ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 8-тармақтан қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Блокчейн қолдана отырып, ұйымдардың платформасы арқылы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асырылсын.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес блокчейн қолдана отырып, ұйымдардың платформасы арқылы жылжымайтын мүлік кепілі шарты негізінде құқық ауыртпалықтарын тіркеу алгоритмі бекітілсін.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін платформалар ұсынатын пилоттық жобаға қатысу үшін ұйымдарға:
1) "Smart Bridge" арқылы дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылаудың сервисіне (бұдан әрі – ДҚБ сервисі) қосылуды қамтамасыз етсін;
2) Пилоттық жоба шеңберінде қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес, ДҚБ сервисі арқылы дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды қамтамасыз етсін.
4. Ұйымдар, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 38-бабының 2-1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына, 54-бабы 3-2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметті" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8-тармақтарына сәйкес, интеграцияны қамтамасыз етсін:
ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынаудың оң нәтижелері бар хаттамалары болған жағдайда;
мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыстар шарты болған жағдайда;
ақпараттық қауіпсіздіктің жеке жедел орталығының (бұдан әрі – Орталық) болған және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етілген немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігінің жедел орталығының қызметтерін сатып алған, сондай-ақ Орталықтың Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз еткен жағдайда;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігі жөнінде шаралар қабылданған жағдайда.
5. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Пилоттық жобаны іске асыру кезінде "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қаупсіздікті қамтамасыз ету саласыңдағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" қаулысының талаптарына сәйкес ақпараттық қаупсіздікті және дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды.
7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және әділет вице-министрлеріне жүктелсін.
8. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және он екі ай ішінде қолданылады.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
____________Е. Сәрсембаев |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
____________Ж. Мәдиев |
Бірлескен бұйрығына | |
қосымша |
Блокчейн қолдана отырып, ұйымдардың платформасы арқылы жылжымайтын мүлік кепілі шарты негізінде құқық ауыртпалықтарын тіркеу алгоритмі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Блокчейнді қолдана отырып, мемлекеттік қызметтерді алу платформасы арқылы жылжымайтын мүлік кепілі шартының негізінде құқық ауыртпалығын тіркеудің осы алгоритмі (бұдан әрі - Алгоритм), құқық ауыртпалығын тіркеуге электрондық өтініш беру үшін блокчейнді пайдаланатын екінші деңгейдегі банктерден басқа, ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) өзара іс-қимылын айқындайды.
2. Алгоритмде келесі негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық іс-әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-реттелген жиынтығы;
3) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
5) блокчейн – өзара байланысты деректер блоктарының тізбегі, берілген тұтастықты растау алгоритмдері және шифрлау құралдары негізінде таратылған деректер платформасындағы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технология;
6) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі (бұдан әрі – ДҚБ сервисі) – дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;
7) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
8) "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) – жүргізу тәртібі Жер кодексінде және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтері қамтылатын ақпараттық жүйе;
9) кепіл беруші – жылжымайтын мүлкi немесе ондағы үлесi ипотеканың мәнi болып табылатын тұлға;
10) кепіл ұстаушы – негiзгi міндеттеме бойынша мүдделерi ипотекамен қамтамасыз етiлген тұлға;
11) платформа – құрамбөліктері берілген алгоритмдермен байланысқан, желінің түрлі тораптарында орналастырылған, бір немесе одан көп иеленушісі болуы мүмкін, сондай-ақ деректер ұқсастығының түрлі деңгейіне ие болуы мүмкін технологиялық платформа;
12) ұйым – мемлекеттік заңды тұлға, квазимемлекеттік сектор субъектісі, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің иелері және иеленушілері, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иелісі мен иеленушісі;
13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Блокчейн қолдана отырып, ұйымдардың платформалары арқылы жылжымайтын мүлік кепілін мемлекеттік тіркеуді жүргізу
3. Кепіл ұстаушы платформа арқылы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алуға, кепіл берушінің ЭЦҚ куәландырылған, құқық белгілейтін құжаттың (жылжымайтын мүлікке кепіл шарты, қайта кепіл шарты, кепіл шартына қосымша келісім, талап ету құқығын басқаға беру шарты (цессия)) электрондық көшірмесін қоса бере отырып, ЖМБМК АЖ-де электрондық өтінішті және осы Алгоритмнің қосымшасына сәйкес нысан бойынша, ДҚБ сервисі арқылы алынған, субъектінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін, қалыптастырады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салу платформада мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған мәліметтердің форматы мен толықтығына сәйкестігін тексеруден өтеді.
5. Жылжымайтын мүлік және оның меншік иесі туралы мәліметтерді тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда, платформа автоматты түрде басқа жылжымайтын мүлік иелерінің бар-жоғын тексереді.
6. Неке-отбасы қатынастары болған кезде жұбайының(зайыбының) ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті алуға арналған электрондық өтінішті растаумен келісімі және осы Алгоритмнің қосымшасына сәйкес нысан бойынша, ДҚБ сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімі, талап етіледі.
7. Жылжымайтын мүліктің басқа меншік иелері туралы мәліметтер болған жағдайда ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті алуға электрондық өтінішті растай отырып, дербес деректерді жинауға, өңдеуге субъектінің келісімі және осы Алгоритмнің қосымшасына сәйкес нысан бойынша, ДҚБ сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімі, талап етіледі.
8. Платформада толтырылған деректердің негізінде тіркелген құжаттардың, төлем туралы құжаттың бар-жоғын, барлық қатысушылардың ЭЦҚ мемлекеттік қызметін алуға арналған электрондық өтінішке қол қоюының бар-жоғын автоматты тексеру жүзеге асырылады.
9. Осы алгоритмнің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда кепіл ұстаушы кепіл ұстаушының басшысы ЭЦҚ қойған бас тартуды кепіл берушінің https://egov.kz электрондық үкімет веб-порталындағы жеке кабинетіне жібереді.
10. Төлемді растаған сәттен бастап талаптарға сәйкес болған жағдайда, ЖМБМК АЖ-не құжаттар қарауға түседі.
11. ЖМБМК АЖ-не мемлекеттік қызметті алуға электрондық өтініш келіп түскен кезде тіркеу іс-әрекетінің түрі бойынша талаптардың орындалуына тексеру (толтырылған ақпараты бар өтінім фактісінің, төлемнің; жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесінің келісімінің, некені тіркеудің, ЭЦҚ-ны, қатысушылардың ЖСН/БСН-ін тексерудің болуын, мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын ауыртпалықтардың болмауын, терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізімінде мәмілеге болмауы тексеру жүргізіледі.
12. Тексеру "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ), "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі – ЗТ МДҚ), "Азаматтық хал актілерін жазу" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) және ЖМБМК АЖ сервистері бойынша жүргізіледі, атап айтқанда:
1) ЖТ МДБ: жеке тұлға туралы өзекті мәліметтерді беру сервисі;
2) ЗТ МДБ: заңды тұлғалар бойынша мәліметтерді беру сервисі;
3) АХАЖ АЖ: неке қию/бұзу туралы акт жазбалары туралы мәліметтерді беру сервисі;
4) ЖМБМК АЖ: жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы мәліметтерді беру сервисі; жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді беру сервисі.
13. 11 және 12-тармақтармен көзделген барлық шарттар сәтті орындалған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері тіркеуші орган ретінде, жүргізілген тіркеу туралы тіркеу парағына жазба енгізу арқылы, кепілді мемлекеттік тіркеу жүргізіледі.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ЖМБМК АЖ-не жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растау алынған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
15. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабында көзделген негіздер болған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері тіркеуші орган ретінде мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұруды жүзеге асырады.
16. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген негіздер болған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері тіркеуші орган ретінде мемлекеттік тіркеуден бас тартуды жүзеге асырады.
17. Мемлекеттік тіркеу туралы не тіркеуді тоқтата тұру туралы немесе тіркеуден бас тарту туралы хабарлама ЖМБМК АЖ-дан кепіл ұстаушының платформадағы жеке кабинетіне, кепіл берушінің https://egov.kz электрондық үкімет веб-порталындағы жеке кабинетіне жолданады.
3-тарау. Блокчейн қолдана отырып, ұйымдардың платформалары арқылы жылжымайтын мүлік кепілін тоқтатуға мемлекеттік тіркеу жүргізу
18. Жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату процесі көрсетілетін қызметті алушы платформада "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінішті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), кепіл берушінің негізгі міндеттемені орындағанын растайтын құжатты және мемлекеттік тіркеу үшін ақы төлеу туралы құжатты қоса беріп, қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.
19. Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салу платформада мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған мәліметтердің форматы мен толықтығына сәйкестігін тексеруден өтеді.
20. ЖМБМК АЖ-да жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді (жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы, тіркелген кепіл туралы деректер: кепіл берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – ТАӘ), жылжымайтын мүлік кепілі шартының нөмірі мен күні) тексерудің оң нәтижесі болған кезде, мемлекеттік тіркеу үшін ақы төлеу расталған сәттен бастап, Мемлекеттік корпорация қызметкері тіркеуші орган ретінде кепілді тоқтатылуды тіркеуді жүргізілген тіркеу туралы тіркеу парағына жазба енгізу жолымен жүзеге асырады.
21. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі кепілді тоқтатуды тіркеу туралы хабарлама болып табылады.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ЖМБМК АЖ-не жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растау алынған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
23. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабында көзделген негіздер болған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері тіркеуші орган ретінде мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұруды жүзеге асырады.
24. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген негіздер болған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері тіркеуші орган ретінде мемлекеттік тіркеуден бас тартуды жүзеге асырады.
25. Мемлекеттік тіркеу туралы не тіркеуді тоқтата тұру немесе тіркеуден бас тарту туралы хабарлама ЖМБМК АЖ-нен кепіл ұстаушының платформадағы жеке кабинетіне, кепіл берушінің https://еgov.kz электрондық үкіметтің веб-порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі.
26. Пилоттық жобаға қатысатын ұйымдар мен Мемлекеттік корпорация кепіл берушіге берілген ақпараттың толықтығын, дұрыстығын және өзектілігін және деректерді қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету деңгейінде рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды, өз құзыреті шеңберінде кепіл берушіден алынған мәліметтердің уақтылы берілуін және өзгермейтіндігін қамтамасыз етеді.
27. Пилоттық жобаға қатысатын ұйымдар мен Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің сақталуын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Блокчейн қолдана отырып, ұйымдардың | |
платформасы арқылы жылжымайтын | |
мүлік кепілі шарты негізінде құқық | |
ауыртпалықтарын тіркеу алгоритміне | |
қосымша |
Субъектінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімі
Мен_________________________________________________________
ТАӘ (бар болған жағдайда)
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ оларды кепіл ұстаушыға [ұйымның атауы) [БСН_____] беруге келісім беремін.
Дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беру мерзімі осы мемлекеттік қызметті көрсету кезеңінде қолданылады.
Осымен мынадай талаптар мен шарттар туралы хабардар етілгенімді растаймын:
осы мемлекеттік қызмет шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының [БСН___] "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықты (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеуге өтінімді жасап және жіберу үшін [ұйымның атауы) [БСН_____] платформасы пайдаланылады;
дербес деректерді трансшекаралық берудің болмауы туралы жарлық;
жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таратылмауы туралы жарлық.
Осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті электрондық, қағаз және/немесе өзге де материалдық тасығышта тіркелген, менімен байланысты жиналатын деректердің тізбесі туралы хабарланды:
ТАӘ (бар болған жағдайда);
тұрғылықты/тіркелген жерінің мекенжайы, тұрғылықты жері бойынша немесе уақытша тұратын (тұратын)жері бойынша тіркелген күні;
байланыс телефондарының нөмірі;
қолы (өз қолымен және электрондық-цифрлық), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, құжаттың берілген күні, құжаттың қолданылу мерзімі, құжатты берген орган;
туу туралы мәліметтер: туған күні; туған жері;
жынысы;
отбасы жағдайы туралы мәліметтер: некедегі жай-күйі, неке қию туралы куәліктің деректері, некені бұзу туралы куәліктің деректері, жұбайының ТАӘ (бар болған жағдайда), жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
азаматтығы туралы мәліметтер;
мүлік (мүліктік жағдай) туралы мәліметтер: жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы мәліметтер: сәйкестендіру сипаттамалары (мекенжайы, мекенжайдың тіркеу коды, жылжымайтын мүлік түрі, кадастрлық нөмірі, меншік нысаны, құрамдас бөліктер саны, жер санаты, бөлінгіштігі, нысаналы мақсаты, қабаттылығы, жалпы және тұрғын алаңы), техникалық сипаттамалары;
диспансерлік науқастардың есепте болуы туралы ақпарат;
терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізімінде болмауы туралы ақпарат.
[Субъектінің ЭЦҚ]
[Күні]