"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының жоспардан тыс отырысының 2025 жылғы 10 ақпандағы № 1 хаттамасына сәйкес Амангелді ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Амангелді ауданы әкімінің "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2024 жылғы 28 наурыздағы № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Амангелді ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Амангелді ауданының әкімі | Қ. Кеделбаев |