Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 13 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Костычев ЖАСКО-нан (жер асты сулары кен орны) Качар кентінде сумен жабдықтау жүйесін салу үшін, Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 55,3423 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Исабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады