1. "Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы" кәсіптік стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу саласы: "Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы" кәсіби стандарты "Кәсіптік Біліктілігі туралы" ҚРЗ 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда қызметкерді оқытуға білім беру ұйымдары жұмыскерлері мен түлектерінің кәсіби біліктілігін тану және мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы объектілерді, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларын сараптау бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кең ауқымды міндеттердің шешімдеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) автожанармай құю станциясы – мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қамтамасыз ететін, есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылған технологиялық кешен мен жабдық;
2) білім – кәсіби тапсырма шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерттелген және игерілген ақпарат;
3) дағды – кәсіби тапсырманы толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
4) мамандық – жеке тұлға жүзеге асыратын және оны орындау үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін кәсіп түрі;
5) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіби даярлық дәрежесі;
6) кәсіптік стандарт – ресми және (немесе) бейресми және (немесе) ақпараттық білім беруді, біліктілік пен құзыреттілік деңгейін, кәсіби қызметтің нақты саласындағы еңбек мазмұнын, сапасы мен жағдайларын ескере отырып, білімге, машыққа, дағдыларға, жұмыс тәжірибесіне қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;
7) құзыреттілік - еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіби тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін дағдыларды қолдану мүмкіндігі;
8) машық - кәсіби міндет шеңберінде жеке бірлік іс-әрекеттерді физикалық және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;
9) бұзылмайтын бақылау - объектіні жұмыстан шығаруды не оны бөлшектеуді талап етпейтін объектінің немесе оның жекелеген элементтерінің/тораптарының негізгі қасиеттері мен параметрлерінің сенімділігін бақылау;
10) наряд-рұқсат- - қауіптілігі жоғары жұмыстарға қолданылатын жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге ұйымның жазбаша өкімі, онда барлық қажетті қауіпсіздік шаралары және жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты адамдар көрсетіледі;
11) техникалық диагностика - одан әрі қауіпсіз пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында техникалық құрылғылардың техникалық жай-күйін анықтауға арналған ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық іс-шаралар кешені;
12) технологиялық регламент - кәсіпорынның өндірісті жүргізу әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық процесті жүргізу шарттары мен тәртібін белгілейтін, дайын өнімді стандарттардың талаптарына сәйкес келетін сапа көрсеткіштерімен алуды қамтамасыз ететін, жұмыс жүргізу қауіпсіздігін және өндірістің оңтайлы техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуді белгілейтін ішкі нормативтік құжаты.
13) техникалық куәландыру – "Мұнай және газ өнеркәсібі. Қауіп-қатер факторларын ескере отырып техникалық куәландыру" ҚР СТ 3731-2021 негізінде өткізілетін тәуекел факторларын бағалауды ескеріп, жабдықтың иесінің жабдықтың сенімділігі мен механикалық бүтіндігін қамтамасыз ететін әдістемелері мен құралдары болған жағдайда жабдықтың техникалық жай-күйін, оны қауіпсіз пайдалану мүмкіндігін айқындау не мониторинг жүргізу мақсатында паспортта дайындаушы көрсеткен қызмет мерзімі ішінде жабдықтың сенімділігі мен механикалық тұтастығын қамтамасыз ететін бұзылмайтын бақылау әдістерін қолдана отырып, технологиялық жабдықтың үстіңгі қабатын сырттай қарап тексеру, ішін қарап тексеру, гидравликалық немесе пневматикалық сынауды қамтитын шаралар кешені;
14) пайдалану паспорты - негізгі техникалық сипаттамаларды, сондай-ақ жүргізілген жөндеулер туралы деректерді қамтитын құжат;
15) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы - сараптама объектісінің оған қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және нәтижесі сараптамалық қорытынды болып табылатын қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкестігін (немесе сәйкессіздігін) бағалау;
16) cынақ зертханасы – бұзылатын, бұзылмайтын, аналитикалық бақылау әдістері негізінде өлшеу аспаптарын пайдалана отырып жұмыстар жүргізу үшін белгіленген тәртіппен танылған ұйым.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
6) БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерің бірыңғай тарифтік-Біліктілігі анықтамалығы.
4. Кәсіптік стандарттың атауы: Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы объектілер, мұнай базалары мен жанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы
5. Кәсіптік стандарттың коды:
6. ЭҚЖЖ сәйкес секцияны, бөлімді, топты, сыныпты және кіші сыныпты көрсету:
Топ: 74.9 - басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;
Сынып: 74.90 - басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;
Ішкі сынып: 74.90.9 - басқа топтарға енгізілмеген өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет.
7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Кәсіптік стандарт мамандандырылған ұйымдардың мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілердің, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында кәсіби қызметтер көрсету жөніндегі мамандар мен сарапшылардың кәсіби құзыреті саласындағы талаптарды белгілейді.
8. Кәсіптер карточкаларының тізімі:
1) мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілерді тексеру жөніндегі маман – СБШ-5 деңгейі;
2) мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілерді куәландыру жөніндегі маман – СБШ-6 деңгейі;
3) мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы объектілер, мұнай базалары мен автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сарапшы – СБШ-7 деңгейі.
9. Кәсіп карточкасы: "Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілерді тексеру жөніндегі маман"
|
Топтың коды:
|
3112-9
|
Сабақ атауының коды:
|
|
Кәсіптің атауы:
|
Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілерді тексеру жөніндегі маман
|
СБШ бойынша Біліктілігі деңгейі:
|
5
|
БТБА, БА, үлгілік Біліктілігі сипаттамалары бойынша Біліктілігі деңгейі:
|
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Орта білімнен кейінгі білім
|
Мамандығы:
|
Біліктілігі:
|
Мұнай мен газды өңдеу технологиясы
|
Мұнай мен газды қайта өңдеудің қолданбалы бакалавры
|
Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)
|
Қолданбалы химиялық өндіріс бакалавры
|
Бейресми және ақпараттық біліммен байланыс:
|
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандарды даярлаудан, қайта даярлаудан өту және "Азаматтық қорғау туралы" ҚРЗ 79-бабына сәйкес білімін тексеру туралы куәлік алу
|
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
|
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтау тұрғысынан қауіпті техникалық құрылғыларға, мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы объектілерге, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізу.
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Объектіні зерттеу жүргізуге дайындау.
2. Құрылымдық элементтерді, қауіпті техникалық құрылғыларды тексеру.
3. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша статистикалық деректерді ресімдеу.
|
Қосымша еңбек функциясы:
|
1. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|
1-еңбек функциясы:
Объектіні зерттеу жүргізуге дайындау.
|
1-дағды:
Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға байланысты Құжаттаманы талдау.
|
Машығы:
1. Қауіпті өндірістік объектінің нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамасына талдау жүргізу.
2. Техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты құжаттаманы, оның ішінде пайдалану режимдерін, дайындаушы зауыттарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, авариялар мен инциденттерді тергеп-тексеру актілерін, жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы мәліметтерге талдау жүргізу.
3. Жабдықтың нақты орналасуын жобалау құжаттамасына сәйкестігін, сондай-ақ олардың паспорттар мен дайындаушы зауыттарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкестігін тексеру.
|
Білімі:
1. Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілердің негізгі конструктивтік және технологиялық шешімдері.
2. Техникалық құрылғылардың түрлері, мақсаты, құрылғысы, пайдалану ережелері, негізгі құрылымдық ерекшеліктері.
3. Қауіпті өндірістік объектінің жобалық және жұмыс құжаттамасын оқу ерекшеліктері.
4. Жобалау және жұмыс құжаттамасында қолданылатын арнайы лексика және терминология.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Тексеруге дайындық
|
Машығы:
1. Зерттеу жүргізу үшін объектіні дайындауды жүзеге асыру.
2. Зақымдайтын факторларды, ең ықтимал ақауларды және пайдалану жағдайларына байланысты техникалық құрылғы материалының оларға сезімталдығын анықтау.
3. Жабдықтың бетін зерттеуге дайындау әдістері мен құралдарын таңдауды жүзеге асыру.
4. Қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жабдықты мұнай өнімдерінің қалдықтарынан тазарту.
|
Білімі:
1. Тексеру жүргізу үшін объектіні дайындау бөлігінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
2. Бақылау объектісінің бетін дайындау бөлігінде қолданылатын бақылау әдістеріне техникалық құрылғыларды және ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттарды тексеру бағдарламаларының талаптары.
3. Жабдықты мұнай өнімдерінің қалдықтарынан тазарту жөніндегі технологиялық регламент.
4. Өлшем бірлігі және метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасы.
5. Техникалық диагностика әдістері, техникалық құрылғыларды бұзылатын және бұзылмайтын бақылау.
6. Техникалық құрылғыларды бұзылмайтын бақылау және сынау әдістерінің (түрлерінің) физикалық негіздері, қолдану салалары және қолданылуын шектеу.
7. Ақаулардың (зақымданулардың) түрлері, олардың жіктелуі, пайдалану әсерлерін ескере отырып, ақаулардың (зақымданулардың) пайда болу себептері мен ықтимал аймақтары, олардың даму салдары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-еңбек функциясы:
Құрылымдық элементтерді, қауіпті техникалық құрылғыларды тексеру.
|
1-дағды:
СЗ ББ жұмысын ұйымдастыру
|
Машығы:
1. СЗ ББ жұмысы үшін қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету.
2. Техникалық диагностика жүргізуге арналған жабдықты орнату.
3. СЗ ББ жабдықтарын пайдалану.
4. Өлшеу аспаптарының жарамдылығын бақылау.
|
Білімі:
1. Біліктілігітің I деңгейіндегі ББ әдістері.
2. Шығын материалдарының сипаттамасы.
3. Дайындаушы зауытты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес СЗ ББ жабдығымен қауіпсіз жұмыс істеу тәртібі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Техникалық диагностика жүргізу
|
Машығы:
1. Диагностика мақсатында техникалық құрылғыны тексеруді жүргізу.
2. Қауіпті өндірістік объектіде техникалық диагностика жүргізу.
|
Білімі:
1. Зерттелетін объектілердің техникалық ерекшеліктері.
2. Тексеру жүргізу бөлігінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
3. Ақаулардың (зақымданулардың) түрлері, олардың жіктелуі, пайдалану әсерлерін ескере отырып, ақаулардың (зақымданулардың) пайда болу себептері мен ықтимал аймақтары, олардың даму салдары.
4. Қауіпті техникалық құрылғыларды тексеру мен куәландыруға қойылатын талаптар бөлігінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 3:
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша статистикалық деректерді ресімдеу.
|
1-дағды:
Қалдық ресурсты бағалауды есептеу
|
Машығы:
1. Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу.
2. Зерттелетін техникалық құрылғының қалдық ресурсын бағалауды анықтау үшін алынған динамикалық және статистикалық деректерді қолдану.
3. Техникалық құрылғыны бұзылмайтын бақылау және сынау әдістерімен анықталған ақаулардың (ауытқулардың, сәйкессіздіктердің, зақымданулардың) әсерін бағалау.
4. Техникалық құрылғы жасалған материалдардың қасиеттері мен құрылымындағы өзгерістерді зерттеу нәтижелерін бағалау.
|
Білімі:
1. Техникалық құрылғыларды диагностикалау, куәландыру, бұзылмайтын бақылау және сынау саласындағы техникалық және әдістемелік құжаттар.
2. Техникалық құрылғыларды дайындау, пайдалану және жөндеу технологиясының конструктивтік ерекшеліктері, ақаулардың (зақымданулардың) түрлері, олардың жіктелуі, пайдалану әсерлерін ескере отырып, ақаулардың (зақымданулардың) пайда болу себептері мен ықтимал аймақтары, олардың даму салдары.
3. Техникалық құрылғыларды бұзылмайтын бақылау және сынау әдістерінің (түрлерінің) физикалық негіздері, қолдану салалары және қолданылуын шектеу
4. Техникалық құрылғыларды диагностикалау үшін қажетті техникалық диагностикалау, техникалық құрылғыларды бұзылактын және бұзылмайтын бақылау, қауіпті өндірістік объектідегі авария тәуекелін және соған байланысты қауіпті бағалау әдістері
5. Лир, Mathcad, Autodesk, AutoCad және басқа CAD бағдарламаларын есептеуге арналған бағдарламалар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Тексеру нәтижелерін тіркеу.
|
Машығы:
1. СЗ ББ жабдықтарын пайдалану.
2. Өлшеу аспаптарынан көрсеткіштерді алу және пайдалану параметрлерінен ауытқуларды көзбен шолып анықтау.
3. Тексеру жүргізудің қорытынды хаттамаларын толтыру.
4. Өлшеу аспаптарының жарамдылығын бақылау.
5. Техникалық құрылғыны тексеру нәтижелерін ресімдеу.
6. Техникалық диагностикалау және қауіпті техникалық құрылғыны куәландыру бойынша қорытынды есептерді (актілерді, хаттамаларды) ресімдеу.
|
Білімі:
1. Зерттелетін кәсіпорынның Asset Management бағдарламалық жасақтамасы мен жүйесі.
2. Техникалық құрылғыларды диагностикалау, куәландыру, бұзылмайтын бақылау және сынау саласындағы техникалық және әдістемелік құжаттар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Қосымша еңбек функциясы:
Қауіпсіздік талаптарын сақтау.
|
1-дағды:
Жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру.
|
Машығы:
1. Қауіпсіздік талаптарын практикада қолдану.
2. Әр түрлі жағдайларда алғашқы көмек көрсету.
3. Қазақстан Республикасының Экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыстарды жүргізудің шығыс материалдары мен өнімдерін кәдеге жарату.
|
Білімі:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 30.12.2014 жылғы № 342 бұйрықпен бекітілген Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10256 болып тіркелген) – бұдан әрі Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына
Сәйкес .
2. Алғашқы көмек көрсету негіздері.
3. Объектіде белгіленген және кәсіпорынның ішкі регламентімен бекітілген қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
|
Командада жұмыс істеу. Бейімділік, зейінділік, жауапкершілік, ұйымшылдық. Талдау, қорытынды жасау қабілеті. Үнемі жаңа технологиялар мен жаңа тәсілдерді үйрену.
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
1. "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 010/2011);
2. "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 032/2013);
3. "Жарылыс қаупі бар ортада жұмыс істеуге арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 012/2011);
4. ҚР ҚН 2.02-03-2023 "Мұнай және мұнай өнімдері қоймалары. Өртке қарсы нормалар";
5. ҚР ЕЖ 2.02-103-2012 "Мұнай және мұнай өнімдері қоймалары. Өртке қарсы нормалар";
6. ҚР ҚН 4.04-07-2023 "Электротехникалық құрылғылар";
7. ҚР ЕЖ 4.04-107-2013 "Электротехникалық құрылғылар";
8. ҚР ҚН 2.04-01-2011 "Табиғи және жасанды жарықтандыру";
9. ҚР ЕЖ 2.04-104-2012 "Табиғи және жасанды жарықтандыру";
10. ҚР ҚН 5.03-07-2013 "Тірек және қоршау конструкциялары";
11. ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 "Тірек және қоршау конструкциялары";
12. ҚР ҚН 2.02-11-2002 "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты өрт дабылы жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау және адамдарды өрт туралы құлақтандыру нормалары";
13. ҚР СТ 3517-2020 "Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі. Технологиялық қондырғылар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу тәртібі";
14. ҚР СТ ISO 16961-2017 "Мұнай, мұнай-химия және газ өнеркәсібі. Мұнай өнімдерін сақтауға арналған болат резервуарлардың ішкі жабыны және қаптамасы";
15. ҚР СТ ИСО 23251-2010 "Мұнай, мұнай-химия және газ өнеркәсібі. Қысымды төмендету және төмендету жүйелері";
16. ҚР СТ 3075-2017 "Мұнай, мұнай-химия және газ өнеркәсібі. Мұнай өңдеу зауыттарының коррозиялық ортасында сульфидтің жарылуына төзімді металл материалдар";
17. ҚР СТ 3125-2017 "Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі. Каталитикалық риформинг және гидротазарту қондырғысы. Жабдықты пайдалану және тексеру";
18. ҚР СТ 3731-2021 "Мұнай және газ өнеркәсібі. Тәуекел факторларын ескере отырып техникалық куәландыру";
19. ҚР ЕЖ 3.05-103-2014 "Технологиялық жабдықтар және технологиялық құбырлар".
|
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс
|
6
|
Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілерді куәландыру жөніндегі маман
|
10. Кәсіп карточкасы: "Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілерді куәландыру жөніндегі маман"
|
Топтың коды:
|
2141-9
|
Сабақ атауының коды:
|
|
Кәсіптің атауы:
|
Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілерді куәландыру жөніндегі маман
|
СБШ бойынша Біліктілігі деңгейі:
|
6
|
БТБА, БА, үлгілік Біліктілігі сипаттамалары бойынша Біліктілігі деңгейі:
|
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Жоғары білім
|
Мамандығы:
Инженерия және инженерлік іс
|
Біліктілігі:
|
Өндірістік және өңдеу салалары
|
Бейресми және ақпараттық біліммен байланыс:
|
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандарды даярлаудан, қайта даярлаудан өту және "Азаматтық қорғау туралы" ҚРЗ 79-бабына сәйкес білімін тексеру туралы куәлік алу
|
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
|
Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын кәсіпорындарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі
|
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
|
-
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтау тұрғысынан қауіпті техникалық құрылғыларға, мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы объектілерге, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларына техникалық куәландыру жүргізу.
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті
еңбек функциялары:
|
1. Объектінің технологиялық регламентіне және бұрын жүргізілген жұмыстардың нәтижелеріне талдау жүргізу.
2. Техникалық диагностиканы жүргізуге басшылық жасау.
3. Зерттеу нәтижелері бойынша статистикалық деректердің есептеулерін жүргізу.
|
Қосымша еңбек функциясы:
|
1. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|
1-еңбек функциясы:
Объектінің технологиялық регламентіне және бұрын жүргізілген жұмыстардың нәтижелеріне талдау жүргізу.
|
1-дағды:
Объектінің технологиялық регламентімен танысу.
|
Машығы:
1. Қауіпті өндірістік объектінің нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамасын талдау.
2. Объектінің технологиялық регламентін талдау, оның өнеркәсіптік қауіпсіздік және жобалау құжаттамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін анықтау.
3. Объектідегі жұмыстардың хронологиясы мен нәтижелерін түсіну.
4. Жабдықтың нақты орналасуын жобалау құжаттамасына сәйкестігін, сондай-ақ олардың паспорттар мен дайындаушы зауыттарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкестігін тексеру.
|
Білімі:
1. Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілердің негізгі конструктивтік және технологиялық шешімдері.
2. Техникалық құрылғылардың түрлері, мақсаты, құрылғысы, пайдалану ережелері, негізгі құрылымдық ерекшеліктері.
3. Қауіпті өндірістік объектінің жобалық және жұмыс құжаттамасын оқу ерекшеліктері.
4. Жобалау және жұмыс құжаттамасында қолданылатын арнайы лексика және терминология.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Техникалық байқауды өткізу кезеңділігінің және оның нәтижелерінің мониторингі.
|
Машығы:
1. Жабдықтарға тексеру жүргізудің уақтылығы мен толықтығын анықтау.
2. Жабдықтардың тексеру жүргізу журналдарында тіркелген нәтижелердің дұрыстығына талдау жүргізу.
|
Білімі:
1. Қауіпті техникалық құрылғыларды тексеру және куәландыру тәртібі бөлігінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
2. Жабдықтарды тексеру, жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижелерін ресімдеуге және объектіні куәландыруға қойылатын талаптар.
3. Техникалық құрылғыларды диагностикалау, куәландыру, бұзылмайтын бақылау және сынау саласындағы техникалық және әдістемелік құжаттар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
3-дағды:
Объектінің технологиялық схемасын талдау.
|
Машығы:
1. Объектіде тексеру жүргізу шарттары мен ұзақтығын анықтау.
2. Объектіде жұмыс жүргізу кезінде ықтимал болатын тәуекелдерді анықтау.
|
Білімі:
1. Техникалық құрылғыларды бұзылмайтын бақылау және сынау әдістерінің (түрлерінің) физикалық негіздері, қолдану салалары және қолданылуын шектеу.
2. Ақаулардың (зақымданулардың) түрлері, олардың жіктелуі, пайдалану әсерлерін ескере отырып, ақаулардың (зақымданулардың) пайда болу себептері мен ықтимал аймақтары, олардың даму салдары.
3. Техникалық құрылғыларды диагностикалау, куәландыру, бұзылмайтын бақылау және сынау саласындағы техникалық және әдістемелік құжаттар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-еңбек функциясы: техникалық диагностиканы жүргізуге басшылық ету.
|
1-дағды:
ББ жабдықтары мен шығыс материалдарын тапсырыс берушімен келісу.
|
Машығы:
1. ББ жабдықтары мен шығын материалдарын таңдау.
2. Объектіге тексеру жүргізу үшін жабдықтар мен ББ шығыс материалдар сипаттамаларының салыстырма кестесін қалыптастыру.
|
Білімі:
1. Өлшем бірлігі және метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасы.
2. ББ жабдықтары мен шығыс материалдарының түрлері.
3. Техникалық құрылғыларды бұзылмайтын бақылау және сынау әдістерінің (түрлерінің) физикалық негіздері, қолдану салалары және қолданылуын шектеу.
4. Ақаулардың (зақымданулардың) түрлері, олардың жіктелуі, пайдалану әсерлерін ескере отырып, ақаулардың (зақымданулардың) пайда болу себептері мен ықтимал аймақтары, олардың даму салдары.
5. Техникалық құрылғыларды диагностикалау, куәландыру, бұзылмайтын бақылау және сынау саласындағы техникалық және әдістемелік құжаттар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды: техникалық диагностикалау әдістерін анықтау.
|
Машығы:
1. Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы объектілерге, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларына жобалау, атқару және пайдалану құжаттамасына талдау жүргізу.
2. Құжаттамамен танысу нәтижелері бойынша сынақтар жүргізудің негізгі параметрлерін анықтау.
3. Техникалық құрылғыларды бұзбай бақылау мен сынаудың ең тиімді әдістерін (түрлерін) анықтау.
|
Білімі:
1. Техникалық диагностика әдістері, техникалық құрылғыларды бұзылатын және бұзылмайтын бақылау.
2. ББ жабдықтары мен шығыс материалдарының түрлері.
3. Техникалық құрылғыларды бұзылмайтын бақылау және сынау әдістерінің (түрлерінің) физикалық негіздері, қолдану салалары және қолданылуын шектеу.
4. Ақаулардың (зақымданулардың) түрлері, олардың жіктелуі, пайдалану әсерлерін ескере отырып, ақаулардың (зақымданулардың) пайда болу себептері мен ықтимал аймақтары, олардың даму салдары.
5. Техникалық құрылғыларды диагностикалау, куәландыру, бұзылмайтын бақылау және сынау саласындағы техникалық және әдістемелік құжаттар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
3-дағды:
Техникалық диагностикалау рәсімінің сақталуын бақылауды ұйымдастыру.
|
Машығы:
1. СЗ жұмыстарын орындау графигін әзірлеу.
2. СЗ өткізілетін сынақтарының хаттамасын тексеру.
3. Объектіде жүргізуге арналған өлшеу аспаптарының түрлері мен ерекшеліктерін анықтау.
4. Зерттелетін объектілерде ББ әдістері мен жабдықтарының қолданылуын бақылау.
5. Диагностикалық жүйелерді орнату мен жүргізудің дұрыстығын анықтау.
6. Техникалық диагностикалау жүргізу кезінде объектіде жұмыстар жүргізудің қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету.
|
Білімі:
1. Техникалық диагностика әдістері, техникалық құрылғыларды бұзылатын және бұзылмайтын бақылау.
2. Техникалық құрылғыларды бұзбайтын бақылау және сынау әдістерінің (түрлерінің) физикалық негіздері, қолдану салалары және қолданылуын шектеу.
3. Ақаулардың (зақымданулардың) түрлері, олардың жіктелуі, пайдалану әсерлерін ескере отырып, ақаулардың (зақымданулардың) пайда болу себептері мен ықтимал аймақтары, олардың даму салдары.
4. Қауіпті техникалық құрылғыларды тексеру мен куәландыруға қойылатын талаптар бөлігінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
5. Біліктілігітің II деңгейіндегі ББ әдістері.
6. Өлшем бірлігі және метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасы.
7. Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
3-еңбек функциясы:
Зерттеу жүргізу нәтижелері бойынша статистикалық деректердің есептеулерін жүргізу.
|
1-дағды:
Қалдық ресурсты бағалауды есептеу.
|
Машығы:
1. Зерттелетін объектінің қалдық ресурсын бағалауды анықтау үшін алынған статистикалық деректерді қолдану.
2. Бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеу.
3. Техникалық құрылғылардың шекті жай-күйінің көлшемшарттарын белгілеу (таңдау).
4. Техникалық құрылғылардың қалдық ресурсын бағалау.
5. Анықталған ақауларды (ауытқуларды, сәйкессіздіктерді, зақымдарды) ескере отырып, техникалық құрылғылардың техникалық жай-күйін бағалау және болжау.
|
Білімі:
1. Техникалық құрылғыларды диагностикалау, куәландыру, бұзылмайтын бақылау және сынау саласындағы техникалық және әдістемелік құжаттар.
2. Техникалық құрылғыларды дайындау, пайдалану және жөндеу технологиялары, ақаулардың (зақымданулардың) түрлері, олардың жіктелуі, пайдалану әсерлерін ескере отырып, ақаулардың (зақымданулардың) пайда болу себептері мен ықтимал аймақтары, олардың даму салдары.
3. Қауіпті өндірістік объектідегі авария тәуекелін бағалау әдістері.
4. Лира, Mathcad, Autodesk, AutoCad және басқа CAD бағдарламаларын есептеуге арналған бағдарламалар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Тексеру актісін ресімдеу.
|
Машығы:
1. Тексеру актісінің есепті кестелерін толтыру.
2. Техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту кезінде есептеу-аналитикалық рәсімдерін жүргізу нәтижелерін ресімдеу.
3. Есептеулерде белгіленген қалдық ресурс шеңберінде техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы мәліметтерді қамтитын техникалық есепті ресімдеу.
4. Тексеру актісін тапсырыс берушімен келісу.
|
Білімі:
1. Техникалық құрылғыларды сараптау, диагностикалау, куәландыру, бұзбайтын бақылау және сынау саласындағы техникалық және әдістемелік құжаттар.
2. Қауіпті техникалық құрылғыларды тексеру мен куәландыруға қойылатын талаптар бөлігінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Қосымша еңбек функциясы:
Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|
1-дағды.
Жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру.
|
Машығы:
1. Қауіпсіздік талаптарын практикада қолдану.
2. Әртүрлі жағдайларда алғашқы көмек көрсету.
3. Қазақстан Республикасының Экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыстарды жүргізудің шығыс материалдары мен өнімдерін кәдеге жарату.
|
Білімі:
1. Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптары.
2. Алғашқы көмек көрсету негіздері.
3. Объектіде белгіленген және кәсіпорынның ішкі регламентімен бекітілген қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
|
Логикалық ойлау. Бейімділік, зейінділік, жауапкершілік, ұйымшылдық. Талдау, қорытынды жасау қабілеті. Үнемі жаңа технологиялар мен жаңа тәсілдерді үйрену.
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
1. "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 010/2011);
2. "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 032/2013);
3. Кеден одағының "Жарылыс қаупі бар ортада жұмыс істеуге арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 012/2011);
4. ҚР ҚН 2.02-03-2023 "Мұнай және мұнай өнімдері қоймалары. Өртке қарсы нормалар";
5. ҚР ЕЖ 2.02-103-2012 "Мұнай және мұнай өнімдері қоймалары. Өртке қарсы нормалар";
6. ҚР ҚН 4.04-07-2023 "Электротехникалық құрылғылар";
7. ҚР ЕЖ 4.04-107-2013 "Электротехникалық құрылғылар";
8. ҚР ҚН 2.04-01-2011 "Табиғи және жасанды жарықтандыру";
9. ҚР ЕЖ 2.04-104-2012 "Табиғи және жасанды жарықтандыру";
10. ҚР ҚН 5.03-07-2013 "Тірек және қоршау конструкциялары";
11. ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 "Тірек және қоршау конструкциялары";
12. ҚР ҚН 2.02-11-2002 "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты өрт дабылы жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау және адамдарды өрт туралы хабардар ету нормалары";
13. ҚР СТ 3517-2020 "Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі. Технологиялық қондырғылар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу тәртібі";
14. ҚР СТ ISO 16961-2017 "Мұнай, мұнай-химия және газ өнеркәсібі. Мұнай өнімдерін сақтауға арналған болат резервуарлардың ішкі жабыны және қаптамасы";
15. ҚР СТ ИСО 23251-2010 "Мұнай, мұнай-химия және газ өнеркәсібі. Қысымды төмендету және төмендету жүйелері";
16. ҚР СТ 3075-2017 "Мұнай, мұнай-химия және газ өнеркәсібі. Мұнай өңдеу зауыттарының коррозиялық ортасында сульфидті крекингке төзімді металл материалдар";
17. ҚР СТ 3125-2017 "Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі. Каталитикалық риформинг және гидротазарту қондырғысы. Жабдықты пайдалану және тексеру";
18. ҚР СТ 3731-2021 "Мұнай және газ өнеркәсібі. Қауіп-қатер факторларын ескере отырып техникалық куәландыру";
19. ҚР ЕЖ 3.05-103-2014 "Технологиялық жабдықтар және технологиялық құбырлар".
|
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс
|
5
|
Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілерді тексеру жөніндегі маман
|
7
|
Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сарапшы
|
11. Кәсіп карточкасы: "Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы объектілер, мұнай базалары мен автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сарапшы"
|
Топ коды:
|
2141-9
|
Сабақ атауының коды:
|
|
Кәсіптің атауы:
|
Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сарапшы
|
СБШ бойынша Біліктілігі деңгейі:
|
7
|
БТБА, БА, үлгілік Біліктілігі сипаттамалары бойынша Біліктілігі деңгейі:
|
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Жоғары білім
|
Мамандығы:
|
Біліктілігі:
|
Инженериялық және инженерлік іс
|
-
|
Өндірістік және өңдеу салалары
|
-
|
Бейресми және ақпараттық біліммен байланыс:
|
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандарды даярлаудан, қайта даярлаудан өту және "Азаматтық қорғау туралы" ҚРЗ 79-бабына сәйкес білімін тексеру туралы куәлік алу
|
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
|
Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын кәсіпорындарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі
|
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
|
-
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы объектілердің, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне сараптама жүргізу.
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Қауіпті техникалық құрылғылардың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы объектілерге, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларына сараптама жүргізу.
2. Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы объектілерде, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларында технологиялар мен қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алу үшін сараптама жүргізу.
|
Қосымша еңбек функциясы:
|
1. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|
1-еңбек функциясы: қауіпті техникалық құрылғылардың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілерге сараптама жүргізу.
|
1-дағды:
Зерттелетін объектінің пайдалану, жобалау және жөндеу құжаттамасын талдау.
|
Машығы:
1. Техникалық құрылғыларға арналған пайдалану, жобалау және жөндеу-техникалық құжаттама материалдарын оқу және түсіндіру.
2. Техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты құжаттаманы, оның ішінде пайдалану режимдерін, дайындаушы зауыттарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, авариялар мен инциденттерді тергеп-тексеру актілерін, бұрын жүргізілген сараптамалардың қорытындыларын, жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы мәліметтеріне талдау жүргізу.
|
Білімі:
1. Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары.
2. Оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында қызмет ету мерзімі өткен қауіпті техникалық құрылғылардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар
3. Техникалық құрылғыларды сараптау, диагностикалау, куәландыру, бұзылмайтын бақылау және сынау саласындағы техникалық және әдістемелік құжаттар.
4. Қауіпті өндірістік объектінің жобалық және жұмыс құжаттамасын оқу ерекшеліктері.
5. Жобалау және жұмыс құжаттамасында қолданылатын арнайы лексика және терминология.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Тексеру, техникалық куәландыру нәтижелері бойынша материалдарды талдау, сондай-ақ сараптама жүргізу бағдарламаларын әзірлеу.
|
Машығы:
1. Қауіпті техникалық құрылғыларды тексеру және техникалық куәландыру кезінде анықталған ақаулардың қауіптілік дәрежесін анықтау.
2. Объектіге зерттеу жүргізу және мониторингті ұйымдастыру әдістемесін әзірлеу.
3. Техникалық құрылғыларға сараптама жүргізу бағдарламасын әзірлеу.
4. Техникалық құрылғылардың техникалық жай-күйін бағалау мен болжаудың есептеу-аналитикалық рәсімдерін орындау.
5. Тексеру және куәландыру жүргізу жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау.
|
Білімі:
1. Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары.
2. Біліктілігітің III деңгейінде ББ әдістерін білу.
3. Техникалық құрылғылардың техникалық жай-күйін бағалау мен болжаудың есептеу-аналитикалық рәсімдерінің қағидаттары.
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік тұрғысынан объектілерді тексерудің заманауи технологиялары.
5. Лира, Mathcad, Autodesk, AutoCad және басқа CAD бағдарламаларын есептеуге арналған бағдарламалар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
3-дағды:
Сараптамалық қорытынды дайындау
|
Машығы:
1. Сараптамалық қорытындыны ресімдеу.
2. Сараптамалық қорытындыны тапсырыс берушімен келісу.
|
Білімі:
1. Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары.
2. Оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында қызмет ету мерзімі өткен қауіпті техникалық құрылғылардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-еңбек функциясы:
Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы объектілерде, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларында технологиялар мен қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алу үшін сараптама жүргізу.
|
1-дағды:
Технологияны немесе қауіпті техникалық құрылғыны қолдану бойынша техникалық сипаттамаларды талдау.
|
Машығы:
1. Бұрын ұқсас объектілерде қолдануға рұқсат алған технологиялар мен қауіпті техникалық құрылғылардың ұқсастықтарын талдау және салыстыру.
2. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар мен қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне талдау жүргізу.
3. Сараптама үшін қажетті ақпаратты ресми дереккөздер арқылы іздеу.
|
Білімі:
1. Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
2. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары.
3. Техникалық құрылғылардың негізгі техникалық сипаттамалары.
4. Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы объектілер, мұнай базалары мен автожанармай құю станциялары үшін қолданылатын негізгі технологиялар.
5. Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілердің негізгі конструктивтік және технологиялық шешімдері.
6. Техникалық құрылғылардың түрлері, мақсаты, құрылғысы, пайдалану ережелері, негізгі құрылымдық ерекшеліктері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Технологиямен немесе қауіпті техникалық құрылғымен нақты танысу.
|
Машығы:
1. Осы технология бойынша технологиялық процесті жүзеге асыру кезінде туындайтын зиянды қауіпті өндірістік факторларды, олардың шекті мәндерін анықтау.
2. Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік мәндерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті мәндерін анықтау.
3. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың мәндерін рұқсат етілген параметрлерге, олардың сенімділік деңгейіне жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шараларды қолдану.
|
Білімі:
1. Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары.
2. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары.
3. Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілердің негізгі конструктивтік және технологиялық шешімдері.
4. Техникалық құрылғылардың түрлері, мақсаты, құрылғысы, пайдалану ережелері, негізгі құрылымдық ерекшеліктері.
5. Қауіпті техникалық құрылғылардың және/немесе технологиялардың техникалық жай-күйін талдау, бағалау және болжау рәсімдері.
6. Лира, Mathcad, Autodesk, AutoCad және басқа CAD бағдарламаларын есептеуге арналған бағдарламалар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
3-дағды: Сараптамалық қорытынды дайындау
|
Машығы:
1. Сараптамалық қорытындыны ресімдеу.
2. Сараптамалық қорытындыны Тапсырыс берушімен келісу.
|
Білімі:
1. Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары.
2. Қауіпті өндірістік объектілерде, қауіпті техникалық құрылғыларда қолданылатын технологиялардың сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындылардың мазмұны.
3. "Қауіпті өндірістік объектілерде, қауіпті техникалық құрылғыларда қолданылатын технологияларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Қосымша еңбек функциясы:
Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|
1-дағды:
Жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру.
|
Машығы:
1. Қауіпсіздік талаптарын практикада қолдану.
2. Әр түрлі жағдайларда алғашқы көмек көрсету.
3. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыстарды жүргізудің шығыс материалдары мен өнімдерін кәдеге жарату.
|
Білімі:
1. Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес газ қауіпі бар және өзге де жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар.
2. Алғашқы көмек көрсету негіздері.
3. Объектіде белгіленген және кәсіпорынның ішкі регламентімен бекітілген қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
|
Логикалық ойлау. Бейімділік, зейінділік, жауапкершілік, ұйымшылдық. Талдау, қорытынды жасау қабілеті. Үнемі жаңа технологиялар мен жаңа тәсілдерді үйрену.
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
1. "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 010/2011);
2. "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 032/2013);
3. Кеден одағының "Жарылыс қаупі бар ортада жұмыс істеуге арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 012/2011);
4. ҚР ҚН 2.02-03-2023 "Мұнай және мұнай өнімдері қоймалары. Өртке қарсы нормалар";
5. ҚР ЕЖ 2.02-103-2012 "Мұнай және мұнай өнімдері қоймалары. Өртке қарсы нормалар";
6. ҚР ҚН 4.04-07-2023 "Электротехникалық құрылғылар";
7. ҚР ЕЖ 4.04-107-2013 "Электротехникалық құрылғылар";
8. ҚР ҚН 2.04-01-2011 "Табиғи және жасанды жарықтандыру";
9. ҚР ЕЖ 2.04-104-2012 "Табиғи және жасанды жарықтандыру";
10. ҚР ҚН 5.03-07-2013 "Тірек және қоршау конструкциялары";
11. ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 "Тірек және қоршау конструкциялары";
12. ҚР ҚН 2.02-11-2002 "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты өрт дабылы жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау және адамдарды өрт туралы хабардар ету нормалары";
13. ҚР СТ 3517-2020 "Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі. Технологиялық қондырғылар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу тәртібі";
14. ҚР СТ ISO 16961-2017 "Мұнай, мұнай-химия және газ өнеркәсібі. Мұнай өнімдерін сақтауға арналған болат резервуарлардың ішкі жабыны және қаптамасы";
15. ҚР СТ ИСО 23251-2010 "Мұнай, мұнай-химия және газ өнеркәсібі. Қысымды төмендету және төмендету жүйелері";
16. ҚР СТ 3075-2017 "Мұнай, мұнай-химия және газ өнеркәсібі. Мұнай өңдеу зауыттарының коррозиялық ортасында сульфидті крекингке төзімді металл материалдар";
17. ҚР СТ 3125-2017 "Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі. Каталитикалық риформинг және гидротазарту қондырғысы. Жабдықты пайдалану және тексеру";
18. ҚР СТ 3731-2021 "Мұнай және газ өнеркәсібі. Қауіп-қатер факторларын ескере отырып техникалық куәландыру";
19. ҚР ЕЖ 3.05-103-2014 "Технологиялық жабдықтар және технологиялық құбырлар".
|
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс
|
6
|
Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілерді куәландыру жөніндегі маман
|
12. Мемлекеттік органның атауы:
Орындаушы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бас сарапшысы - Н.М. Ахметов е-mail: akhmetov.nm@kpb.emer.kz, тел.8(7172) 27-40-51.
13. Әзірлеуге және жаңартуға қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар):
Жаңарту: "Тәуелсіз сараптамалық ұйымдар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігі
14. Кәсіптік біліктілігі жөніндегі салалық кеңес: 2024 жылғы 06.09 №8 хаттамасы.
15. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган:
16. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы:
17. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 2-нұсқа, 2024 жыл.
18. Болжалды жаңарту күні: 2027 жылғы 1 желтоқсан.