Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық - құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 92 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өзенинвест" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өзен жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өзенэнергосервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н. Худибаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Жаңаөзен қаласының әкімі Ж. Қайнарбаев

  Жаңаөзен қаласының әкімдігінің
  2025 жылғы 12 наурыздағы
  №92 қаулысына қосымша

Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

      1. Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

Р/с

Кәсіпорындардың атауы

Таза кіріс мөлшері

Аударылуға жататын таза кіріс сомасы

1.
2.
3.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өзенинвест" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өзенжылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өзенэнергосервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 5 пайыз

таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз

таза табыс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз

      2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың игілігінде қалған таза кіріс бөліктері кәсіпорынды дамытуға, мемлекеттік басқару органымен келісілген нақты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады