"Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 169 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 наурыздағы № 59 қаулысы

      Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 169 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауын;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев

      Жобаны ұсынушы:

      Жамбыл облысы әкімдігінің
      ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ. Көшенов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
  2025 жылғы "__" _________
  № ____ қаулысына қосымша
  Жамбыл облыс әкімдігінің
  2024 жылғы "5" шілдедегі
  № 169 қаулысына қосымша

Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтері

Ауылшаруашылық өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Өнім бірлігіне арналған субсидиялар нормативі (теңге/ килограмм)

1.

Шикі сүт

Сары май

52

2.

Шикі сүт

Қатты ірімшік

51

3.

Шикі сүт

Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)

45


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады