"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелері арнайы көлік құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 141 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 246 бұйрығының күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына осы бұйрықтың көшірмесін жолдауды;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Тұрсынбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі