Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 16 мамырдағы № 236 бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 162-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Е. Біржанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 16 мамырдағы
№ 236 бұйрығымен
бекітілген

Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 162-бабына сәйкес әзірленді және бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу, бюджеттік кредиттерді пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау, бюджеттік кредиттерді пайдалану тиімділігін бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды, сондай-ақ бюджеттік кредиттерді қарыз алушылар, сенім білдірілген өкілдер (агенттер), түпкілікті қарыз алушылар ұсынатын ақпарат нысандарын белгілейді.

2-тарау. Бюджеттік кредиттерді тіркеу тәртібі

      2. Бюджеттік кредиттеу шарттарын, оларға қосымша келісімдерді тіркеу бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "е-Қаржымині" ИААЖ) жүзеге асырылады:

      1) кредиттік шартқа тіркеу нөмірін беру жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттер жөніндегі мемлекеттік қазынашылық;

      2) кредиттік шартқа тіркеу нөмірін беру жолымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттер жөніндегі жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

      3. Қарыз алушы мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалатын тапсырма шартын тіркеу "е-Қаржымині" ИААЖ-да жүзеге асырылады.

      4. Сенім білдірілген өкіл (агент) мен түпкілікті қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шартты тіркеу "е-Қаржымині" ИААЖ-да кредиттік шартты тіркеу туралы мәліметтерді кейіннен бере отырып, сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

      5. Кредиттік шарттың тіркеу нөмірі сенім білдірілген өкілдің (агенттің) және түпкілікті қарыз алушының тіркеу бірегей нөмірін кейіннен қоса отырып, қарыз алушыны, бюджеттік бағдарлама әкімшісін қоса алғанда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бірегей нөмірін қамтиды.

3-тарау. Бюджеттік кредиттерді есепке алу тәртібі

      6. Республикалық және жергілікті бюджеттерден берілген бюджеттік кредиттерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен бюджеттен қаражат алушы арасында жасалған кредиттік шарттар мен қосымша келісімдер негізінде мемлекеттік қазынашылық есепке алуға жатады.

      7. Мемлекеттік қазынашылық осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қарыз алушылар мен сенім білдірілген өкілдер (агенттер) бөлінісінде берілген Бюджеттік кредиттердің тізілімін жүргізеді.

      8. Аударылған және қайтарылған бюджеттік кредиттерді, сыйақыларды және тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есепке алуды мемлекеттік қазынашылық "е-Қаржымині" ИААЖ-да бюджеттік кредиттерді есепке алу карточкаларында (бұдан әрі – есепке алу карточкасы) жүзеге асырады.

      Бюджеттік кредиттерді есепке алу карточкалары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, қарыз алушылар және сенім білдірілген өкілдер (агенттер) бөлінісінде жүргізіледі.

      Аударылған және қайтарылған бюджеттік кредиттерді, сыйақыларды және түпкілікті қарыз алушылар бойынша тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есепке алу сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ақпараттық жүйесіндегі есепке алу карточкаларында жүзеге асырылады.

      9. Есепке алу карточкаларынан алынған мәліметтер негізінде "е-Қаржымині" ИААЖ-да республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат алушылар және бюджеттік кредитті игеру туралы талдамалық ақпарат қалыптастырылады.

      10. Қарыз алушылар, сенім білдірілген өкілдер (агенттер) түпкілікті қарыз алушылардың растайтын құжаттарының негізінде есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірілмейтін мерзімде "е-Қаржымині" ИААЖ-да осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредитті пайдалану, өтеу және қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты қалыптастырады.

      Түпкілікті қарыз алушылар есепті айдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сенім білдірілген өкілдерге (агенттерге) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредитті пайдалану, өтеу және қызмет көрсету барысы туралы ақпарат береді.

4-тарау. Бюджеттік кредиттерге мониторинг жүргізу тәртібі

      11. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз алушылардың, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің), түпкілікті қарыз алушылардың міндетті түрде беретін ақпараты негізінде бюджеттік кредиттердің мониторингін жүзеге асырады.

      12. Бюджеттік кредиттерге мониторинг жүргізу мынадай:

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, қарыз алушы банктердің, түпкілікті қарыз алушылардың, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) және қаржы агенттіктерінің бюджеттік кредиттерді пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету барысы туралы ақпаратына;

      2) бюджеттік бағдарламаларды орындау мақсаттары үшін тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізулерге;

      3) берілген кредиттер көлемінің деңгейіне;

      4) оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескеріле отырып, алынған нәтижелердің жоспарланған арақатынасының тиімділігіне талдауды қамтиды.

      13. Бюджеттік кредиттер мониторингінің нәтижелері ақпаратты жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйесін пайдалана отырып, бюджеттік кредиттерді алу, оларға қызмет көрсету және өтеу және кредиторлық берешектің ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат түрінде ресімделеді.

  Бюджеттік кредиттерді
тіркеу, есепке алу және
мониторингтеу қағидаларына
1-қосымша

Қарыз алушылар мен сенім білдірілген өкілдер (агенттер) бөлінісінде ұсынылған бюджеттік кредиттер тізілімі

Қарыз алушылардың/сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) атауы

Кредит шартының нөмірі мен күні

Валютасы

Сомасы

Кредитті өтеу күні

Игерілді

Негізгі қарыз

Сыйақы%

Айыппұл

Негізгі қарыздың қалдығы

күні

іс жүзіндегі игеру сомасы

күні

сомасы

күні

сомасы

күні

сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

  Бюджеттік кредиттерді
  тіркеу, есепке алу және
мониторингтеу қағидаларына
2-қосымша

Бюджеттік кредиттерді есепке алу карточкасы

Қарыз алушының/ сенім білдірілген өкілдің (агенттің) атауы_____

БСН/ЖСН__

Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы __

Өлшем бірлігі: ________

Операцияның мазмұны және жазба жүргізуге негіз болған құжат (енгізу)

Бюджетке аудару/есептеу күні

Кредит бойынша есеп айырысулар (негізгі қарыз бойынша)

өтеу кестесі бойынша есептелді

төлем тапсырмасымен төлеу

қарыз алушыға/сенім білдірілген өкілге (агентке) аударылды

төлемдер кестесіне сәйкес

қайтарылды (мерзімінен бұрын, игерілмеген, мақсатқа сай емес)

кредит бойынша есеп айырысулар бойынша сальдо (артық төлем қайтарылуға жатады-, (артық)+)

есептелді

төленді

1

2

3

4

5

6

7

8

      кестенің жалғасы

Сыйақы бойынша есеп айырысулар

Айыппұлдар бойынша есеп айырысулар (өсімпұл, айыппұл)

есептелді

төленді

сыйақы бойынша сальдо (+,-)

есептелді (азайтылды) (+,-)

төленді (қайтарылды) айыппұлдар (өсімпұлдар, айыппұлдар) (+;-) s

айыппұлдар бойынша сальдо (өсімпұлдар, айыппұлдар) (+,-)

9

10

11

12

13

14

  Бюджеттік кредиттерді
тіркеу, есепке алу және
мониторингтеу қағидаларына
3-қосымша

Кредитті пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету барысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және қарыз алушы арасындағы кредиттік шарт


Қарыз алушы мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасындағы тапсырма-шарт (бар болса)


Кредит шарты бойынша сома


Іс жүзінде игерілген сома


Кредит валютасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Қарыз алушының атауы

БСН/ЖСН

Сенім білдірілген өкіл (агент)/қарыз алушы мен түпкілікті қарыз алушы арасындағы кредиттік шарт

Кредитті пайдалану мерзімі

Кредиттің мақсаты

Жыл басындағы борыштың қалдығы

күні

нөмірі

барлығы

оның ішінде

негізгі борыш бойынша

сыйақылар бойынша

өзгелері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























      кестенің жалғасы

Есепті кезеңнің басындағы мерзімі өткен берешек

Есепті кезеңде республикалық бюджеттен берілген кредиттер

Есепті кезеңде өтеуге жатады

барлығы

оның ішінде

негізгі борыш

сыйақы

өзгелері

негізгі борыш бойынша

сыйақылар бойынша

өзгелері

Күні

Сомасы

12

13

14

15

16

17

18

19

20



















      кестенің жалғасы

Қарыз алушы сенім білдірілген өкілге (агентке) есепті кезеңде өтегені

Қарыз алушы/сенім білдірілген өкіл (агент) есепті кезеңде республикалық бюджетке өтегені

күні

негізгі борыш

сыйақы

өзгелері

күні

негізгі борыш

сыйақы

өзгелері

сомасы

Бюджеттік сыныптама коды

сомасы

Бюджеттік сыныптама коды

сомасы

Бюджеттік сыныптама коды

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31























      кестенің жалғасы

Есепті кезеңнің соңындағы негізгі борыш бойынша берешектің қалдығы

Есепті кезеңнің соңындағы мерзімі өткен берешек

Пайдаланылмаған кредитсомасы

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу сомасы

барлығы

оның ішінде

негізгі борыш бойынша

сыйақылар бойынша

өзгелері

30 күннен астам

90 күннен астам

сомасы

несие портфеліндегі үлес

сомасы

несие портфеліндегі үлесі

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41





















      кестені жалғасы

Кредитті нысаналы пайдалану

Тікелей нәтиже (өлшем бірлігі)

Түпкілікті нәтиже (өлшем бірлігі)

ТЖҚ атауы, өзге де шығыстар

саны

сомасы

атауы

атауы

жоспар

іс жүзінде

жоспар

іс жүзінде

жоспар

іс жүзінде

жоспар

іс жүзінде

42

43

44

45

46

47

48

49

50



















      кестенің жалғасы

Кәсіпкерлік қызметтен түсетін кіріс

Құрылған жұмыс орындарының саны, оның ішінде жаңадан тіркелген ЖК

Төленген салық сомасы

Қарыз алушының экономикалық белсенділігінің мәртебесі

Салалық ерекшеліктері ескерілген басқа көрсеткіштер:

Ескертпе

жұмыс істеп тұр

тоқтатыла тұрған

қызметі тоқтатылған

атауы


жоспар

іс жүзінде

51

52

53

54

55

56

57

58

59



















      Ескертпе:

      Кредитті пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты толтыру бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарлама шеңберінде берілген қарыз алушы банктердің, түпкілікті қарыз алушылардың, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) және қаржы агенттіктерінің бюджеттік бағдарлама шеңберінде берілген Кредитті пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету барысы туралы ақпаратқа қосымшаға түсініктемеге сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мониторинг жүргізу үшін қосымша ақпарат сұратады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖК – жеке кәсіпкер;

      ТЖҚ – тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер.

  Бюджеттік бағдарлама
шеңберінде берілген
кредитті пайдалану, өтеу
және оған қызмет көрсету
барысы туралы ақпаратқа
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған ақпарат нысанын толтыру бойынша түсініктеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме республикалық бюджеттен ішкі көздер есебінен берілген кредиттер бойынша қарыз алушылар, сенім білдірілген өкілдер (агенттер) ұсынатын ақпарат нысанын (бұдан әрі – Есеп нысаны) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Ақпарат нысаны бастапқы есепке алу деректері негізінде тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 15-күніне дейін, жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін толтырылады және ұсынылады.

      3. Ақпарат нысаны ақпараттық жүйе арқылы ұсынылады.

2-тарау. Ақпарат нысанын толтыру бойынша түсініктеме

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасындағы кредиттік шарт" деген жолда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалған кредиттік шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

      5. "Қарыз алушы мен сенім білдірілген өкіл (агент) (бар болса) арасындағы тапсырма шарты" деген жолда, егер осындай тапсырма шартын жасасу бюджет заңнамасында көзделген болса, қарыз алушы мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалған тапсырма шартының нөмірі мен күні көрсетіледі.

      6. "Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы" деген жолда бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы көрсетіледі.

      7. "Кредиттік шарт бойынша сома" деген жолда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасындағы кредиттік шарттың сомасы көрсетіледі.

      8. "Іс жүзінде игерілген сома" деген жолда сенім білдірілген өкіл (агент) іс жүзінде игерген кредит сомасы көрсетіледі.

      9. "Кредит валютасы" деген жолда кредиттік шартта белгіленген валюта көрсетіледі.

      10. "Сыйақы мөлшерлемесі" деген жолда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шешімімен белгіленген бюджеттік кредиттің негізгі шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.

      11. 1-бағанда реттік нөмірлер көрсетіледі.

      12. 2 бағанда қарыз алушының атауы көрсетіледі.

      13. 3-бағанда қарыз алушының бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      14. 4 және 5-бағандарда кредиттік шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі.

      15. 6-бағанда кредитті пайдалану мерзімі (жылдардағы) көрсетіледі.

      16. 7-бағанда кредиттің мақсаты көрсетіледі.

      17. 8-бағанда жыл басындағы борыштың барлық қалдығы көрсетіледі.

      18. 9-бағанда негізгі борыш бойынша жыл басындағы борыштың қалдығы көрсетіледі.

      19. 10-бағанда сыйақы бойынша жыл басындағы борыштың қалдығы көрсетіледі.

      20. 11-бағанда басқа төлемдер бойынша жыл басындағы борыштың қалдығы көрсетіледі.

      21. 12-бағанда есепті кезеңнің басындағы барлық мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

      22. 13-бағанда негізгі борыш бойынша есепті кезеңнің басына мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

      23. 14-бағанда сыйақылар бойынша есепті кезеңнің басына мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

      24. 15-бағанда басқа төлемдер бойынша есепті кезеңнің басына мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

      25. 16-және 17-бағандарда есепті кезеңде республикалық бюджеттен кредиттер беру күні мен сомасы көрсетіледі.

      26. 18-бағанда есепті кезеңде өтеуге жататын негізгі борыштың сомасы көрсетіледі.

      27. 19-бағанда есепті кезеңде төленуге жататын сыйақы сомасы көрсетіледі.

      28. 20-бағанда есепті кезеңде өтеуге жататын өзге де сомалар көрсетіледі.

      29. 21-бағанда қарыз алушының сенім білдірілген өкілге (агентке) есепті кезең үшін өтеу күні көрсетіледі.

      30. 22-бағанда қарыз алушының сенім білдірілген өкілге (агентке) негізгі борыш бойынша есепті кезең үшін өтеуі көрсетіледі.

      31. 23-бағанда қарыз алушының сенім білдірілген өкілге (агентке) сыйақы бойынша есепті кезең үшін төлейтін сомасы көрсетіледі.

      32. 24-бағанда қарыз алушының сенім білдірілген өкілге (агентке) басқа төлемдер бойынша есепті кезең үшін өтеу сомасы көрсетіледі.

      33. 25-бағанда қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) есепті кезең үшін республикалық бюджетке жүргізген өтеуінің күні көрсетіледі.

      34. 26-бағанда қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) негізгі борыш бойынша есепті кезең үшін республикалық бюджетке жүргізген өтеу сомасы көрсетіледі.

      35. 27-бағанда қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) негізгі борыш бойынша есепті кезеңде республикалық бюджетке жүргізген өтеуі бойынша бюджеттік сыныптаманың коды көрсетіледі.

      36. 28-бағанда қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) сыйақы бойынша есепті кезең үшін республикалық бюджетке төлейтін төлемдер сомасы көрсетіледі.

      37. 29-бағанда қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) сыйақы бойынша есепті кезеңде республикалық бюджетке жүргізген төлемдері бойынша бюджеттік сыныптаманың коды көрсетіледі.

      38. 30-бағанда қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) өзге төлемдер бойынша есепті кезең үшін республикалық бюджетке өтеу сомасы көрсетіледі.

      39. 31-бағанда қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) есепті кезеңде басқа төлемдер бойынша республикалық бюджетке өткізген өтеуі бойынша бюджеттік сыныптаманың коды көрсетіледі.

      40. 32-бағанда негізгі борыш бойынша есепті кезеңнің соңындағы берешектің қалдығы көрсетіледі.

      41. 33-бағанда есепті кезеңнің соңында барлық мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

      42. 34-бағанда негізгі борыш бойынша есепті кезеңнің соңында 30 күннен астам мерзімі өткен берешек сомасы көрсетіледі.

      43. 35-бағанда негізгі борыш бойынша есепті кезеңнің соңында 30 күннен астам мерзімі өткен берешектің несие портфеліндегі үлесі көрсетіледі.

      44. 36-бағанда негізгі борыш бойынша есепті кезеңнің соңында 90 күннен астам мерзімі өткен берешек сомасы көрсетіледі.

      45. 37-бағанда негізгі борыш бойынша есепті кезеңнің соңында 90 күннен астам мерзімі өткен берешектің несие портфеліндегі үлесі көрсетіледі.

      46. 38-бағанда сыйақылар бойынша есепті кезеңнің соңында мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

      47. 39-бағанда өзге төлемдер бойынша есепті кезеңнің соңында мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

      48. 40-бағанда кредиттердің пайдаланылмаған сомасы көрсетіледі.

      49. 41-бағанда кредитті мерзімінен бұрын өтеу сомасы көрсетіледі.

      50. 42-бағанда кредиттің нысаналы пайдаланылуын растайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, өзге де шығыстардың атауы көрсетіледі (деректер мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тіркелген электрондық шот-фактуралар; тауарлар туралы мәліметтерді және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын кедендік құжаттар (кедендік декларация); 328.00-нысан бойынша тауарларды әкелу туралы өтініш).

      51. 43 және 44-бағандарда кредиттің нысаналы пайдаланылуын растайтын жоспарлы және іс жүзіндегі көрсеткіштері сандық мәнде көрсетіледі.

      52. 45 және 46-бағандарда кредиттің нысаналы пайдаланылуын растайтын жоспарлы және іс жүзіндегі көрсеткіштері жиынтық мәнде көрсетіледі.

      53. 47 және 48-бағандарда жоспарлы және іс жүзіндегі көрсеткіштерге бөле отырып және өлшем бірлігін көрсете отырып, тікелей көрсеткіштің атауы көрсетіледі.

      54. 49 және 50-бағандарда жоспарлы және іс жүзіндегі көрсеткіштерге бөле отырып және өлшем бірлігін көрсете отырып, түпкілікті көрсеткіштің атауы көрсетіледі.

      55. 51-бағанда есепті кезеңде кәсіпкерлік қызметтен алынған және есептіліктің салық нысандарында көрсетілген кіріс көрсетіледі.

      56. 52-бағанда құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі, оның ішінде жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер көрсетіледі.

      57. 53-бағанда төленген салықтардың сомасы көрсетіледі, атап айтқанда: корпоративтік/жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қосылған құн салығы, бірыңғай жер салығы, бөлшек салық, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы.

      58. 54, 55 және 56-бағандарда қарыз алушының экономикалық белсенділігінің мәртебесі (жұмыс істейтін, жұмысын уақытша тоқтатқан, жұмысын тоқтатқан не таратқан) көрсетіледі.

      59. 57 және 58-бағандарда (бар болса) жоспарлы және іс жүзіндегі көрсеткіштерге бөле отырып, салалық ерекшеліктерді ескере отырып, басқа көрсеткіштер көрсетіледі.

      60. 59-бағанда ескертпе бар болса көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады