Кесімді бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 26 бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 48-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кесімді бағаны айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жұманғарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

  Бұйрықпен бекітілген

Кесімді бағаны айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кесімді бағаны айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 48-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжанатын түсімдердің көлемінен аспайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансфертті жоспарлау үшін кесімді бағаны айқындау тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:

      1) кесімді баға – мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжанатын қаражат түсімдерінің көлемін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің ең көп ықтимал көлемін есептеу үшін уәкілетті орган пайдаланатын мұнайдың әлемдік бағасының есептік көрсеткіші. Кесімді баға Бюджет кодексінің 60-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында белгіленеді.

      2) мұнайдың әлемдік бағасы – Дүниежүзілік Банктің ресми интернет-ресурсында жарияланған тауар нарықтары жөніндегі статистикасының деректеріне сәйкес "Брент" (Brent) маркалы мұнайдың айлық бағасы.

2-тарау. Кесімді бағаны айқындау тәртібі

      3. Кесімді бағаны есептеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін бекітетін республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасын әзірлеу кезінде жыл сайын үш жылдық болжамды кезеңге (бірінші жыл – базалық болжам, келесі екі жыл –индикативтік) жүргізеді.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан болжамды кезеңге арналған кепілдендірілген трансферттің ең көп ықтимал мөлшерін уәкілетті орган мұнайдың бағасы кесімді бағаға тең болған кезде Бюджет кодексі 52-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан салықтық түсімдер ретінде есептейді.

      5. Кесімді бағаның есеп-қисабы мен тиісті жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің ең жоғары ықтимал мөлшерінің есеп-қисабын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келіседі.

      6. Мұнай өндірудегі түзетусіз алынған кесімді баға мынадай формула бойынша есептеледі:

      Pr = P6 + 0.9 * (P7 – P6 ), мұндағы:

      Pr – өндірудегі түзетусіз алынған кесімді баға;

      P6 – алдыңғы 15 (он бес) жыл (60 (алпыс) тоқсан) ішінде мұнайдың орташа тоқсандық бағаларын іріктеудің шамасы бойынша өсу тәртібімен 6-шы мәніне сәйкес келетін мұнайдың орташа тоқсандық бағасы;

      P7 – алдыңғы 15 (он бес) жыл (60 (алпыс) тоқсан) ішінде мұнайдың орташа тоқсандық бағаларын іріктеудің шамасы бойынша өсу тәртібімен 7-ші мәніне сәйкес келетін маркалы мұнайдың орташа тоқсандық бағасы.

      7. Мұнай өндіруге кесімді бағаны түзету мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      Prс – кесімді баға;

      Pr – өндірудегі түзетусіз алынған кесімді баға;

      W – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес жоспарлы кезеңге арналған миллион тоннамен алғанда мұнай өндіру болжамы;

      90,5 – алдыңғы 15 (он бес) жылда ең көп өндіру деңгейі болып табылатын, миллион тоннамен алғанда 2019 жылғы мұнай өндіру деңгейіне сәйкес келеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады