"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйым болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | С. Нұрбек |