"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компания" АҚ-ға жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің әкімінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19, 69-баптарына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Абай ауданы Топар кентінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Қазақстан темір жолы "Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына Топар станциясына дейін 767 км-ден бастап магистральдық байланыс кабелін ұстау және қызмет көрсету үшін жалпы көлемі 2,0780 га жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 49 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына:

      1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуге, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын (келісім бойынша);

      2) жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

      3) санитариялық және экологиялық нормаларды сақтауға; қажет болған жағдайда пайдаланушы қызметтерге жер учаскесіне кедергісіз кіруді қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Топар кенті әкімінің орынбасары К. А. Балтаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Сафаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады