Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері және Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары туралы Ережелерді бекіту туралы" 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 233 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі" 8-қосымшасы, көрсетілген қаулымен бекітілген:
14-тармақ осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Мыржақыпов |
Әкімдіктің | |
2025 жылғы "04" ақпан | |
№ 18 қаулысына | |
қосымша | |
Әкімдіктің | |
2023 жылғы "14" қыркуйек | |
№ 233 қаулысына | |
қосымша |
"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері және Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары туралы ережелерді бекіту туралы" Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 233 қаулысына толықтыру енгізу туралы
14. Функциялар:
- халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік әлеуметтік саясатты және кедейлікті төмендету жөніндегі шараларды іске асыру;
- жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
- жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегін, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу;
- облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;
- Ұлттық жобалар, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;
- кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдау;
- халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
- қарауындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді құру және олардың қызметі;
- халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
- мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
- жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
- мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
- жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшіні, есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманын қызметтермен қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну;
- ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
- әлеуметтік қорғауға және оңалту іс-шараларын орындауға мұқтаж мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың мәселелері бойынша ауылдық округ әкімдерімен өзара іс-қимыл жасау;
- әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу мониторингі;
- мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау мәселелері бойынша денсаулық сақтау, білім беру органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
- өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және ақталған адамға куәлік беру;
- "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- әкімдікке және мәслихатқа халықты, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
- "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау және кеңес беру;
- өтініш білдірген азаматтардың ұсыныстарын, өтініштерін, шағымдарын қарау және қажетті шараларды қабылдау;
- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге қаржы қаражатының қажеттілігін болжау, тұрғын үй көмегі, мүгедек адамдар қатарындағы балаларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және жергілікті бюджеттен төленетін басқа да әлеуметтік төлемдер;
- жоғары тұрған мемлекеттік органдарға есептілікті, ақпаратты, мониторингтерді ұсыну;
- әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.