Талап селосының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талап селосы әкімінің "Талап селосындағы Микрорайон-Мәңгілік Ел көшесі, Центральная көшесін-Тәуелсіздік көшесі, Мичурин көшесін-Бұланты көшесі, Молодежная көшесін-Жібек жолы көшесі деп қайта атау туралы" 2024 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33238 болып тіркелген) сәйкес, Талап селосыхалқыныңпікірін ескере отырып, Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 12 қаңтардағы қорытындысы негізінде Талап селосының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | К.Бапанов |