Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19, 69 – баптарына сәйкес, Рахат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Кендірлі ауылынан орташа және төменгі қысымдағы газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін жалпы көлемі 1,5419 гектар жер учаскесі "QAZAQGAZAIMAQ" акционерлік қоғамына (БСН: 020440001144) меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Рахат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маманы А. Турарова) заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жаңаөзен қаласы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Рахат ауылы әкімінің орынбасары Қ. Табанбаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Әкім Р. Сырымов |
Рахат ауылы әкімінің | |
2025 жылғы "19" наурыздағы | |
№ 54 шешіміне қосымша |
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
№ | Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары | Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, гектар |
1 | Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылы, Жұлдыз шағынауданына төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін | 1,5052 |
2 | Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылы, Жұлдыз шағынауданына орташа қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін | 0,0367 |
Барлығы: | 1,5419 |