Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35–бабына сәйкес Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "2024 жылы. Қостанай облысы B2G сегменті үшін ТОБЖ құрылысы" объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланысты төсеу, қызмет көрсету және пайдалану үшін, 3 жыл мерзімге, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Адаевка ауылы, Уәлиханов көшесі, Школьная көшесі мекенжайында орналасқан шамамен ауданы 0,21404 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану (жария сервитут) құқығы берілсін.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Адаевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгіділеді.
Б. Рахимжанов |