Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Гагарин қайтпа су бөгетіне қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай қаласы, Тобыл өзенінде орналасқан, Пролетарская мен Гагарин көшелерінің жармасы арасында, "Гагарин қайтпа су бөгеті" мекенжайында орналасқан, елді мекендердің жері санатынан ұзындығы 60 метр және ұзындығы 160 метр, жалпы алаңы 0,3194 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |