"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелері осы қаулының 1-23 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшаларында көрсетілген мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аумақтық әділет органдарында мемлекеттік мекемелердің ережелерін мемлекеттік қайта тіркеуден өткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы С. Түкібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің м.а. | Ә. Қанағатов |
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 1-қосымша |
"Жетісу облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Аппарат) Жетісу облысы әкімі қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру – құқықтық тұрғыдан сүйемелдеуді және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Аппараттың ведомстволары жоқ.
3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Назарбаев даңғылы, 38.
10. Осы ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Аппараттың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Аппараттың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) облыс әкімінің қызметін ақпараттық-талдау және құқықтық жағынан қамтамасыз ету;
2) облыс әкіміне қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қызмет көрсету;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, облыстың өкілетті және атқарушы органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен, заңды тұлғалармен және азаматтармен өзара байланысты қамтамасыз ету;
4) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы", "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын және жергілікті атқарушы органдарға жүктелген құзыреттер шегінде өзге де заңдарды іске асыруды қамтамасыз ету.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
барлық меншік нысанындағы мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан облыс әкімінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпарат, ауызша және жазбаша түсіндірмелер алу;
облыстың мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарына орындалуы міндетті тапсырмалар беру;
жергілікті мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалу жағдайына тексеру жүргізу;
облыс әкіміне жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;
мемлекеттік мекеменің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
басқармалардың, департаменттердің және басқа да облыстық қызметтердің алқа отырыстарына, комиссияларына, кеңестеріне қатысу;
басшылықтың тапсырмасы бойынша облыс әкімдігінің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуге мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін тарту;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және әкімдігінің актілерінде, сондай-ақ Жетісу облысы әкімінің тапсырмаларында көзделген өзге де функцияларды орындау;
анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюды талап етуге, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың тиісті лауазымды адамдарының ауызша және жазбаша түсініктемелерін тыңдау.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын органдардың лауазымды адамдарының қажетті құжаттарды, материалдарды, хабарламаларды, жазбаша түсініктемелерді ұсынуы жөніндегі Мемлекеттік мекеменің талабы, егер мемлекеттік мекеме оларды орындаудың өзге мерзімдерін белгілемесе, заңнамада белгіленген мерзімде орындалуға жатады.
15. Функциялары:
1) әкімшілік-ұйымдастырушылық және құқықтық:
Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, мемлекеттік бағдарламаларды, Жетісу облысы әкімдігі мен әкімі актілерін тиімді орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, олардың облыс аумағында орындалуын бақылау;
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының орындалуын қамтамасыз ету, сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктердің, қаладағы аудандар әкімдерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөніндегі жұмысын үйлестіру;
жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережені әзірлеу;
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астанадағы ауданның) әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасау, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықтың жергілікті өзін-өзі басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдесу;
жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыруға қатысу;
әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру және тарату, олардың шекараларын белгілеу және өзгерту, оларға атау беру және қайта атау туралы шешім қабылдау;
Жетісу облысының аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
облыс аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қатысу;
облыс аумағында құқықбұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
мемлекеттік органның қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
соттарда және мемлекеттік органдарда әкімнің, әкімдіктің және облыс әкімі аппаратының мүдделерін білдіру;
заңнаманы қолдану практикасын қорыту;
Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;
шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз ету;
тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы қатысатын даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдау және оларды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібімен наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгіну;
заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
барлық деңгейдегі атқарушы билік органдарымен өзара әрекеттесу, олардан облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын, облыстың әлеуметтік-экономикалық саясатын қалыптастыратын тұжырымдамалар мен болжамдарды дайындау үшін ақпарат алу;
облыс аумағында жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді және мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету;
құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заң сипатындағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді үйлестіру;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызмет саласын, өкілеттіктері мен жауапкершілігін айқындайтын ұсыныстар дайындау, олардың жұмыс стилі мен әдістерін жақсарту жөніндегі мәселелерді шешу;
әкім мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін уақытылы ресімдеу, сондай-ақ оларды жергілікті атқарушы органдарға, облыстың өзге де мемлекеттік органдарына, ұйымдарға, мекемелерге жеткізу;
облыс әкімі аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері, аудандар мен қалалар әкімдерінің іс жүргізуді жетілдіруді ұйымдастыру және бақылау жөніндегі жұмыстарын үйлестіру;
облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің Президенттің, Мемлекет хатшысының, Үкіметтің, Әкімшілік Басшысының және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын уақытылы орындауын бақылауды жүзеге асыру;
Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
келіп түскен қызметтік хат-хабарды қарау, ішкі бақылауды жүзеге асыру және бөлу, оны басшылыққа және құрылымдық бөлімшелерге жедел жеткізу, құжаттардың уақтылы өтуін бақылау;
хат-хабарды тіркеу және жіберу;
жоғары тұрған тапсырмалар мен қызметтік хат-хабарлармен жұмысты орындау кезінде іс жүргізу талаптарының сақталуын бақылау;
редакциялық сараптама, атап айтқанда, әкімдік қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері, аппарат басшысының бұйрықтары мен олар өткізетін отырыстар мен кеңестердің хаттамалары жобаларында, сондай-ақ басқа да құжаттардың мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдегі теңтүпнұсқалығы сәйкестігіне сараптама жүргізу;
"Е-лицензиялау" жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында тіркеу;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларын қарау, қабылдау, талдау және бөлу;
облыс әкімі мен оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты лауазымды тұлғаларының жеке және заңды тұлғаларды қабылдауын ұйымдастыру және жеке және заңды тұлғаларды, азаматтарды жеке мәселелері бойынша жеке қабылдау барысында берілген өтініштер мен тапсырмалардың қаралуын бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, оның ішінде аудандық деңгейдегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларын қарауға бақылауды жүзеге асыру;
аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар басшылығының жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін, петицияларын қабылдау және қарау жөніндегі жұмыстың мониторингі;
Қазақстан Республикасының шетелдегі және шетелдік мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы дипломаттық өкілдіктерімен ынтымақтастық;
кездесулер мен келіссөздер кезінде шетелдік делегацияларды қабылдауды ұйымдастыру және қызмет көрсету;
халықаралық деңгейдегі бизнес-форумдар мен семинарлар туралы облыстық басқармалар арқылы бизнес-құрылымдарды хабардар ету;
бауырластық байланыстар құру туралы ұсыныстарды талдау;
бауырластық қатынас құру және ынтымақтастық туралы меморандумдардың, ниет хаттамаларының жобаларын қарау және келісу;
протоколдық іс-шараларды (күтіп алу, шығарып салу және т.б.) жүргізуді ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсыну, "Алтын алқа" және "Күміс алқа", "Жетісу облысының құрметті азаматы" атағын беруге, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, Құттықтау папкасымен марапаттауға тиісті құжаттарды әзірлеу;
облыс әкімінің қатысуымен награда мәселесі бойынша шаралардың өткізілуін үйлестіру;
мемлекеттік наградалардың жергілікті жерлерде уақытылы тапсырылуын қадағалау және оларды есепке алу, тапсыру және сақтау жұмысын жүргізу;
2) ақпараттық-талдау:
әкімге және оның орынбасарларына облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын сипаттайтын материалдар дайындау;
әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
3) кадрлық:
облыста кадр саясатын іске асыру;
мемлекеттік қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру;
мемлекеттік қызметшілер кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу;
мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерді, оның ішінде шет- елдерде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
облыс әкімі тағайындайтын және босататын лауазымдар тізбесіне кіретін кадр құрамы бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау мәселелерінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сақталуы, мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын (қызмет тізімдерін) жүргізу;
персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметінің) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындау бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің (аппараттың) қызметін бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асыру;
мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оларды даярлауды, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
4) Ішкі аудит қызметі:
қаржылық есептілік аудитін жүргізуге қатысу;
мемлекеттік органда, ведомстволық бағынысты ұйымдарда олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша аудандар мен қалалар әкімдерінің, облыс басқармаларында тиімділік аудитін жүргізу;
мемлекеттік органның ішкі процестерінің (бизнес процестерінің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде мемлекеттік органда, жергілікті атқарушы органдарда (оның аумақтық бөлімшелерінде) және ведомстволық бағынысты ұйымдарда ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асыру;
"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін талдау және басқа да функцияларды жүзеге асыру;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі:
жергілікті атқарушы және атқарушы органдардың, ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру;
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
жергілікті атқарушы және атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу;
жергілікті атқарушы және атқарушы органдармен, ведомстволық бағынысты мекемелермен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есептер беру және талдау жүргізу үшін олардан ақпарат алу;
уәкілетті органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актіні жетілдіру жөнінде қажетті ақпарат, есептер, ұсыныстар беру;
6) гендерлік саясат:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес әйелдерге және отбасылық-демографиялық саясатқа қатысты кешенді өңірлік (облыстық) бағдарламаларды қалыптастыру.
3-тарау. Аппараттың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Аппаратты басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Аппараттың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Аппараттың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Аппараттың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) мынадай:
облыс әкімінің орынбасарлары арасында міндеттерді бөлу бойынша;
аппарат қызметкерлерінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының лауазымдық жалақыларына үстемеақылар мен қосымша ақылар бойынша;
аппарат жұмысын жоспарлау мәселелері бойынша;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді;
3) аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және жалпы басшылықты жүзеге асырады;
4) облыс әкімі тағайындайтын лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
5) облыс әкімінің Қазақстан Республикасының Парламентімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен, Қазақстан Республикасының министрліктерімен және ведомстволарымен, облыстың аудандары мен қалаларының әкімдерімен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларымен, орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерімен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке және заңды тұлғалармен байланыстарын қамтамасыз етеді;
6) облыс әкімі мен әкімдігінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
7) Аппараттың құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
8) Аппараттағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Аппараттың мүлкі мен қаражатына билік етеді;
10) шарттар мен келісімдер жасасады, сенімхаттар береді;
11) Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
12) облыс әкімі және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Аппараттың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Аппараттың мүлкі
20. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауландырылған мүлкі болуы мүмкін.
Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Аппаратқа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату
26. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Аппараттың қарамағындағы ұйым:
"Жетісу облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысы әкімінің іс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 2-қосымша |
"Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Жетісу облысы аумағында ауыл шаруашылығы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды енгізуге жәрдем ету;
2) ауыл шаруашылығы саласында индустриялық-инновациялық дамытуды қамтамасыз ету;
3) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;
4) тұқым, өсімдік, мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
жедел басқару құқығындағы мүлікті пайдалануды жүзеге асыру;
заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы шаралары бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы шараларын өткізу бойынша жұмыстарды сатып алу шартын жасау және оның орындалуын бақылау;
2) міндеттері:
қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылық саласында басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1)облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі стратегиялық бағытты әзірлеу;
2)облыстың ауылдық елді мекендері мен шағын қалаларында бюджеттік микрокредиттеуді іске асыру және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жобаларға кредит беру;
3)кооперация институтын дамытуға жәрдемдесу;
4)облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде жобалық басқаруды жүзеге асыру;
5)облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
6)"Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" және "Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні" іс-шараларын өткізу;
7)тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
8)тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
9)уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізу;
10)тұқым шаруашылығы субъектілеріне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізу;
11)рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
12)облыс бойынша тұқымдар теңгерімін жасау;
13)ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;
14)құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
15)бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;
16)сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
17)тиісті аумақта тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асыру;
18)байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
19)ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
20)тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:
субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру;
21)астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырыру;
22)астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
23)табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;
24)бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
25)астық қабылдау кәсіпорындарын мемлекеттік бақылау;
26)Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
27)астық қабылдау кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;
28)Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
29)әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
30)астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;
31)"Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп-жөнелтуге тыйым салу;
32)астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
33)астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
34)астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
35)астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
36)астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
37)астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
38)қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
39)өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
40)арнайы сақтау орындарын (қорымдарды) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстауды және қолдануды ұйымдастыру;
41)саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
42)мыналар:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;
43)карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;
44)өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
45)мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;
46)уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің ұсынуы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдау;
47)Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
48)Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
49)тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
50)басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялауды жүзеге асыру;
51)саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
52)өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды жүзеге асыру;
53)асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
54)жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлі есебінен өсіру үшін мал басын молықтыратын төл өсіруді ұйымдастыру;
55)мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуі үшін жағдай жасау бойынша іс-шаралар әзірлеу;
56)республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөлу;
57)бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;
58)асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;
59)жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;
60)мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
61)машина-технологиялық станциялар (сервис орталықтары) желiсiн дамыту және олардың қызметiнiң мониторингiн жүзеге асыру;
62)машина-трактор паркiн және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңартуды ұйымдастыру;
63)агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
64)ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақытылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
65)өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шараларды қабылдау;
66)ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыру;
67)коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқару, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
68)жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін әзiрлеу;
69)ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау;
70)мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының есебiн жүргiзедi, иесiз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсiмдердi жүргiзу;
71)бассейіндік кеңестердің жұмысына және бассейіндік келісімге қатысу;
72)агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
73)агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
74)шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
75)агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;
76)агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
77)кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту;
78)қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
79)ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;
80)агроөнеркәсіптік кешеннің және ауылдық аумақтардың жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға беру;
81)агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру;
82)агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізу;
83)агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;
84)агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру;
85)жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен Басқармаға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты болады;
2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
3) .Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
4). белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
5). белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
6). өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
7).Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
9).Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
10).Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды;
11).бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын үйлестіреді;
12).белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтер мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
13).Басқарманың қызметіндегі заңдылықтың, келісімшарт және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
14)..Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20..Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне берілген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау..Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23..Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) "Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Сарқанирригация" шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
2) "Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу ирригация" шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 3-қосымша |
"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Жетісу облысы аумағындағы мектеп жасына дейінгі, мектептен тыс тәрбие беру мен оқыту, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты қамқоршылық және қорғаншылық салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) азаматтардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етеді;
2) өңірлік, демографиялық және басқа ерекшеліктерді ескере отырып, мектеп жасына дейінгі, мектептен тыс тәрбие беру мен оқыту, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру мәселелері бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
3) облыста білім жүйесінің қызметін мемлекеттік қамтамасыз ету, қоғам талабының өзгерісіне сай жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес оның дамуын әлеуметтік қорғау;
4) балалар мен оқушы жастардың, білім саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Баланың құқықтары туралы конвенцияны, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңдарын және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді іске асыруды қамтамасыз ету;
6) аудандық (қалалық) білім бөлімдерімен бірлесе отырып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларды қамқорлық пен қорғаншылыққа алуды ұйымдастыру;
7) орта мектеп бітіруші түлектерін жұмысқа орналастыру және оларға кәсіптік-техникалық білім беру мәселелерін шешу жөніндегі аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жұмысын жетілдіру;
8) облыстың білім беру саласында кадр саясатын қалыптастыру: орта білімді реформалау және нарықтық қатынастар жағдайында кадрларды қайта даярлау және педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру;
9) облыстық білім беру органдарының қоғаммен, ақпарат құралдарымен, басқа да мемлекеттік және жергілікті басқару органдарымен бірлескен жұмысының аясын кеңейту.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, барлық тиісті мекемелер және ұйымдарымен бірлесіп, жастар мен жұмыстан босағандардың қажетіліктерін ескере отырып, өңірлік кәсіптік білім беру бағдарламасын әзірлейді және жүзеге асырады;
оқушыларды, тәрбиенушілерді және педагогикалық қызметкерлерді материалдық қамтамасыз етудің нормаларын, түрлерін және қосымша жеңілдіктер белгілеу жөнінде ұсыныс әзірлейді, сонымен қатар, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі әлеуметтік-кепілдеме нормативтерін өзгерту туралы ұсыныс береді және ол мәселені облыс әкімдігінде көтереді;
облыстық әкімдіктің қарауына білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын сақтау және дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді. Білім беру ұйымдарын салуға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге ұсыныстарды жоспарлап, орналастырады. Облыстық әкімдікке білім беру жүйесінің жаңа объектілерін салуды және жобалауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, барлық түрдегі білім мекемелерінде балаларды оқытуға қажетті әлеуметтік-кепілдеме нормативін жасайды және оны аудандық, қалалық білім бөлімдеріне жеткізеді. Жергілікті атқарушы органдарға білім беру бюджетінің жобасы бойынша ұсыныс енгізеді. Өңірлік білім жүйесінің қаржыландыруына талдау жасайды. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне, облыстық әкімдікке білім саласындағы мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру мәселесі жөнінде ұсыныс жасайды, сонымен қатар, облыс аумағында орналасқан республикалық бағыныстағы объектілердің қаржыландырылуын қадағалайды. Өңірлік білім жүйесінің экономикалық механизмін жетілдіреді;
облыста жаңа ақпарат жүйелерін әзірлейді және құрады;
білімді мемлекеттік басқару жүйесін дамытады және жетілдіреді. Диагностика, талдау және алдын-ала болжау негізіне сүйене отырып, құрылымды қалыптастыру жөнінде ұсыныс жасайды;
Басқарманың қармағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді және олардың Жарғылары мен Ережелерін бекітеді;
Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен атқарушы органдардан, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар, меншік нысанына қарамастан, қажетті құжаттар, ақпараттар, мәліметтер, анықтамалық және өзге материалдар сұрату және алу;
жедел басқару құқығындағы мүлікті пайдалануды жүзеге асыру;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте конференциялар, семинарлар, кеңестер мен кездесулер ұйымдастыру және өткізу;
ішкі пайдалану үшін пайдаланылатын ұсынылған құжаттардың көшірмелерін растау;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік құралдар шығару, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құзыреті шегінде лауазымды тұлғалармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
білім беру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардан, білім беру ұйымдарында, мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын әртүрлі ұйымдардың оқу курстарынан бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар), нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлауға жоспарланған мамандар саны туралы ақпаратты сұрату.
2) міндеттері:
облыс көлемінде оқыту, тәрбиелеу, оқушылар өмірі мен денсаулығын қорғау мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан эксперименттерді ғылыми-әдістемелік және психологиялық-медициналық-педагогикалық жағынан қамтамасыз етеді. Аудандық, қалалық білім бөлімдері мен облыстағы жалпы білім беретін мекемелерге көмек көрсететін психологиялық-медициналық-педагогикалық, әлеуметтік, заң және диагностикалық орталықтар құрады (уақытша, түпкілікті, бюджеттік, бюджеттен тыс). Облыста білім саласында жаңалық енгізуге, оқыту мен тәрбиелеу жөнінде жаңа технология ендіру үшін сынақ алаңдарын ұйымдастырады. Жаңалықтардың кешенді, сарапталуын ұйымдастырады, жаңа оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, педагогикалық және басқару жаңалықтарын сынақтан өткізеді. Оларды іске асыру жөнінде ұсыныс жасайды. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне және жаңа бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету туралы ұсыныс жасайды;
облыстағы білім мекемелерінің педагогикалық және басшылық мамандармен қамтамасыз етілуін зерттейді және олардың жаңа мамандар әзірлеуге сұранысын болжауды жүзеге асырады. Жоғары оқу орындары, колледждер, мамандар кәсіби біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын мекемелермен бірлесе облыстық педагогикалық білім беру қызметкерлерінің жүйесін құрады және жетілдіреді. Облыстық білім мекемелерінің басшылары мен педагог мамандарды аттестациядан өткізеді, білім беру органдары мен мекемелерінде аттестациялау ережесінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
өз құзыреті аясында білім мекемелерін оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне оларды басу, қайта басу жөнінде жоспар-ұсыныс әзірлейді. Мектепалды, бастауыш, жалпы орта және негізгі орта мектептерге жалпы білім беретін оқулықтарды тарататын аудандық және қалалық білім бөлімдерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету ісіне бақылау жасайды;
Басқарма алқасының, өңірлік комиссияның отырыстарында меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер басшыларының Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша есептерін тыңдау;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
Басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
Басқарманың мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта білдіру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктер шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және халықтың білімге деген сұранысын қанағаттандыруға жағдай тудыру жөнінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына көмек көрсетеді;
2) барлық оқушылардың жалпыға бірдей міндетті орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
3) облыстық, аудандар және қалалардағы білім ұйымдарының тиімді білім беру қызметін қамтамасыз ету, барлық үлгідегі ведомстволық оқу орындары үшін білім мазмұнының өңірлік құрамдас бөлігін жасайды;
4) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша аудандардың облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасында, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерін әкімшілендіру және қаржыландыру функцияларын орындайды;
7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;
8) балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
9) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;
10) облыс аумағында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта, сондай-ақ қосымша білім беруді ұйымдастырады және оған жауапты болады;
11) негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, облыстың жергілікті атқарушы органдарына білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің ұсынуы бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, мамандандырылған жалпы білім білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
13) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің ұсынысы бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін, сондай ата-ананың ақы төлеу мөлшерін облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;
14) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;
15) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар қызметкерлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;
16) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;
17) мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
18) білім алушылардың Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
19) облыстың білім беру саласындағы кадр саясатын іске асырады, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау үшін педагогтерді аттестаттауды, тестілеуді өткізеді және ұйымдастырады;
20) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
21) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру органдары оқу жылына болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;
22) орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарының жалпы білімі беретін пәндері бойынша облыстық мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ балалар мен педагогтар арасында олимпиадалар мен конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
23) облыстық деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
24) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
25) балалар мен жасөспірімдердің зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді үйлестіреді және қамтамасыз етеді;
26) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
27) жетім балалар мен ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін жетім балаларды, сондай-ақ ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
28) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
29) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кадрларға қажеттілік, оның ішінде ауылдық жерде білім беру қызметкерлеріне қажеттілік туралы өтінімді білім беру саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15 сәуірге дейін ұсынады;
30) облыс мәслихатына білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы жергілікті атқарушы орган арқылы ұсыныс енгізеді;
31) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
32) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;
33) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
34) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
35) облыс білім басқармасына ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестердің жұмысына жәрдем көрсетеді;
36) ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
37) ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын, сондай –ақ сынып-жинақтардың, олардағы топтардың санын келіседі;
38) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың білім басқармасына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
39) конкурстардың өткізілуін қамтамасыз етеді, конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлеуді ұйымдастырады;
40) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
41) облыстық әдістемелік кабинеттің (орталықтың) материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
42) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
43) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекітеді;
44) дуальді оқыту бойынша білікті білім беру қызметкерлері мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
45) конкурстардың өткізілуін қамтамасыз етеді, конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" грантын төлеуді ұйымдастырады;
46) облыстың білім беру ұйымдарында ерекше білім беруіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алу үшін арнайы жағдайлар жасайды;
47) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді және үйлестіреді;
48) облыстың коммуналдық қазыналық білім беру кәсіпорындары өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекітеді;
49) облыстың жергілікті атқарушы органына мемлекеттік қызметшілердің, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің штат санын бекіту туралы ұсыныстар енгізеді;
50) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі басшысының ұсынуы бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімінің құрылымын келіседі;
51) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша облыстың білім беруді басқару құрылымын бекітеді;
52) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімдерінің бірінші басшыларын және мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тартады;
53) ерекше көзге түскен білім беру қызметкерлерін көтермелейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, жергілікті атқарушы органның ерекшелік белгілерімен марапаттауға, құрметті атақтар беруге кандидатураларды ұсынады;
54) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
55) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелетін және оларға қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады;
56) білім беру ұйымдарында цифрлық технологиялар мен шешімдерді енгізу жұмыстарын үйлестіреді және мониторинг жүргізеді;
57) барлық ведомстволық бағынысты ұйымдармен және төмен тұрған органдармен (қалалық және аудандық білім бөлімдері) білім беру ұйымдарында цифрлық технологиялар мен шешімдерді енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді және мониторинг жүргізеді;
58) барлық ағымдағы жөндеу жұмыстарының уақытылы орындалуын және сапасын қадағалайды;
59) облыс көлемінде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады және үйлестіреді.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарма басшысы орынбасарларын облыс әкімінің келісімімен тағайындайды және жұмыстан босатады.
2) Басқармаға, оның құрылымдық бөлімшелері мен бағынысындағы мекемелерге басшылық етеді.
3) білім жүйесіндегі мекемелер мен барлық бөлімшелер үшін орындалуы міндетті болып саналатын, басқарманың құзырына жататын бұйрықтар, нұсқаулар шығарады, алқа шешімін бекітеді;
4) белгіленген тәртіпке сәйкес білім басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдердің жобаларын облыстық әкімдіктің қарауына ұсыныс енгізеді;
5) облыс әкімі бекіткен құрылым мен аппараттық штат кестесіне сәйкес оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, басқарманың жұмыс регламентін, сондай-ақ білім басқармасының аппаратын, облыстық білім беру қазыналық кәсіпорындарды ұстауға шығындар сметасын, облыстық білім мекемелері педагогикалық қызметкерлерінің жаңа оқу жылына арналған тарификациялық тізімін бекітеді;
6) мемлекеттік бос лауазымдарға орналасу үшін кадрларды іріктеу конкурсының өткізілуін қамтамасыз етуді, мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын, аттестациядан өтуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
7) лимиттен тыс жасалған келісімге жауапкершілікте болады;
8) басқармада жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1)"Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
2)"Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
3)"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
4)"Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
5)"Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
6)"Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
7)"Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8)"Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9)"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
10)"Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
11)"Жетісу облысының білім баскармасы" мемлекеттік мекемесінің "Әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12)"Жетісу дарыны" облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы;
13)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми тәжірибелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14)"Жетісу облысы білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық психологиялық қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Айналайын" арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық балаларды сауықтыру лагері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Д.Рақышев атындағы облыстық қазақ мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған сервис және технология колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
20)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған индустриялық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
21)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алакөл көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
22)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қапал кәсіптік-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
23)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Сарқан көпсалалы колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
24)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Тоқжайлау көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
25)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Бастөбе сервистік-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
26)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Текелі кәсіптік колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
27)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жаркент көпсалалы колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
28)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу құрылыс-техникалық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
29)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу агротехникалық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
30)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Көксу политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
31)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жаркент жоғары педагогикалық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
32)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған жоғары политехникалық колледжі" шаруашылық жургізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
33)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
34)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы саз колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
35)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Көксу ауылшаруашылық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
36)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Сарқан көпсалалы колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
37)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Талдықорған жоғары медициналық колледжі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
38)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Үштөбе қаласының гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
39)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласындағы №20 мамандандырылған лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
40)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласындағы Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
41)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған дарынды балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" мамандандырылған лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
42)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
43)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Талдықорған қаласының "№1 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
44)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Текелі қаласының "№2 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
45)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қаратал ауданының "№3 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
46)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Сарқан ауданының "№4 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
47)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Алакөл ауданының "№5 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
48)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ақсу ауданының "№6 психолого-педагогикалық коррекциялық кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
49)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Панфилов ауданының "№7 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
50)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ескелді ауданының "№8 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
51)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Кербұлақ ауданының "№9 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
52)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Көксу ауданының "№10 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
53)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласының №1 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
54)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Көксу ауданының №2 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
55)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жаркент қаласының №3 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
56)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Үшарал қаласының № 4 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
57)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласының облыстық №1 "балабақша-мектеп-интернат" арнайы кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
58)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласының облыстық №2 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
59)"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Сарқан қаласының облыстық №3 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
60)"Жетісу облысы білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "№4 арнайы мектеп- интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 4-қосымша |
"Жетісу облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағында ветеринария саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3.Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген
тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттері орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Жетісу облысының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп аларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
7) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластауының алдын алу және оны жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан, азаматтардан оған жүктелген тапсырмалар мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;
өзіне жүктелген міндеттер мен функциялардың шегінде шешімдер қабылдайды;
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне кіретін ветеринария саласындағы мәселелер бойынша олардың жұмысын үйлестіреді және өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді;
осы Ережемен және қолданыстағы заңнамамен көзделген функцияларды іске асыру үшін мүдделі органдармен келісім бойынша ведомствоаралық комиссиялар құрады;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз өкілеттіктерінің шегінде кеңестерді және басқа да іс-шараларды өткізеді;
2) міндеттері:
заңды және жеке тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнаманың шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсынады;
жоғарғы тұрған органдардың тапсырмаларын орындайды; басқарма құзыретіне кіретін Жетісу облысы әкімінің, әкімдігінің құқықтық және нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді;
Басқарма мүддесін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіреді;
Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес өзге құқықтарды және міндеттерді жүзеге асырады.
15. Функциялары:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
2) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) Жетісу облысы аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
4) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
5) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
6) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
7) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
8) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын енгізу;
9) мүдделі тұлғаларға жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
10) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
11) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
12) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
13) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
14) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру ("Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339-II Заңы, "Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ Заңына сәйкес);
15) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
16) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
17) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру;
18) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
19) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
22) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
23) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
24) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
25) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді), жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
26) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
27) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
28) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
29) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
30) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту;
31) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау;
32) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Републикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының, қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының директорлары мен директорлардың орынбасарларын тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
4) белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне, Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының директорлары мен директорлардың орынбасарларына ынталандыруды жүзеге асырады және тәртіптік жаза қолданады;
5) өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
8) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;
9) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
10) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
11) бюджеттік бағдарламаны бекітеді;
12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) "Жетісу облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ветеринариялық пункттері бар Ақсу ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
2) "Жетісу облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ветеринариялық пункттері бар Алакөл ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
3)"Жетісу облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің "Ветеринариялық пункттері бар Ескелді ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
4) "Жетісу облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің "Ветеринариялық пункттері бар Қаратал ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
5) "Жетісу облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің "Ветеринариялық пункттері бар Кербұлақ ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
6) "Жетісу облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің "Ветеринариялық пункттері бар Көксу ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
7) "Жетісу облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің "Ветеринариялық пункттері бар Панфилов ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
8) "Жетісу облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің "Ветеринариялық пункттері бар Сарқан ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
9) "Жетісу облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің Ветеринариялық пункттері бар Талдықорған қаласының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
10) "Жетісу облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Текелі қаласының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 5-қосымша |
"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағында дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, №222.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
3) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
спорттық шараларын өткізу бойынша жұмыстарды сатып алу шартын жасау және олардың заңнамада белгіленген тәртіппен орындалуын бақылау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
әртүрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін спортшыларды ұстау бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімдігіне ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және олардың Жарғыларын (ережелерін) бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым құрады;
2) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) республикалық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізеді;
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысады;
5) спорт түрлерi бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
6) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
7) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
8) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;
9) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
10) спортшыларға: "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
11) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
12) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
13) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
14) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
15) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
16) олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
17) олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
18) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
19) осы Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
20) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
21) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
22) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
23) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;
24) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;
25) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
26) спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның келісуімен бекітеді;
27) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
28) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
29) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
30) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Басқарма қызметкерлерін заңнамада беліленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қоладанады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;
6) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алакөл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандырыған мектеп интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ескелді ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қаратал ауданының балалар мен жсөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Кербұлақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Көксу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Панфилов ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Сарқан ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Спортты дамыту және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Талдықорған қаласы "Өркен" балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "№1 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласының Андрей Кивилев атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Үстел ойындары және спорттық туризмнен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Көгалдағы хоккейден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "№1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Регбиден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі;
22)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласының ұлттық және ат спорты түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Олимп" кәсіпқой регби клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
24)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Үшкемпіров атындағы Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған орталық бассейні" су спорты түрлері бойынша облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жастар" спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
28)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының волейбол бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Олимпиадалық емес спорт түрлерінен облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының бокс бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының дзюдо бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу" волейбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
33)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ұлттық спорт түрлерінен "Жетісу" спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
34)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Олимпиадалық спорт түрлерінен облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу" хоккей клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 6-қосымша |
"Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағында денсаулық сақтау жүйелері және облыс халқын медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Гаухар Ана көшесі, № 87.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және денсаулық сақтаудың өңірлік бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтарды медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;
4) медициналық қызметтер көрсету кезінде сапаның, стандарттар мен регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету;
5) денсаулық сақтау жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру;
6) тізбесі заңнамада айқындалған Жетісу облысының халқын медициналық қызметтермен қамтамасыз ету.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
жедел басқару құқығындағы мүлікті пайдалануды жүзеге асыру;
басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және олардың Жарғыларын (ережелерін) бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1)денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2)денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметтер (көмек) көрсету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді және бақылауды жүзеге асырады;
3)мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4)ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен мамандарының кәсіби құзыреттілегіне аттестаттау жүргізуді ұйымдастырады;
5)медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
6)мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жабдықтауды қамтамасыз етеді, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізу қызметтерін сатып алуды ұйымдастырады;
7)денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту, оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік дәріханалар желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру жөнінде шаралар қабылдайды;
8)денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
9)халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және қоршаған адамдарға қауіп төндіретін аурулардың алдын алуды және емдеуді ұйымдастырады;
10)Жетісу облысының халқын және қандастарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекпен және уақытша бейімдеу және детоксикация бойынша медициналық қызметтерді қоса алғанда, дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;
11)төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
12)тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтерді жеткізушіні таңдауды және оның шығындарын өтеуді жүзеге асырады;
13)Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунды-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сатып алуды жүзеге асырады:
амбулаториялық деңгейде - уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес;
стационарлық деңгейде - дәрілік формулярлар шегінде;
14)медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, олардың біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді;
15)статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық бақылауларды жүзеге асырады;
16)Жетісу облысының денсаулық сақтау ұйымдарында мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
17)персоналды басқарудың біртұтас жүйесін қалыптастыру мақсатында өз құзыреті шегінде Басқармада Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын іске асырады;
18)бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен байланыс орнатады және дамытады;
19)өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
20)өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау, мемлекеттік құпиялар, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
21)жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің тұрақтылығын және бюджет қаражатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі үшін пайдалануды қамтамасыз етеді;
22)медициналық қызметтердің сапасын жоғарылату бойынша шаралар қабылдайды;
23)қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
24)халыққа профилактикалық екпелер жүргізуді ұйымдастырады;
25)Басқармаға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;
26)Басқармаға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
27)биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды және жұмысты ұйымдастырады;
28)жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес құрылатын жедел штабтар шеңберінде биологиялық қатерлерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
29)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
30)денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Басқарма қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;
6) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
2)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алакөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
3)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ескелді аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
4)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қаратал аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
5)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
6)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көксу аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
7)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
8)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сарқан аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
9)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Текелі қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
10)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
11)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
12)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық перинаталдық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
13)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық кардиологиялық орталығы" мемлекеттік коммуналдық;
14)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық көпсалалы клиника" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
15)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жетісу облысының фтизиопульманология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
16)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
17)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Талдықорған тері-венерологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
18)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық қан орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
19)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Талдықорған қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
20)шаруашылық жүргізу құқығындағы "№2 Талдықорған қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
21) "Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
22)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
23)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
24)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Күншуақ" облыстық балаларды оңалу орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
25)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
26)"Облыстық мамандандырылған балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27)"Арнайы медициналық жабдықтау базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28)"Облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 7-қосымша |
"Жетісу облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағындағы діни қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, "Қаратал" ш/а, 36Б.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) діни қызмет саласындағы функцияларды іске асыру;
2) жергілікті деңгейде түсіндірме жұмыстарын жүргізу, діни бірлестіктердің және миссионерлердің қызметін зерделеу болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекітілген тәртіппен:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
діни бірлестіктерді құру және олардың қызметі, сондай-ақ, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге;
өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы;
2) міндеттері:
заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолданған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
15. Функциялары:
1) Жетісу облысындағы діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;
2) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;
3) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;
4) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
5) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
6) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
7) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын келіседі, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды;
9) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органмен ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлеріне (ғимараттарына) қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдерді келіседі;
10) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;
11) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;
12) қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылды жүзеге асырады, тиiстi аумақтарда құрылған діни бірлестіктердің және миссионерлердің қызметiн зерделеудi жүзеге асырады, олар туралы деректер қорын жасайды, өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша өңiрлiк деңгейде ақпараттық-насихат iс-шараларын жүзеге асырады, өңiрдегi дiни ахуалға зерделеу мен талдау жүргізедi;
13) өз құзыреттері шегінде терроризм мен діни экстремизм профилактикасын жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушыларға "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
15) Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін бiлдiредi;
3) өз құзыретіне жататын еңбек қатынастары мәселелерін реттейді Басқарма қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
5) Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
6) бұйрықтарға қол қояды;
7) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
8) шарттар жасасады;
9) сенімхаттар береді;
10) өз өкілеттіктерін ұйымдастыру және ішкі тәртіп мәселелері бойынша регламент қабылдайды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
12) Басқарма жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
13) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
14) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
15) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
16) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
18) сотта Басқарманың мүддесін білдіреді, Басқарма атынан талапкер, жауапкер ретінде әрекет етеді;
19) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқармасының мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады..
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма қарамағындағы ұйым:
"Жетісу облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 8-қосымша |
"Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Жетісу облысы аумағындағы жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын қалпына келтiрiп отыруды, жер учаскелерін табыстау және нысаналы мақсатын өзгертудің ашықтығын, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасауды, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайтуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
2) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүдделері үшін жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша облыс әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізу;
Басқарманың алдына қойылған міндеттерді атқаруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіпте ақпаратты сұрату және алу;
жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
Басқарманың мүддесін мемлекеттік және сот органдарында білдіру;
өз құзыреті шегінде келісімшарттар, келісімдер жасау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн салу (реконструкциялау) үшін, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
3) облыстың жергiлiктi атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерiн беру және алып қою жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
5) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
7) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
8) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
10) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
12) Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
13) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
14) жер-кадастрлық жоспарды бекіту.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты болады;
2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
3) .Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
4). белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
5). белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
6). өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
7).Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
9).Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
10).Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды;
11).бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын үйлестіреді;
12).белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтер мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
13).Басқарманың қызметіндегі заңдылықтың, келісімшарт және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
14)..Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20..Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне берілген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау..Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23..Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 9-қосымша |
"Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Жетісу облысы аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамаларында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
2) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғау;
3) халықаралық автомобильмен тасымалдау нарығында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi үшiн жағдайлар жасау;
4) автомобильмен тасымалдаудың iшкi нарығын қорғау;
5) автомобиль көлiгiнiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту;
6) автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде облыс әкімінің коммуналдық меншігіндегі және өткізіп берген мүлікті иелену, пайдаланумен билік жүргізу;
жол полициясы органдарымен және төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп: қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей апаттары, өрт, автомобиль жолдарының көтеру қабiлетiнiң жойылуы) көлiк құралдарының жүрiсiн шектеуге немесе тоқтату;
өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, мәміле жасау, Қазақстан Республикасының барлық соттарына басқарма атынан қатысу;
облыс шегінде автожол және көлік кешендерінде бақылау, үйлестіру және басқа да заңнамада ескерілген арнайы сондай-ақ рұқсат ету функцияларын жүзеге асыру;
автожол және көлік кешендеріне қатысты облыс әкімдігі актілерінің орындалуына бақылау жасау;
автожол және көлік кешендерін дамытуды жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар мен шешімдерді әзірлеуге қатысу;
әлеуметтік даму бағдарламаларының жүзеге асырылуына кедергі жасайтын, бұрын қабылданған актілерді өзгерту және күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізу.
2) міндеттері:
өз құзыреті шегінде кеңестер шақыру, орындалуы міндетті актілер шығару, автомобиль жолдары және көлік кешендерінде Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заң актілерінің, нормативтік-құқықтық актілерінің, облыс әкімдігінің актілерінің орындалуын тексеру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығындарын кейіннен өтей отырып, тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тарту;
мемлекеттік органдардан, мекемелерден, және солардың лауазымды тұлғаларынан заңдарда көрсетілген тәртіпте қажетті мәліметтер мен материалдарды сұрату және алу;
облыс шегіндегі автомобиль жолдары және көлік кешендері объектілеріне кіре алады;
облыстың және оның әрбір өңіріндегі басқа атқарушы билік органдарының мамандарын жұмысқа тартуға;
Қазақстан Республикасының қаулыларында және нормативтік актілерде жарлықтарда, заңнамаларда көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.
15. Функциялары:
1) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін басқару;
3) облыстың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
4) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
6) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту;
7) жол жолағында инфрақұрылым объектілерін, жол бойындағы қызметті, сыртқы жарнамалардың автожол пайдаланушыларымен орналастыруы мен пайдалануын келісу;
8) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту;
9) елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту;
10) кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жалғасатын жолдарды салуды келісу;
11) облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтiп-ұстауды қамтамасыз ету;
12) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және ондағы қондырғыларды күтіп-ұстау, жөндеу және салу жұмыстарын жүргізуге (соның ішінде, мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қою және сатып алу) бөлінген қаржының тиімді және мақсатқа сай пайдалануын қамтамасыз ету;
13) жергілікті мәні бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және ондағы қондырғыларды салу жұмыстарын (соның ішінде, мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қою және сатып алу) жүргізу үшін дамытуға арналған нысаналы трансферттер бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаржының тиімді және мақсатқа сай пайдалануын қамтамасыз ету;
14) автомобиль жолдарының көлік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігін талаптарын сақтау және қоршаған ортаны сақтау мақсатында жол бойындағы қызмет көрсету объектілері мен жол бойы телімдеріне жоспарлас аумақтардың техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру;
15) жол қозғалысына қатысушылармен облыстың жергілікті мәні бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау;
16) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;
17) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;
18) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келісу;
19) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзу;
20) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
21) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;
22) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық) қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
23) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;
24) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;
25) азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде қарау;
26) автомобиль жолдарын және жолаушылар көлiгiн кешенді дамыту бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламасын, мақсатты бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығындарын кейіннен өтей отырып, тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тарту;
28) тиiстi аумақта жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
29) жолдарда жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асыру;
30) жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялылық деңгейін азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;
31) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
32) шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру;
33) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
2) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
3) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
4) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
6) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 10-қосымша |
"Жетісу облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Жетісу облысы аумағында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс, азаматтарды әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру салаларында Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыра к-сі, № 22А.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың міндеттері мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс, азаматтарды әскери қызметке шақыру, мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
заңнамада белгіленген тәртіппен өз қызметінде қажетті ақпаратты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс, мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру, әскери бөлімдермен өзара іс-қимыл жасау, өз құзыреті шегінде азаматтарды әскери қызметке шақыру саласындағы жұмыстарды орындау.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) облыс аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, аумақтық және азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру.
2) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;
4) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақытылы құлақтандыруды және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өздерінің басқаруындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншігін қорғаныс мұқтаждарына беру;
5) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде арнаулы құралымдарды құрады және олардың қызметін қамтамасыз ету;
6) облыстың жұмылдыру жоспарын жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен әзірлеуді, келісуді, облыс әкімдігіне бекітуге енгізуді, сондай-ақ облыс шегінде жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру;
7) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;
8) облыстың аудандары мен қалалары әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін қарастыру;
10) облыс шегінде жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарлар өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасуды ұйымдастыру;
11) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
12) жұмылдыру жариялау кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
13) облыстық әскери басқару органын шақыру (жинау) пунктімен қамтамасыз ету, дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен жабдықтау;
14) әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, олардың әскери қызметке, әскери жиындарға шақырылуын және жұмылдыру бойынша шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз ету;
15) қорғаныс мақсатында көлік және басқа да техникалық құралдардың есебін және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
16) халықты және аумақты қорғанысқа дайындауға қатысу, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен олардың тапсырыстары бойынша Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың материалдық, энергетикалық және өзге де ресурстар мен қызметтерге қажеттілігін қамтамасыз етуді үйлестіру;
17) жергілікті жұмылдыру тапсырыстары (тапсырмалары) бар әкімшілік – аумақтық бірліктер мен жекелеген ұйымдар ауқымында жұмылдыру даярлығы бойынша жиындар, оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу;
18) төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
19) аварияларды, төтенше жағдайларды тергеуге қатысу;
20) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету;
21) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстап тұру жөнінде қажетті шаралар қолдану;
22) құлақтандыру мен хабар берудің техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыру;
23) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;
24) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын келісу;
25) Мемлекеттік шекараны қорғауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарға көмек көрсету, олардың ұсынымдарын және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ден қою актілерін қарау және орындау;
26) Мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы заңнама талаптарын органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және азаматтардың орындауына үйлестіру функцияларын (өз аумақтарында) жүктей отырып, шекаралық мәселелер бойынша, оның ішінде шекара маңы аудандары (қалалары) әкімдіктерінің жанынан құрылатын үйлестіру кеңестерінің қызметін ұйымдастыру;
27) азаматтардың Мемлекеттік шекараны қорғауға ерікті негізде қатысуы үшін жағдайлар жасау;
28) бекітілген бюджеттік мақсаттарға сәйкес жергілікті бюджеттің жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс бойынша атқарылуын қамтамасыз ету;
29) құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу;
30) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) өз өкілеттіктерін іске асыру процесінде облыс әкіміне және облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына есеп береді;
2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерін қарайды;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
5) Басқарма қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза тартады және оларға көтермелеу шараларын қолданады;
6) бұйрықтарға қол қояды;
7) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
8) шарттар жасасады;
9) сенімхат береді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
11) облыс әкімінің және әкімдігінің тапсырмалары мен актілерін орындайды;
12) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
13) құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
14) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
15) гендерлік теңдік саясатын іске асырады;
16) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
17) мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңінде шақыру комиссиясының отырыстарына қатысады;
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйым:
"Жетісу облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 11-қосымша |
"Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) өз құзыреті шегінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, көші-қон, әлеуметтік әріптестік, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және босқындар мәселелері бойынша;
2) жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, көші-қон, әлеуметтік әріптестік саласында салааралық үйлестіруді және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
3) өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға және ведомстволық бағыныстағы мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
4) аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру, мүгедектігі бар адамдарды және басқа санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
6) "Күшті өңірлер – ел дамуының драйвері" Ұлттық жобасын, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны, Жетісу облысын дамыту жоспарларын басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іске асыруға қатысу;
7) Ұлттық жобалар бөлінісінде 2021-2025 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың өңірлік картасын қалыптастыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен атқарушы органдардан, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар, меншік нысанына қарамастан, қажетті құжаттар, ақпараттар, мәліметтер, анықтамалық және өзге материалдар сұрату және алу;
жедел басқару құқығындағы мүлікті пайдалануды жүзеге асыру;
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және олардың Жарғыларын (ережелерін) бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте конференциялар, семинарлар, кеңестер мен кездесулер ұйымдастыру және өткізу;
ішкі пайдалану үшін пайдаланылатын ұсынылған құжаттардың көшірмелерін растау;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік құралдар шығару, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құзыреті шегінде лауазымды тұлғалармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
білім беру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардан, білім беру ұйымдарында, мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын әртүрлі ұйымдардың оқу курстарынан бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар), нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлауға жоспарланған мамандар саны туралы ақпаратты сұрату.
2) міндеттері:
Басқарма алқасының, өңірлік комиссияның отырыстарында меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер басшыларының Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша есептерін тыңдау;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
Басқарманың мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта білдіру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктер шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) жұмыспен қамту, азаматтардың мұқтаж санаттарын әлеуметтік қолдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
2) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын үйлестіру;
3) әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін облыстық үшжақты келісімнің жобаларын әзірлеу, ұсыныстар енгізу және әлеуметтік әріптестік тараптарымен келісу;
4) қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен, халықты жұмыспен қамту орталықтарымен және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарымен әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асыру;
5) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау, аймақтың еңбек нарығының жағдайы туралы ақпарат беру;
6) даму бағдарламаларының әлеуметтік саласы бойынша тиісті бөлімдерді әзірлеуге қатысу, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, мұқтаж азаматтардың санаттарын көрсету және әлеуметтік қолдау бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;
7) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
8) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган бөлген квота шегінде немесе квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру аясында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және қайтарып алу;
9) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдік жұмыскерге немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту;
10) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
11) этникалық қазақтардан қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға қажетті құжаттарымен қоса, тікелей және Мемлекеттік корпорация арқылы өтініштерді қабылдау;
12) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдау және шығару;
13) қандас куәлігін беру;
14) қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құру және олардың қызметін ұйымдастыру;
15) отбасын біріктіру мақсатында шетелде тұратын этникалық қазақтар қатарындағы туыстарын Қазақстан Республикасына көшіру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының шақыруларын қабылдау, қарау және куәландыру;
16) босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау;
17) пана іздеген адамның куәлігін беру;
18) босқын куәлігін беру;
19) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату туралы шешім қабылдау;
20) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру;
21) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімдерін қалыптастырады және ай сайын уәкілетті органға, ұлттық қауіпсіздік органдарына және ішкі істер органдарына жіберу;
22) мүдделі органдармен бірлесіп кадрларды даярлау және оларды жұмысқа орналастыру қажеттілігін анықтау;
23) жұмыспен қамту, аутсорсинг бөлігінде еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимылды үйлестіру;
24) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу;
25) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның қызметін ұйымдастыру;
26) қылмыстық жазасын өтеген және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелер мен органдардың, сондай-ақ әлеуметтік және өзге де көмекті көрсететін ұйымдардың қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырыстарын өткізуге жәрдемдесу;
27) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелімен ұйымдардың мониторингін жүзеге асыруды үйлестіреді, меморандумдар мен Жол карталарын жасауға ықпал ету;
28) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өздерінің қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз ету;
29) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуын қамтамасыз ету;
30) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
31) арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын кадрлық қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби даярлығын, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
32) бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметін үйлестіру, мониторинг жүргізуді, материалдық-техникалық жай-күйіне ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету және әдістемелік көмек көрсету;
33) мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру, арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау қызметтеріне тапсырыс беру;
34) мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторлық-курорттық емдеуге жолдамаларды сатып алу мен оларды аудандық (қалалық) бөлімдерге бөлуді қамтамасыз ету;
35) аудандық (қалалық) бөлімдер мен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына инватакси сатып алу мен бөлуді қамтамасыз ету;
36) аудандық (қалалық) бөлімдерге техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен (немесе) арнайы жүріп-тұру құралдарын, протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдо, тифло-техникалық, протездік-ортопедиялық құралдарды мүгедектігі бар адамдарға сатып алу мен бөлуді қамтамасыз ету;
37) соғысқа қатысушыларды, соғыс мүгедектігі бар адамдарға және оларға теңестірілген тұлғаларды, жалғызбасты қарт азаматтарды, мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балаларды, Семей ядролық сынақ полигонында ұзақ уақыт бойы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды және басқа да әлеуметтік осал топтарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын үйлестіру;
38) мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілінің мамандары, сурдоаудармашылар, жеке көмекшілер қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету;
39) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қорғауды іске асыруды үйлестіру және мониторинг жүргізу;
40) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік статистикалық есептілік пен мониторинг жүргізу;
41) облыстық бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру, Басқарманың бюджеттік бағдарламалар паспорттарын заңнамада белгіленген тәртіппен әзірлеуді қамтамасыз ету;
42) Басқарма бойынша сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің номенклатурасы мен көлемін қалыптастыруды, мемлекеттік сатып алуларды жоспарлауды, ұйымдастыру мен өткізуді заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету;
43) лимиттердің жұмсалуын, әкімшілік бағдарламалар шығыстарының сметаларының орындалуын, бюджеттік сыныптамалар мен бағынысты мекемелердегі есептік деректердің сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
44) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға жәрдемдесу: "Әлеуметтік көмек", "Шетелдік жұмыс күші", "Оралман", "Еңбек нарығы", "Әлеуметтік қызметтер порталы" автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін жүргізу;
45) уәкілетті және тиісті органдарға әлеуметтік қорғауға мұқтаж аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, соғысқа қатысушылар, соғыс мүгедектігі бар адамдарға және оларға теңестірілген тұлғалар, жалғызбасты қарт азаматтар, мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар, Семей ядролық сынақ полигонында ұзақ уақыт бойы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар және басқа да әлеуметтік осал топтар, халықты жұмыспен қамту, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қандастар мен босқын мәртебесін беру мен ұзарту, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсету, белсенді жұмыспен қамту шараларын қамту, жұмыс орындарын құру, кадрлық мәселелер бойынша есептерді, ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну;
46) Басқарма арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына қатысты: жеке қаржыландыру жоспарын бекіту; мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асыру; басқару органдарының құрылымын, қалыптасу тәртібі мен өкілеттік мерзімдерін айқындау; басшының құқықтары мен міндеттерін белгілеу; штаттық санды бекіту; басшының орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсынысты қарастыру; жылдық қаржылық есептілікті бекіту; арнайы әлеуметтік қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуін бақылауды жүзеге асыру; оның барлық бағыттары бойынша қызметін мониторингтеуді жүзеге асыру; азаматтардың, ұжымның, мемлекеттік органдардың шағымдары мен өтініштері бойынша қызметтік тексеру жүргізуді ұйымдастыру және өткізу; басшыны аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
47) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма басшысының орынбасарлары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Басқарма қызметкерлерін заңнамада беліленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;
6) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1)"Шуақ" Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2)"Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3)"Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4)"Үміт" мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5)"Мейірім" Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6)"Сенім" Сарқан арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7)"Нұр" Сарқан арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8)"Қамқор" арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9)"Бәйтерек" арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10)"Шапағат" Текелі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11)"Еңбек ресурстары және белсенді қартаю орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12)"Аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13)"Жансая" реабилитациялық бөлімшесі бар күндізгі болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14)"Мерей" балаларды оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15)"Жетісу облысының еңбек мобильділігі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 12-қосымша |
"Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысының аумағында кәсіпкерлік, сауда, индустриялық-инновациялық даму, жер қойнауын пайдалану және туристік қызмет салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, №26.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік саясатын іске асыру;
2) Жетісу облысының инвестициялық ахуалын жақсарту үшін жағдайлар жасау;
3) заңнамаға сәйкес жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу;
4) мемлекеттік сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;
5) жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданылуын тоқтатуды қамтамасыз ету;
6) туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
7) туристік қызметтердің сапасын арттыруды қамтамасыз ету.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
облыс бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуін үйлестіруді қамтамасыз ету;
қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасына сәйкес өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
2) міндеттері:
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сонымен қатар Жетісу облысы әкімдігінің және мәслихатының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы заңнамасын, жеке және занды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделерін және құкықтарын сақтау;
өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік-кұқықтық актілерді қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде туризм саласында басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру;
2) облыс экономикасын дамыту және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға инвестицияларды ынталандыру үшін инвестицияларды қолдау, қолайлы инвестициялық ахуал жасау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) өңірде шағын және орта бизнес үшін инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ индустриялық аймақтар мен өнеркәсіптік алаңдарды құруды және дамытуды қамтамасыз ету;
4) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру;
5) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларын іске асыру;
7) облыстың сыртқы сауда қызметі мәселелерін реттеуді қамтамасыз ету;
8) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары белгіленген жағдайда, олардың мөлшерінің сақталуына мониторинг жүргізу;
9) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту;
10) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту;
11) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
12) стандарт талаптарына сәйкес келтіру бойынша жол бойындағы сервис объектілерін мониторингілеу;
13) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің қызметін және өңірлік үйлестіру кеңесінің отырыстарын ұйымдастыру;
14) өңірдің кәсіпкерлікті қолдау картасы жобаларының іске асырылуын мониторингілеу;
15) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
16) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану және кен іздеушілік құқығын беру;
17) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуді мемлекеттік бақылау;
18) жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілік лицензиясында және Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінде көзделген кен іздеушілік шарттарын сақтауын бақылау;
19) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілген лицензиялар және кен іздеушілікке берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
20) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің және Жетісу облысында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру;
21) облыс аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру, облыстың тауар өндірушілері имиджін ілгерілету;
22) облыстың көмір қорлары, баға мен көмір базаларының мониторингі;
23) облыс бойынша индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың іске асырылуын үйлестіруді қамтамасыз ету;
24) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар іс-шараларын орындау бойынша облыстық сауда және тамақтану қызметінің жұмысын ұйымдастыру;
25) Жетісу облысы аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіру;
26) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және Жетісу облысы аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс ету;
27) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
28) Жетісу облысы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;
29) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсету;
30) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
31) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
32) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілеріне мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;
33) туристік ақпарат орталығын құру;
34) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
35) гидті кәсіптік даярлауды ұйымдастыру;
36) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі
іс-шаралар жоспарын бекіту;
37) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
38) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдау;
39) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасау;
40) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландыру;
41) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;
42) уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекіту;
43) елді мекендерден тыс жердегі туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
44) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу;
45) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау;
46) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу;
47) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру;
48) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізу;
49) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы жөніндегі шарт жасасу;
50) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы жөніндегі шарт жасасу;
51) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) өз құзыреті шегінде Басқарма орынбасарлары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, басқарма қарамағындағы ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін, басқарма қарамағындағы ұйым басшыларын көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және құрылымдық бөлімшелердің Ережелерін бекітеді;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;
6) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" өңірлік даму институты" акционерлік қоғамы;
2) "Zhetysu Investt" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3) "Қорғас-Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясы акционерлік қоғамы;
4) "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлік қоғамы;
5) "Жетісу" туристік ақпараттық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 13-қосымша |
"Жетісу облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1."Жетісу облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Жетісу облысының аумағында бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу және облыстық коммуналдық меншікті басқару салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2.Басқарманың ведомстволары жоқ.
3.Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4.Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5.Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6.Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7.Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8.Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 38.
10.Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11.Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12.Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13.Мақсаттары:
1)бюджеттің атқарылуына мониторингті жүзеге асыру;
2)жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепке алуды және бюджеттік есептілікті жүргізу;
3)облыстық коммуналдық меншікті тиімді басқару.
14.Өкілеттіктері:
1)құқықтары:
заңнамада белгіленген нысандар бойынша және мерзімдерде салық және өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан, сондай-ақ басқа да аумақтық органдардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің сомалары туралы ақпаратты, бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру үшін қажетті статистикалық және өзге де материалдарды, сондай-ақ жүктелген функцияларды орындау үшін басқа да мәліметтерді сұрату және алу;
өзіне жүктелген міндеттер мен функциялар шегінде шешімдер қабылдайды;
мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз өкілеттіктері шегінде кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізеді;
мүдделі органдармен келісім бойынша осы Ережеде және қолданыстағы заңнамада көзделген функцияларды іске асыру үшін ведомствоаралық комиссиялар құрады;
барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында басқарманың мүдделерін білдіреді;
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
2)міндеттері:
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының бюджетті атқару және облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмысын үйлестіреді және өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
заңды және жеке тұлғалар ресми сұрау салған жағдайда заңнама шеңберінде өз құзыреті шегінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсынады;
жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындайды;
Басқарманың құзыретіне кіретін облыс әкімінің, әкімдігінің құқықтық актілерінің және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді;
15.Функциялары:
1)бюджет ақшасын басқаруды жүзеге асырады;
2)облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады және іс-шаралар кешенін орындайды, бюджеттің атқарылуы бойынша облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
3)міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, облыстық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді, ол үшін барлық мемлекеттік мекемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарларының міндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық жеке қаржыландыру жоспарларының жалпы сомасының ҚР ББС-ның әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкестігіне тексеру жүргізеді, ай бойынша ұсынады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз және магниттік (электрондық) тасығышта ұсынады;
4)салық, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан және облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен алынған өтінімдер негізінде түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5)міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, қадағалау және талдау негізінде бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
6)аудандардың, қалалардың және облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттің атқарылуына мониторинг жүргізеді, апта сайын облыс әкіміне облыс бюджетінің атқарылуы жөніндегі материалдарды жібереді;
7)бюджеттік мониторингтің нәтижелері бойынша тоқсан сайын және жылдың қорытындысы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есеп жібереді;
8)бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер туралы ескерту-ақпарат жібереді;
9)бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға облыс бойынша кірістер түсімдерінің нақтыланған жиынтық жоспарын ұсынады;
10)облыс әкімдігі резервінің қаражатын пайдалануға қызмет көрсетуді, есепке алуды және талдауды жүзеге асырады;
11)өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларының бюджет қаражатының қалдықтары туралы ақпарат береді;
12)уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастыру жөніндегі рәсімдерді жүзеге асырады;
13)тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысына мониторинг жүргізеді, уақытша бос бюджет ақшасының сомасын айқындайды;
14)қарамағында қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден мемлекеттік мекемелер алатын ақша қаражатының түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарларын Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесі сыныптауышының сәйкестігіне қабылдайды, тексереді және келіседі, сондай-ақ жоспарларға өзгерістер енгізу жөнінде анықтамалар жасайды;
15)мәслихат сессиясында одан әрі қарау және бекіту үшін облыс әкімдігіне облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсынады;
16)бюджеттік кредитке қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
17)бюджетке түсетін түсімдердің және басқа да міндетті төлемдердің артық төленген, қате немесе дұрыс түспеген сомаларын қайтаруды жүзеге асырады немесе оларды бюджетке берешектерді өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізеді;
18)облыс бойынша шоғырландырылған және бюджеттік есептілікті қалыптастырады және орталық уәкілетті органға уақтылы ұсынады;
19)облыс бюджетінің атқарылуы туралы ай сайынғы, жылдық есепті қалыптастырады және орталық уәкілетті органға ұсынады;
20)қазынашылық органдарында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын тіркеуді, сондай-ақ деректерді мемлекеттік тізілімге енгізуді жүзеге асырады;
21)жергілікті атқарушы органның мемлекеттік бағалы қағаздарын шығару және орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді;
22) облыстық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
23)облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
24)мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің Байқау кеңесінің құрамына кіреді;
25) облыстың коммуналдық мүлкін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкі деңгейіне беру жөніндегі жұмысты жүргізеді;
26) мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беруді ұйымдастырады;
27) жеке тұлғалардан және мемлекеттік емес заңды тұлғалардан сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу рәсімдерін жүргізеді;
28) мемлекеттік мекемелердің негізгі құралдарын есептен шығаруға келісім береді;
29) мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
30) акциялар пакеттеріне мемлекеттің қатысуымен облыстық коммуналдық кәсіпорындарды дамыту жоспарының есептерін ұсыну және олардың орындалуы бойынша мүліктік есептерді тапсыруға бақылауды жүзеге асырады;
31) облыстық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
32) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
33) облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға береді, сенімгерлік басқару шарттарын дайындауды және жасасуды жүзеге асырады, сенімгерлік басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
34) облыстық коммуналдық мүлікті жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз және кейіннен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға) береді, мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарын дайындауды және жасасуды жүзеге асырады, мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
35) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізеді;
36) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге мүліктік салым ретінде берілетін мемлекеттік мүлікті бағалауды ұйымдастырады;
37) облыстық коммуналдық мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға уақытша өтеусіз пайдалануға беру жөнінде шарттар жасасады.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1).өз орынбасарының және Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3) белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
4).белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
7).мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
8) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалуы барысын бақылайды;
9).Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
10) бюджеттік бағдарламаны бекітеді;
11).өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23..Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 14-қосымша |
"Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау..Жалпы ережелер
1.."Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Жетісу облысы аумағында ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2..Басқарманың ведомстволары жоқ.
3..Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4..Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5..Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6..Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7..Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8..Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9..Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Ж. Балапанов көшесі, 28-үй. .
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11..Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12..Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау..Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, жастардың толыққанды тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға, шешімдер қабылдау процесіне қатысуға, табысты әлеуметтенуге және оның әлеуетін өңірдің одан әрі дамуына бағыттауға, Жетісу облысының ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру.
2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
3) өңірде Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіруді қамтамасыз ету;
4) қоғамдық даму саласындағы өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
5) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және тиімді іске асыру;
6) өңірдегі қоғамдық даму процестерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен талдауды қамтамасыз ету;
7) қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латынграфикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту;
8) азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, Басқарманың құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар дайындау үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
облыс әкіміне жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Басқарманың қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;
ведомстволық бағынысты мекемелерді құру, олардың құқықтық мирасқоры ретінде болуы және олардың қызметін үйлестіру;
осы қызметке бұқаралық ақпарат құралдары, заңды тұлғалар, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуын ынталандыруға;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының дұрыс қолданылуы жөнінде түсініктемелер беруге.
2) міндеттері:
Басқарманың құзыретіне кіретін мемлекеттік, салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша ақпараттық қолдауды жүзеге асыру;
лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.
15. Функциялары:
1) қоғамдық дамудың негізгі бағыттары, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие және жастар саясаты, волонтерлік қызметті жаңғырту, тіл, ақпарат, мәдениет, гендерлік және отбасылық-демографиялық салаларда мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;
2) қоғамдық саяси тұрақтылықты, өңірдегі халықтың жалпыұлттық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де шаралар кешенін іске асыру;
3) Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік идеологиясын ілгерілету бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру және білім беру-тәрбие жұмысының деңгейін арттыру;
4) этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
5) өңірдегі ірі қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;
6) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
7) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті талдауды және болжауды, әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
8) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
9) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу;
10) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
11) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың өңірдегі қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету;
12) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ), ғылыми және шығармашылық қоғамдастықпен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
13) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі жанында әрекет ететін консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;
14) өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметіне мониторинг ұйымдастыру, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;
15) өңірде мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау бойынша БАҚ қызметін әдістемелік қолдау және үйлестіру, заңнаманы сақтау мәніне БАҚ қызметіне мониторинг жүргізу;
16) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер өткізу және жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
17) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге, облыс әкімі актілерінің жобаларын дайындауға және сараптауға қатысу;
18) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихаттармен, облыс әкімінің аппаратымен өзара іс-қимыл жасау;
19) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық дерекқорды қалыптастыру, жинақтау, қорыту және сыныптау;
20) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстың, қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының және ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
21) "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы заңнамасының дұрыс қолданылуы жөнінде түсініктемелер, заңнамада белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
22) тілдік кемсітушілікке қарсы тұрып, мемлекеттік тілдің дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру, мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асыру;
23) облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;
24) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16..Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17..Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18..Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19..Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1).өз орынбасарларының және Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2).Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3).белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
4).белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады;
5).өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6).Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
8).Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
9).Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
10).бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысын үйлестіреді;
11).белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтер мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
12). Басқарманың қызметіндегі заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
13).жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
14).Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Басқарманың мүлкi
20..Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
Басқарманың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау..Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23..Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) "Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Коммуникациялар мен мониторинг орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Техникалық және шаруашылық қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Jetіsý jastary" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) "Жетісу" телерадиокомпаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
7) "Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жетісу Медиа" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 15-қосымша |
"Жетісу облыстық құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облыстық құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Жетісу облысы бойынша құрылыс саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131 - үй.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) құрылыстарды, ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу, аумақты абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын конверсиялау, объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және енгізу;
2) Жетісу облысының құрылыс кешенін дамыту бойынша нысаналы инвестициялық бағдарламаларды енгізу, бекітілген бас жоспарларға сәйкес құрылыс жобаларын іске асыру;
3) құрылыс талаптары бөлігінде инвестициялық әзірлемелерді, жобалау, ғылыми-зерттеу, сондай-ақ іздестіру, құрылыс және жөндеу-құрылыс жұмыстарын үйлестіру;
4) Басқарма алдына қойылған басқа да міндеттерді орындау.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
жобалау алдындағы зерттеулерге, техникалық-экономикалық негіздеме дайындауға, құрылысқа инвестициялар негіздемесіне, аумақты игеруді және оның құрылысын жоспарлауды жоспарлауға қажетті ақпаратты (мәліметтерді, деректерді, бастапқы материалдарды немесе құжаттарды) сұратуға және алуға;
объектілер мен кешендерді орналастыру жөнінде облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
2) міндеттері:
халықтың хаттары мен шағымдарын белгіленген тәртіппен қарауға; азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды ұйымдастыруға;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, облыс әкімдігінің және облыс әкімінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды, сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмаларын орындауға міндетті.
15. Функциялары:
1) құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) Жетісу облысы аумағында құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) Қазақстан Республикасындағы құрылыс мәселелері бойынша мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау;
5) инфрақұрылым құрылысы, тұрғын үй саясаты және тұрғын үй құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қаражатты қоспағанда, Жетісу облысының аумағында салынуға жататын, мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын нысандар бойынша құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау, келісу және бекіту;
7) облыс аумағында орналасқан, мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға және салуға арналған келісімшарттарды тіркеуге және ресімдеуге қатысу;
8) мемлекеттік қаражат және Қазақстан Республикасының кепілдігімен берілетін инвестициялық кредиттер, тікелей инвестициялар және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын құрылыс құжаттамасын әзірлеуге және объектілер салуға тендерлер (конкурстар) ұйымдастыру және өткізу, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу;
9) төтенше дүлей зілзалалардың салдарынан қираған азаматтық және тұрғын үй мақсатындағы объектілерді реконструкциялау мен күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
10) аудандық және қалалық облыстық маңызы бар құрылыс органдарының қызметін ұйымдастырушылық және әдіснамалық қамтамасыз ету;
11) құрылысы аяқталған тұрғын үй-азаматтық, коммуналдық, өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
12) жобалау мен құрылысқа мердігерлік шарттар жасасу;
13) жасалған шарттарға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қаржыландыру;
14) мердігерлермен жасалған шарттық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету;
15) салынған объектілерді пайдалануға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
16) қайтарымды негізде бөлінген қаражатты есепке алуды және қайтаруды қамтамасыз ету;
17) бюджеттік кредиттеуді қамтамасыз ету;
18) жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарау, халықты құрылыс саласында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабардар ету;
19) құрылыстың барлық кезеңдерінде құрылыс процесіне тапсырыс берушінің техникалық қадағалауын және жобаларды әзірлеушілердің авторлық қадағалауын ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
20) бюджеттік өтінімдерді ұсыну бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау, білім беру және денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыру;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарма орынбасарларының және құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
6) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;
8) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілерді, бағдарламалар жобаларын және басқа да құжаттарды әзірлеу барысын бақылайды;
9) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды;
10) бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын үйлестіреді;
11) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік бағдарламалардың ұтымды және нысаналы орындалуын бақылайды;
12) Басқарманың қызметінде заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауаптылықта болады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 16-қосымша |
"Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағында мәдениет, архивтер және құжаттама саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 75.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.
2) архивтер және құжаттама саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
жедел басқару құқығы бойынша тиесілі мүлікті пайдалануды жүзеге асыру;
басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және олардың Жарғыларын (ережелерін) бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, цирк, музыка өнері және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;
4) театр, цирк, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
5) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
6) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
7) өңірлік көркемдік кеңестер құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;
8) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
9) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және ол туралы ережені бекітеді;
10) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;
11) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
12) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
13) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
14) облыстың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
15) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
16) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;
17) облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;
18) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
19) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
20) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
21) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
22) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтерімен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
23) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
24) облыстың аумағында архив iсi және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асырады;
25) облыстың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастырады;
26) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
27) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;
28) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
29) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастырады;
30) облыстың аумағында архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасайды;
31) Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, облыстың аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
32) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастырады;
33) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекiтеді;
34) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдаланады;
35) облыстың тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтаруды қамтамасыз етеді;
36) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Басқарма қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қоладанады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;
6) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) "Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) "Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
3) "Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
4) "Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
5) "Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
6) "Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
7) "Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) "Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) "Жетісу облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 17-қосымша |
"Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма), Жетісу облысы аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Н. Назарбаев даңғылы № 38.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаты:
мемлекеттік сатып алудың облыстық бірыңғай ұйымдастырушысының өкілеттігі шегінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер сұрату және алу;
өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдау;
ұйымдарды құру, қайта құру және тарату жөнінде өзінің құзыреті шегінде ұсыныстар енгізу.
2) міндеттері:
жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;
Басқарманың құзыретіне кіретін облыс әкімінің, әкімдігінің құқықтық және нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
өзінің құзыреті шегінде Басқарманың мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
өзінің құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды сақтау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) әкімшілік-ұйымдастырушылық және құқықтық:
2) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың жобасын әзірлейді және бекітеді;
3) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын айқындайды және бекітеді;
4) қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
5) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады;
6) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы және (немесе) конкурстық құжаттаманың техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді;
7) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;
8) өткізілген және жоспарланған мемлекеттік сатып алуға талдау және мониторинг жүргізеді;
9) конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға веб-портал арқылы келіп түскен әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарайды;
10) шағымды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
2) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
3) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
5) өз құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 18-қосымша |
"Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Жетісу облысы аумағындағы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау, лицензиялау, аттестаттау және аккредитациялау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, №131.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) ведомстволық бағынысты аумақта мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;
2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
3) мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін дамыту бойынша ұсыныстарын қалыптастыру;
4) өз құзыреті шегінде Жетісу облысының аумағында Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
5) сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту;
6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
барлық мемлекеттік органдардан, басқа да мекемелерден, сонымен қатар лауазымды тұлғалардан, өз құзыреті шегінде жүктелген міндеттері мен функцияларын орындауына қажетті ақпаратты сұрау және алу;
техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалардан осы құрылыс жөніндегі қажетті жобалау және орындау техникалық құжаттамасымен танысу үшін, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және алу;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулысының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын бекітілген тәртіпте енгізу;
салынып жатқан объектілер құрылғыларының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдар мен құрылғылардың жоба және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтер талаптарына сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тарту немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда жол берілген бұзушылықтарды тапсырыс берушінің (құрылыс жүргізушінің) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы ұйғарым шығару;
мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарға, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаларға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарына, бұйымдарына, құрылғылар мен жабдықтарды қолдануға тыйым салу;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік нормативтерді бұзу және (немесе) бекітілген жобалық құжаттамалар (жобалық шешімдер) және (немесе) заңнамалардан ауытқулар болған кезде ұйғарым беру жолымен құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешімдер қабылдау;
қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бөлігіндегі мемлекет мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгіну;
талап-тілек қызметін жүзеге асыру.
2) міндеттері:
салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген объектілердің мониторингі;
жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану;
техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруына және жүзеге асыруына бақылауды жүзеге асыру;
объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
15. Функциялары:
1) лицензия және лицензияға қосымша берген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтау;
2) жоспардан тыс тексерудің нәтижесі бойынша лицензиялау нормаларын бұзушыларға тиісті шаралар қолдану;
3) сәулет, қалақұрылыс және құрылыс саласындағы лицензия алуға өтініш берушілердің және лицензиаттардың тізімдемесін жүргізу;
4) сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшыларды аттестаттау бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу (электрондық тестілеу);
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сарапшыларды аттестаттауды жүзеге асыру;
6) сарапшылар және сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер атқаратын сарапшылар аттестаттарын алуға өтініш берушілердің тізімдемесін жүргізу;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару бойынша ұйымдарға акредиттеу жүргізу және олардың ұйымдастыру шараларын және тізімдемесін жүргізу;
8) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау;
9) азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
10) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
11) қоғамның мемлекеттік қызметке және мемлекетке, оның институттарына деген сенiмін арттыру және нығайту;
12) сәулет-құрылыс қызметі мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
13) "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен" қарастырылған сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі саласында Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарынын сақталуына пәніне, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісін бастау туралы хабарламада көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын белгілеу бойынша тексерудің барлық түрлерін жүзеге асыру;
14) мыналарға:
- жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғына, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарлануына;
- хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына;
- лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның бар-жоғына;
- орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiне;
- мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын өзiндiк өндiрiстiк бақылаудың және қадағалаудың барлық (кiру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлерi мен нысандарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;
- атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресiмделуiне;
- объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;
- техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақтауына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
15) мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда:
- ұлттық стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы;
- жол берілген бұзушылықтарды тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы;
- құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді);
16) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау анықталған кезде:
- тапсырыс берушінің жол берілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімдерде жоюы туралы;
- құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді);
17) мынадай тәртіппен белгіленген басымдықты ескере отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізеді:
- өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылысжайлар;
- жасанды микроклиматтың арнайы құрылғылары және (немесе) арнайы күзет немесе терроризмге қарсы іс-шараларды талап ететін, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары, республикалық маңызы бар музейлердің, мемлекеттік архивтердің, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймаларының ғимараттары және қалалар мен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету объектілері;
- әлеуметтік мәні бар объектілер (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары және басқалар);
- тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер;
- көліктік инфрақұрылым объектілері;
- сумен жабдықтау және су бұру объектілері;
- өзге де ғимараттар және құрылысжайлар;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Басқарма қызметкерлерін заңнамада беліленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қоладанады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады;
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді;
6) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етіп, ол үшін дербес жауапкершілік белгілейді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 19-қосымша |
"Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Жетісу облысы аумағындағы сәулет және қала құрылысы салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, № 131.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) қалақұрылыстық игеру, дамыту, құрылыстандыру кезінде тұрғындардың тіршілік ету және өмір сүру ортасының толық құндылығын қалыптастыру, табиғи ресурстарды, елді мекен аумақтары мен ауыларалық аумақтарды тиімді пайдалану;
2) аумақтардың, елді мекендердің, тұрғын үй құрылысының, құрылыс кешені мен инфрақұрылымның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған қалақұрылыстық және басқа бағдарламаларды жүзеге асыру;
3) қалақұрылыстық кеңістікті қалыптастыру бойынша, аумақтың және облыс елді мекендерінің қызмет көрсету деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
4) тарихи және мәдени мұра ескерткіштерінің сақталуын сәулет және қалақұрылыстық құралдармен қамтамасыз ету;
5) әлеуметтік, өндірістік, инженерлік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымды дамыту;
6) облыстың құрылыс кешенін дамыту жөнінде мақсатты инвестициялық бағдарламалардың әзірленуі мен ендірілуіне бақылауды жүзеге асыру, салаға инвестиция тарту және олардың тиімді пайдалануы үшін ынталандыру шарттарын құру;
7) облыс аумағында инфрақұрылымның дамуын зерделеу, талдау, болжамдау және реттеу;
8) жобалау өнімінің ішкі нарығын қорғау, отандық жобалау өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыратын шарттарды қалыптастыру;
9) сәулет және қалақұрылыс қызметінде интеграциялық процестерді тереңдету;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындалатын басқа да міндеттер.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде сәулет қала құрылысы саласында нормативтік-құқықтық актілерді қабылдайды;
тарихи және мәдени ескерткіштерді, мемлекеттік қорық қоры нысандарын сақтауға қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және ұсыныстар енгізеді;
тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және несиелеу механизмдері мен схемаларын әзірлеуге қатысу және тұрғын үй қорын сақтау, облыстағы проблемалардың кезең-кезеңмен шешілуіне, тұрғын үй нарығының толыққанды дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі;
облыс аумағындағы тұрғын үй-азаматтық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуналдық құрылыстар және қайта құру нысандарына, кәсіпорындар мен мекемелерге меншік құрылымы мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, кедергісіз кіреді;
қолданыстағы нұсқаулықтар мен нормативтерді бұзған немесе белгіленген тәртіптегі рұқсатты алмай жасалынған топогеодезиялық, инженерлік-геологиялық ізденістер және бөлу жұмыстарының өндірісін тоқтатады;
күрделі құрылыс саласындағы, сондай-ақ жаңа құрылыс материалдарын өндіру және импорттау саласындағы статистикалық материалдарды белгіленген тәртіппен және белгіленген кезеңділікпен алады;
тиісті мемлекеттік органдардың алдында Қазақстан Республикасының қала құрылысы заңнамасын бұза отырып, өз бетінше құрылысқа кінәлі адамдарға тәртіптік, әкімшілік, сонымен қатар заңда көзделген жағдайларда қылмыстық жауаптылықты қолдану туралы мәселелерді қозғай алады;
жобалау, құрылыс, өндірістік ұйымдардың, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы, сәулет, қала құрылысы, экологиялық және басқа да нормативтік талаптарды бұза отырып жұмыстарды орындайтын жеке тұлғалардың сәулет-қала құрылысы қызметін жүзеге асыру құқықтарының қолданылуын тоқтата тұруға немесе олардан айыруға тиісті ұсыныстар бере алады;
Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін басқарма жанынан жобалау-іздестіру, консультациялық және басқа да функционалдық бөлімшелер құрады, сондай-ақ олардың қызметінің тақырыптық бағытын айқындайды;
Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру, оның ішінде шешімдер қабылдау.
облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын қарайды, келіседі және бекітеді.
облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
2) міндеттері:
өз құзыреті шегінде облыстың қала құрылысы саласындағы жоспарлау стратегиясын жетілдіру, құрылыс кешендерін салу мен инфрақұрылымды дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді;
меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, облыс аумағындағы сәулеттік-қала құрылысы субъектілерінің қызметінде міндетті түрде орындалуға жататын, елді мекендердің бас жоспарларын қосымша құрылыспен толтыру, аумақты көркейту, көгалдандыру мен аумақтарды көркемдік безендіру, тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мақсатында шешімдер қабылдайды және бұйрықтар шығарады;
облыс аумағындағы құрылыс кешендерін салу мен инфрақұрылымның дамуына кедергі келтіретін сәулет, қала құрылысы және коммуналдық шаруашылығы саласында жекелеген орталық және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінің пәрменділігін тоқтату және күшін жою бойынша ұсыныс енгізеді;
қала құрылысы бағдарламаларын, инвестициялық жобалар мен облыс аумағында әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі үшін кадрлар дайындау жөнінде бағдарламаларды әзірлеуге, жүзеге асыруға қатысады;
меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік және жергілікті органдардан, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан, сондай-ақ барлық облыстық басқармалар мен комитеттерден, жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарынан сәулет және қала құрылысы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті мәліметтерді белгіленген тәртіппен және келісілген мерзімдерде алады;
15. Функциялары:
1) аумақтардың қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
2) халықтың есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;
3) облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
4) ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
5) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгiзу;
6) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келiсiм беру;
7) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;
8) республикалық маңызы бар қалалардың оларды облыс аумақтары, резервтiк аумақтар, қала маңындағы аймақ, сондай-ақ заң арқылы қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған өзге де аумақтар есебiнен дамыту бөлiгiндегi бас жоспарларының жобаларына келiсiм беру;
9) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
10) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
11) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
12) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына ақпарат енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпараттар және (немесе) мәліметтер беру;
13) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімдер беру;
14) үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер беру;
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3) белгіленген заңнамалық тәртіппен қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
4) белгіленген заңнамалық тәртіппен қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
5) өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) құрылымдық бөлімшелер туралы ережені бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
8) құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалуы барысын бақылайды;
9) құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
10) Стратегиялық жоспарының іске асырылу барысын үйлестіреді;
11) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтерінің мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
12) қызметінде заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
13) жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолдануға міндетті және жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады;
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 20-қосымша |
"Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1."Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Басқарма) Жетісу облысы аумағында табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру, реттеу және тиімді пайдалану салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, жануарлар дүниесін қорғау мақсатында мемлекеттік басқару;
2) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару;
3) адам денсаулығы мен өмірі үшін қоршаған ортаның қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мақсатында, экологиялық қауіпсіздікті, биологиялық түрлілік пен экологиялық жүйелерді сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған ортаның сапасын реттеу және оған шекті әсерді белгілеу жолымен қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеу.
14. Өкілеттіктері:
1)құқықтары:
мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің табиғат қорғау ұйымдарының, орман шаруашылығы ұйымдарының және мамандандырылған ұйымдарының басшылары мен мамандары лауазымдарының бекітілген үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде Басқарманың қарамағындағы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлеу;
Қазақстан Республикасы заңнамасында ескерілген табиғат қорғау заңдылықтарын бұзушыларға жаза қолдану жұмысын жүргізу;
заңнамада белгіленген тәртіппен табиғат қорғау шаралары бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
заңнамада белгіленген тәртіппен табиғатты қорғау шараларын өткізу бойынша жұмыстарды сатып алу шартын жасау және оның орындалуын бақылау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары және өсімдік әлем саласында басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1)мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды және жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етеді;
2)жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекітуге ұсынады;
3)жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғау аймақтарын белгілеу бойынша ұсыныстар енгізеді және осы аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн қызметтi шектеу шараларын ұсынады;
4)мемлекеттiк орман саясатын қалыптастыру және оны iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады;
5)орманда өрт қаупi болатын маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағармай материалдарының резервiн жасайды;
6)шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбiн, аңыздарды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеуiне, қау шөбiн өртеуiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
7)облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
8)ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
9)мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
10)өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады;
11)орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
12)орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы ұсыныс енгізеді;
13)уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейдi;
14)өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдайды;
15)мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерi (сүректi түбiрiмен босату үшiн мөлшерлемелердi қоспағанда) жобаларын әзiрлейдi;
16)облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
17)өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
18)орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді;
19)өздерінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) бекітеді;
20)уәкілетті орган айқындаған тәртіппен басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыруды жүзеге асырады;
21)жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
22)жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;
23)жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiтуге ұсынады;
24)жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекiтiп беру мен аңшылық шаруашылығының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер қабылдау үшін құжаттарды дайындайды;
25)жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
26)аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
27)жануарларды, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жөнiндегi, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
28)аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
29)балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
30)ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
31)рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
32)балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;
33)екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;
34)облыс аумағында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
35)резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулауды ұйымдастырады;
36)инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу жөнінде жұмыстар атқарады;
37)акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар береді;
38)мемлекеттік орман қоры аумағында биотехникалық іс-шараларының өткізілуін қамтамасыз етеді;
39)өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асырады, оның ішінде:
- жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру;
- балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру;
- инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау.
- акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау;
40)су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлейді;
41)бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілейді;
42)бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады;
43)Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық және интерактивті баяндамаларды әзірлеу қағидаларына сәйкес Ұлттық баяндаманы жасау үшін ақпарат ұсынады;
44)Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жергілікті деңгейде мемлекеттік экологиялық саясатты іске асырады;
45)қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
46)әрбір бес жылдық кезеңге арналған мақсаттық сапа көрсеткіштерін әзірлейді;
47) халқы он мың адамнан асатын елді мекендерде атмосфералық ауаның ластануының жиынтық есебін жүргізу және олардың негізінде елді мекеннің шекті рұқсат етілген шығарындыларының жиынтық томын жасау;
48)он мың адамнан астам халқы бар елді мекендерде атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының стационарлық көздерін түгендеуді қамтамасыз етеді;
49)өз құзыреті шегінде келесі мәселелер бойынша экологиялық сараптама жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді және жүзеге асырады:
- әсер етуге экологиялық рұқсаттар беру рәсімі шеңберінде II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына;
- қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны дайындау кезінде III санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына;
- мемлекеттік экологиялық сараптамасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кірмейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік экологиялық сараптаманың өзге де объектілеріне қатысты ұйымдастырады және жүргізеді;
50)мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады;
51)жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) құрылымдық бөлімшелер басшыларының, Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің және директорларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
4) Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің директорларының орынбасарларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
5) Басқарма қызметкерлерін, Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорларын және директорлардың орынбасарларын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
6) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады және құрылымдық бөлімшелерінің Ережелерін бекітеді;
7) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1)"Жетісу облысының табиғи ресурстар және таби ғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алакөл орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Бөрлітөбе орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3)"Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жаркент орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4)"Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қапал орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) "Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Үйгентас орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7)"Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Үштөбе орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8)"Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 21-қосымша |
"Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысында цифрлық технологияларды дамыту, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2.Басқарманың ведомстволары жоқ.
3.Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5.Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6.Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7.Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8.Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 38.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1)экономиканың негізгі салаларына цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
2)"Smart City" технологияларын енгізу бойынша жұмысты үйлестіру;
3)ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдармен, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторымен, "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
4)ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
5)жергілікті атқарушы органдарда жобалау қызметін әкімшілендіруді қамтамасыз ету, жобаларды басқарудың барлық кезеңдерінде жобаларды бақылау және мониторингтеу.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, аудандардың, қалалардың, өзге де ұйымдардың жергілікті атқарушы органдарынан жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға ақпарат беру;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жиналыс, семинар, конференция өткізу;
облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
2) міндеттері:
заңды және негізделген шешімдер қабылдау;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдарының жұмысына талдау жүргізу;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік, консультациялық көмек көрсету;
қызметті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыру;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1)цифрландыру саласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ұлттық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын үйлестіру және бақылау;
2)цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда көзделген бағыттар мен жобалар бойынша цифрландыру жобаларын іске асыру;
3)Жетісу облысында іске асырылатын цифрландыру саласындағы жобаларды танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
4)"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Жетісу облысының мемлекеттік органдары тарапынан іске асырылуы жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және бақылау;
5)"электрондық үкімет" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын ескере отырып, "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын енгізу;
6)мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту;
7)мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпаратты өзектендіру, осы бағыттағы Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
8)әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді, бастапқы бағдарламалық кодтарды (бар болса) және облыстың жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық жүйелерінің лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету параметрлерінің кешенін есепке алу және сақтау үшін "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;
9)техникалық құжаттаманың түпнұсқаларын қағаз жеткізгіштерде сақтауды қамтамасыз ету және оларды "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына ұсыну;
10)Жетісу облысының мемлекеттік органдарының "Ашық деректер" порталын толтыруы бойынша іс-шаралар өткізу;
11)Жетісу облысының халқын байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін үйлестіру және бақылау;
12)Жетісу облысында басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп байланыс желілерін дамыту;
13)Жетісу облысының елді мекендерінің интернет желісіне кең жолақты қолжетімділігі болуына талдау жүргізу;
14)"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" дағдыларын дамыту бойынша оқыту семинарларын, курстарын өткізуді ұйымдастыру;
15)ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторынан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
16)облыстың жергілікті атқарушы органдарының республикалық деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және облыстық деңгейдегі ведомстволық ақпараттық жүйелерді пайдалану тиімділігіне мониторинг жүргізу;
17)"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес және қорғау бейінімен айқындалатын және мемлекеттік, мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шартымен ресімделетін ақпараттық қауіпсіздік талаптары сақталған кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясын қамтамасыз ету;
18)ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
19)Басқарманың құзыретіне жататын бағыттар мен салалар бойынша Жетісу облысында мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, Жетісу облысын дамыту бағдарламасының іске асырылуын қамтамасыз ету;
20)Басқарманың құзыретіне жататын бағыттар бойынша Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу үшін уәкілетті органға есептік ақпарат беру, тиімділікті бағалау қорытындыларын талдау, көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі жоспарларды әзірлеу және іс-шараларды іске асыру;
21)мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастыру;
22)мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу;
23)жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
24)ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
25)цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдайлар жасау.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) басқарманың Ережесін әзірлейді;
2) Басқарманың құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
3) Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
6) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
7) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді;
8) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
9) өз құзыреті шегінде Басқарманың барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
10) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін дербес жауапты болады;
11) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1)"Ақпараттық технологиялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2)"Цифрлық коммуникациялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 22-қосымша |
"Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Жетісу облысының аумағында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3.Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4.Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5.Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6.Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7.Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8.Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, № 38.
10.Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11.Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12.Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13.Мақсаттары:
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара әрекеттестікте бюджеттік және инвестициялық саясатты жүзеге асыру.
14.Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан, азаматтардан оларға жүктелген тапсырмалар мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдау;
өз құзыреті шегінде ұйымды құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар енгізу;
жұмысқа жерігілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын, олардың басшыларының келісуі бойынша тарту;
Басқарманың мүддесін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтар орындау.
2) міндеттері:
жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;
Басқарманың құзыретіне кіретін облыс әкімінің, әкімдігінің, облыстық мәслихаттың құқықтық және нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
облыстың, аудандар мен қалалардың, елді мекендердің, сондай-ақ экономика секторларының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне мониторинг және талдау жүргізу;
облыс әкіміне, облыс әкімінің жетекшілік жүргізуші орынбасарына, облыс әкімдігінің жиналысына, отырысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы материалдар дайындау және ұсыну;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндеттерді орындау.
15. Функциялары:
1) облыстың даму жоспарын және оны іске асыру жөніндегі бес жылдық кезеңге арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу, түзету және іске асырылуын мониторингтеу;
2) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар индикаторларының декомпозициясын келісу;
3) Жетісу облысының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
4) өткен жылғы Облыстың әлеуметтік – экономикалық даму паспортын әзірлеу;
5) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Ұлттық жобаларды және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын іске асыру, мониторингілеу;
6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттық құжаттарға толықтыру жобасына экономикалық сараптама жүргізу;
7) жобалық топ мүшелеріне әдістемелік, ұйымдастырушылық, техникалық және аналитикалық қолдау көрсету, сондай-ақ жобаларды басқару құзыретіне жататын мәселелер бойынша олардың қызметін үйлестіру;
8) мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуді, жобаны басқарудың басым бағыттарында егжей-тегжейлі жоспарларды жүзеге асыруды мониторингілеу;
9) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескерумен, жоспарлы кезеңге жергілікті бюджетті әзірлеу (жыл сайын);
10) аудандар мен қалалардың табыс көздері бөлінісінде жергілікті бюджетке түсімдер көлемін болжау;
11) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштерінің, бюджет қаражатының шығындалуының басым бағыттары, бюджет тапшылығының жоспарлы кезеңге арналған тапшылығы негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері шығындарының лимиттерін, жергілікті бюджеттердің жаңа бастамаларға арналған лимиттерін анықтау;
12) бюджеттің есепті қаржы жылында орындалуын талдау және мемлекеттік органның бюджет қаражаттарын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескерумен, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарастыру және қорытындылар дайындау;
13) облыстық бюджет комиссиясы анықтайтын мерзім мен күн тәртібіне сәйкес, облыстық бюджеттік комиссия отырыстарына материалдар дайындау;
14) облыстық бюджет жобасын жасау және оны облыстық бюджеттік комиссия қарауына енгізу;
15) үш жылдық кезеңге арналған облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің болжамды көлемдерін анықтау;
16) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаларын келісу;
17) жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыру жоспарланатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыру көзделетін мемлекеттік инвестициялық жобаларға, бюджеттік инвестицияларға, тұжырымдамаларға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларына экономикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
18) жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыру жоспарланатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыру көзделетін мемлекеттік инвестициялық жобаларға, бюджеттік инвестицияларға, тұжырымдамаларға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларына, оның ішінде концессиялық ұсыныстарға экономикалық қорытынды дайындау;
19) жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыру жоспарланатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыру көзделетін мемлекеттік инвестициялық жобалардың, бюджеттік инвестициялардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық ұсыныстарының тізімін қарастыру, таңдау және қалыптастыру және оны облыстық бюджеттік комиссияда қарастыру;
20) бюджеттік инвестициялық жобалардың, бюджеттік инвестициялардың мониторингі және мемлекеттік заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылуын бағалау;
21) бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік несиелендірудің орындылығын анықтау және бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік несиелендіру критерилеріне сәйкестігіне қарастыру;
22) жарғылық капиталына облыс әкімдігі қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу бойынша әдістемелік қамтамасыз ету;
23) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін, Өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес елді мекендердің қамтамасыз етілуінің мониторингін жүргізу;
24) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін анықтау;
25) моно, шағын қалаларды, шекаралық аумақтарды дамыту жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және мониторингілеу;
26) "Дипломмен ауылға" бағдарламасына мониторинг жүргізу, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету;
27) "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобаларының тізімін қалыптастыру және мониторингілеу;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да функцияларды жүргізу.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының және өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
2) Басқарманың қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3).белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
4). белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
5). өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
8) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
9) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
10).бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысын үйлестіреді;
11).белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтер мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
12).Басқарманың қызметіндегі заңдылықтың, келісімшарт және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
13)..Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
Басқарманың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23..МБасқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйым:
"Жетісу облысының сараптама орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № ___ қаулысына 23-қосымша |
"Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) мемлекеттік басқарудың энергия, жылу, сумен, газбен жабдықтау саласындағы саясатын жүзеге асыру, жоспарларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге, құрастыруға және жүзеге асыруға қатысу;
2) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, облыстың елді мекендерінің (шегінде) шекарасы аясында коммуналдық қалдықтардың айналымын және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;
3) облыстың елді мекендерінің (шегінде) шекарасы аясында суды бұру, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау саласында мемлекеттік реттеу саясатын жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды сұрау және алу;
белгіленген тәртіппен Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің, мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізу;
2) міндеттері:
жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;
энергетика саласына және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыру, коммуналдық қызметтерді жеткізу, сондай-ақ Жетісу облысының елді мекендеріндегі апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу бойынша бағдарламалардың жобаларын әзірлеу және енгізу;
қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау тұрғысынан мемлекет мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгіну;
талап қою қызметін жүзеге асыру;
барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында Басқарманың мүдделерін білдіру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық меншікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекітуге ұсыну;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын объектілер мен кешендерді, сондай-ақ жергілікті бюджеттің инвестициялық жобасын қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджетті салуға арналған жобалау алдындағы және жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы қарау және бекіту;
3) қолданыстағы құрылыстарды, ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуды, сондай-ақ кеңейтуді, техникалық қайта жарақтандыруды, модернизациялауды, реконструкциялауды, қалпына келтіруді және күрделі жөндеуді ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес шығыстар көлемін негіздеу үшін бюджеттік өтінімдер мен келесі жоспарлау кезеңіне арналған бюджеттік бағдарламалар жобаларын қалыптастыру;
5) мемлекеттік мекеменің қызметі мен мемлекеттік функцияларын орындауын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
6) тиісті бюджеттің (даму жоспарының) немесе жеке қаржыландыру жоспарының негізінде газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда жыл сайынғы мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіпте облыстық коммуналдық меншікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігі деңгейіне беру туралы шешім қабылдау үшін ұсыныс енгізу;
8) уәкілетті органға облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсыну;
9) облыс аумағына сұйытылған мұнай газын жеткізуге өтінімдерді қалыптастыру және уәкілетті органға жіберу;
10) сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру үшін комиссия құру;
11) тауарлық және сұйытылған мұнай газының тұтыну нормаларын бекіту;
12) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;
13) газ тарату жүйелерін және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерін жабдықтау құрылыстарын салу, жаңғырту және (немесе) қайта жаңарту жобаларын келісу;
14) коммуналдық меншіктегі газ және электр желілері құрылысын ұйымдастыру;
15) ауызсумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды жергілікті ауызсумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
16) уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізімдер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламалы көздері болып табылмайтын ерекше маңызды топтық және жергілікті ауызсумен жабдықтау жүйелерінен халыққа жеткізілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлем мөлшерін әзірлеу және облыстардың жергілікті өкілді органдарына бекітуге ұсыну;
17) уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен тізімдерге сәйкес, ауызсумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
18) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға ауызсумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды жергілікті ауызсумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы ақпарат беру, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде мәлімет ұсыну;
19) елді мекендер үшін жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
20) елді мекендерді шаруашылық-ауызсумен жабдықтауға арналған жер асты суларының жобалық құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
21) ведомстволық бағыныстағы аумақта орналасқан орталықтандырылған жылу жүйесіне берілетін жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларын келісу;
22) жылу желілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының дайындығы мен жүзеге асырылуын және олардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысын бақылау;
23) жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау;
24) қазандықтар мен жылу желілерін жоспарлы жөндеуді үйлестіру (магистральдық, кварталішілік);
25) энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті жоғарылату шараларын тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында келісім жасау, сондай-ақ энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
26) энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарылату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
27) тұрғын үй қорын сақтау және дұрыс пайдалану үшін кондоминиум объектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының аудандық, қалалық бөлімдерінің жұмысына мониторинг жүргізу;
28) қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
29) қалдықтарды жою және орналастыру бойынша объектілерді салуды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
30) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеу ережелерін бекітуге ұсыну;
31) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, өңдеуді және көмуді ұйымдастыру;
32) объектілер мен кешендердің бағынысты аумағында салынуы (қайта құру, кеңейту, жаңарту, күрделі жөндеу) жоспарланған объектілердің мониторингін жүзеге асыру;
33) есепке алу құралдары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлеу және бекітуге ұсыну;
34) жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидаларын әзірлеу және мәслихатқа бекітуге ұсыну;
35) кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жөніндегі жобаларды іске асыру;
36) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) өз құзыреті шегінде өзінің орынбасарлары мен басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
4) Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларының орынбасарларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
5) Басқарма қызметкерлерін, Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың басшысын және басшының орынбасарларын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
6) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады;
7) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүмдесін білдіреді;
8) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйым:
"ЖетісуГазСервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.