Жария сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 5 ақпандағы № 06/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 464,4806 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 6 (алты) жылға жария сервитут белгіленсін.

      2. "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

      3. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Аманжолов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 5 ақпандағы
№ 06/01 қаулысына қосымша

"Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

р/с №

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы

Кадастрлық нөмірі

Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар

1

"Тау-кен металлургия компаниясы "Нурдаулет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

09-102-040-253

3,1848

2

"Тау-кен металлургия компаниясы "Нурдаулет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

09-102-040-256

13,2475

3

Жүніс Қанағат Қасенұлы

09-102-040-1663

54,4975

4

Сенбеков Болат Жанаевич

09-102-040-1666

15,287

5

Ақтоғай ауданының жер қоры


378,2638


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады