенттерімен бірлесіп резиденттердің (шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) репатриациялау талабын орындауын бақылау мақсатында экспорт немесе импорт жөніндегі жекелеген валюталық шарттар шеңберінде ақша қозғалысын және міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      373-2) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп активтерді ашып көрсету туралы декларацияның нысаны мен оны ұсыну тәртібін әзірлеу;

      373-3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      373-4) "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағында көрсетілген резиденттердің экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындауына валюталық бақылауды жүзеге асыру;

      373-5) тексерілетін резиденттің экспорт немесе импорт бойынша ұлттық және (немесе) шетел валютаны репатриациялау талабын орындауына валюталық бақылау жүргізу кезінде "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген тексеруді жүргізу және (немесе) бақылаудың өзге де нысанын жүзеге асыру;";

      19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      Комитеттің жұмыскерлерін;

      Комитеттің Бас диспетчерлік басқармасының басшысын;

      облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері, Комитеттің Бас диспетчерлік басқармасы басшыларының орынбасарларын;

      мамандандырылған мемлекеттік мекеме басшысын;

      мамандандырылған мемлекеттік мекемелер басшысының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ж.Ж. Дүйсембиев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Біржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады