"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы 12-тармағына, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әулиекөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы мынадай әлеуметтік қолдау көрсетілсін:
жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын, ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.
2. Сондай-ақ осы шешімнің 1-тармағының әрекеті ветеринария саласында қызмет жасайтын ветеринарлық пункттердің ветеринар мамандарына да таратылады.
3. Осы шешімнің 1-тармағында көзделген Әулиекөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген ауылдар, кент және ауылдық округ әкімдерінің аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілерге көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы 12-тармағымен көзделген шектеулер есепке алынып, беріледі.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | Д. Қойшыбаев |