Мырзабай ахун ауылындағы "Колхоз" көшесін "Ахмет Байтұрсынұлы" есімімен қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мырзабай ахун ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 5 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Мырзабай ахун ауылы халқының пікірін ескере отырып және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 3 сәуірдегі қорытындысы негізінде Мырзабай ахун ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауылдық округінің Мырзабай ахун ауылындағы "Колхоз" көшесі "Ахмет Байтұрсынұлы" есімімен қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мырзабай ахун ауылдық округінің әкімі Г. Тауыпбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады