Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері үшін көлік құралдарының заттай тиесілілік нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 163 бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері үшін көлік құралдарының заттай тиесілілік нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Тылдық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Эталондық бақылау нормативтік-құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы К. Тұрсынбаев

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
міндетін атқарушының
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 163 бұйрығына
қосымша
 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің көлік құралдарының тиістілігінің заттай нормалары

1-заттай норма Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратына көлік құралдары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің көлік құралдарының тиістілігінің заттай нормалары

      1-заттай норма Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратына көлік құралдары

Р/с №

Бөлімшелер мен қызметтердің атауы

Жедел-қызметтік жеңіл автомобильдердің және жеңіл автомобильдер базасындағы арнайы автомобильдердің нормалары

Өлшем бірлігі

Жүк шассиіндегі және автобустар базасындағы жедел-қызметтік автомобильдердің, жүк шассиіндегі арнайы автомобильдердің, жүк автомобильдері мен жолаушылар автобустарының нормалары

Ең жоғары жылдық пайдалану нормасы

Қызмет мерзімі (жыл)

1

2

3

4

5

6

7

1

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) басшылығы (министр, вице-министрлер, аппарат басшысы)

Әрбір штаттық бірлікке бір автомобиль

Бірлік

-

Жеңіл автомобильдер үшін – 40 000 км

15

2

Аппарат бөлімшелері

Құрамның штат санының 20 бірлігіне дейін бір автомобиль, бірақ әрбір бөлімшеге біреуден кем емес

Бірлік

100 бірлікке орта немесе шағын сыныпты бір жолаушылар автобусы

Жеңіл автомобильдер үшін – 40 000 км, жүк шассиі мен автобустар базасындағы автомобильдер, жүк шассиіндегі арнайы автомобильдер, жүк автомобильдері мен жолаушылар автобустары үшін-30 000 км.

15

3

Министрліктің Өртке қарсы қызмет және азаматтық қорғаныс комитеттері мен әскери бөлімдерінің басшылары (төраға, төрағаның орынбасарлары)

Әрбір штаттық бірлікке бір жедел-қызметтік автомобиль

Бірлік

-

Жеңіл автомобильдер үшін – 40 000 км

15

4

Өртке қарсы қызмет және азаматтық қорғаныс комитеттері мен әскери бөлімдер аппаратының бөлімшесі

Құрамның штат санының 20 бірлігіне дейін бір жедел-қызметтік автомобиль

Бірлік

-

Жеңіл автомобильдер үшін – 40 000 км

15

      Ескертпе:

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріндегі көлік құралдарының заттай нормаларының 1-2-тармақтарында Министрліктің орталық аппаратының департаменттері мен дербес басқармалары есептелсін. 1-4-тармақта өртке қарсы қызмет және азаматтық қорғаныс комитеттері мен әскери бөлімдер бөлімшелеріндегі (төраға, төрағаның орынбасарлары) көлік құралдарының заттай нормалары жедел шығу үшін кезекші автокөліктің 1 бірлігі болып есептелсін.

      Ұзақ қызметтік іссапарларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын автомобильдер үшін жылдық жүрісті пайдалану нормасын азаматтық қорғау органы басшысының бұйрығымен жылына 10000 километрден аспайтындай ұлғайтсын

      2-заттай норма Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар бөлімшелері көлік құралдары

Р/с №

Бөлімшелер мен қызметтердің атауы

Жедел-қызметтік жеңіл автомобильдердің және жеңіл автомобильдер базасындағы арнайы автомобильдердің нормалары

Өлшем бірлігі

Жүк шассиіндегі және автобустар базасындағы жедел-қызметтік автомобильдердің, жүк шассиіндегі арнайы автомобильдердің, жүк автомобильдері мен жолаушылар автобустарының нормалары

Ең жоғары жылдық пайдалану нормасы

Қызмет мерзімі (жыл)

1

2

3

4

5

6

7

1

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық бөлімшелерінің аппаратына

Штат санының 10 бірлігіне бір автомобиль

Бірлік

-

Жеңіл автомобильдер үшін – 40 000 км

15

2

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық бөлімшелерінің төтенше жағдайлар басқармалары (бөлімдері)

Штат санының 10 бірлігіне дейін бір автомобиль

Бірлік

-

Жеңіл автомобильдер үшін – 40 000 км

15

      3-заттай норма Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі білім беру ұйымдарының көлік құралдары

Р/с №

Бөлімшелер мен қызметтердің атауы

Жедел-қызметтік жеңіл автомобильдердің және жеңіл автомобильдер базасындағы арнайы автомобильдердің нормалары

Өлшем бірлігі

Жүк шассиіндегі және автобустар базасындағы жедел-қызметтік автомобильдердің, жүк шассиіндегі арнайы автомобильдердің, жүк автомобильдері мен жолаушылар автобустарының нормалары

Ең жоғары жылдық пайдалану нормасы

Қызмет мерзімі (жыл)

1

2

3

4

5

6

7

1

ТЖМ білім беру ұйымдары

Жоғары оқу орнына бес автомобиль және Академияға қосымша екі автомобиль

Бірлік

Ауыспалы құрамның штат саны 400 бірлікке дейін болған кезде екі борттық жүк автомобилі (сырттай оқитын тыңдаушылардан басқа) және ауыспалы құрамның штат санының әрбір 200 бірлігіне қосымша бір борттық жүк автомобилі; бір аз тонналық жүк автомобилі; ауыспалы құрамның штат саны 300 бірлікке дейін болған кезде орта немесе шағын сыныпты екі жолаушылар автобусы және ауыспалы құрамның штат санының әрбір 200 бірлігіне қосымша бір автобус

Жеңіл автомобильдер үшін – 40 000 км, жүк шассиі мен автобустар базасындағы автомобильдер, жүк шассиіндегі арнайы автомобильдер, жүк автомобильдері мен жолаушылар автобустары үшін – 30 000 км, арнайы автожөндеу шеберханаларының автомобильдері, автокрандар, отын құйғыштар, суару-жуу, жинау және т.б. үшін – 20 000 км, жұмысы мото-сағатпен өлшенетін көлік құралдары-1 200 мото-сағат.

15

Автокөлік жүргізуді үйрету кезінде (егер бұл оқу бағдарламасында қарастырылған болса)



2

Жалпы курс бойынша:

Бір автомобиль

Бірлік

Бір борттық жүк автомобилі

Жеңіл автомобильдер үшін – 40 000 км, жүк шассиі мен автобустар базасындағы автомобильдер, жүк шассиіндегі арнайы автомобильдер, жүк автомобильдері мен жолаушылар автобустары үшін-30 000 км,

15

3

Оқу орталықтары

Ауыспалы құрамның 250 бірлігіне бір автомобиль, бірақ оқу тобына бір автомобильден кем емес

Бірлік

Ауыспалы құрамның 150 адамына орта немесе шағын сыныпты бір жолаушылар автобусы, бірақ бір автобустан кем емес; бір борттық жүк автомобилі; бір аз тонналы жүк автомобилі.

Жеңіл автомобильдер үшін – 40 000 км, жүк шассиі мен автобустар базасындағы автомобильдер, жүк шассиіндегі арнайы автомобильдер, жүк автомобильдері мен жолаушылар автобустары үшін-30 000 км

15

      Ескертпе:

      Жеңіл автомобильдер штатында түнгі уақытта жұмыс істеу үшін бір кезекші автомобиль көзделуі тиіс (осы норма шегінде және жүргізушілер болған кезде). Қала сыртындағы оқу орталығы (лагерь) болған жағдайда көлік құралдары штатына: өрт сөндіруге арналған бір автомобиль, қозғалыс қауіпсіздігінің бір автомобилі, өзі аударғыш бір автомобиль, бір санитариялық автомобиль, аз тонналы бір жүк автомобилі, бір шынжыр табанды немесе дөңгелекті трактор енгізілсін. Жедел қызмет бөлімшелері үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын Төтенше жағдайлар Министрлігі білім беру ұйымдарының көлік құралдары Штаттарына оқу процесін қамтамасыз ету үшін үш автомобиль кіргізілсін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады