"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодекстің 19-бабының 17) және 20)-тармақшаларына, 168-бабының 4-тармағына және 170-бабының 3-тармағына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаториялық–курорттықемделуге жолдаманы таңдаған, санаториялық-курорттық емделуге жеке оңалту және оңалту бағдарламасы бойынша бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаториялық-курорттық емдеуге алып баратын Жарма ауданы бойынша тұлғаларға өтемақы төлеу, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, жылына бір рет халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санаторийде нақты болу үшін санаториялық-курорттық емделуге арналған шығындарға кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде.
2. Уәкілетті органға әлеуметтік көмек алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) шот-фактура және орындалған жұмыс актісі.
Алып жүрушiнiң жол жүру шығындарын төлеу еріп жүрушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
3. "Абай облысы Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды ертіп жүретін тұлғаларға санаториялық-курорттық емделуге жұмсалған шығындары өтелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Нургалиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Борсукбаев |