"Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 56/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы "Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы" № 241 бұйрығына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Ертіс ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      - осы қаулыға қол қойылған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      - осы қаулыны Ертіс ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыру;

      - осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдау.

      3. Ертіс ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне толықтырулар енгізу туралы" № 51/1 қаулысының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Жүсіпов

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 1 сәуірдегі
№ 56/1 қаулысымен
бекітілді

"Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі"
коммуналдыққ мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ертіс ауданының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, аумақта тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар: "Ертіс-ауызсу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      3. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін, Қазақстан Республикасының Заңдарына және Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес, осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы,140500, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 99.

      "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

      "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      10. Осы Ереже "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Ертіс ауданының әкімдігі болып табылады.

      11. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады

      12. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, абаттандыру, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;

      2) Ертіс ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде халықтың қолайлы тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау;

      4) ауданның тыныс-тіршілігін инженерлік қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеуін және дамуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      5) ауданда абаттандырудың, санитарлық жағдайдың, көгалдандырудың қажетті деңгейін бақылауды және қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді қамтамасыз ету;

      6) Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сапаның, сондай-ақ стандарттар мен регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету;

      7) Ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың жұмысына бақылауды жүзеге асырады;

      14. Өкілеттіктері:

      Құқықтар:

      1) әкімдіктің, аудан әкімінің және жоғары тұрған ұйымдардың қарауына дамудың негізгі бағыттары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мәселелерді жедел шешу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      2) бөлімнің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды өтеусіз негізде сұрату және алу;

      3) өз құзыреті шегінде келісім-шарттар жасасу;

      4) мемлекеттік органдарда, сотта бөлімнің мүдделерін білдіру;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      Міндеттері:

      1) бөлімнің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау жұмыстарын және оның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, ауданның мемлекеттік органдар жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру;

      3) қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен ауданның мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына және өзге де ұйымдарға сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық-талдау және өзге де көмек көрсету;

      4) азаматтардың өтініштерін қарау, олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті шаралар қабылдау;

      5) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалану;

      6) мемлекеттік органның құзыреті шегінде аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлеу;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін тиімді дамытуға бағытталған шараларды бақылау және қабылдау;

      2) бөлімнің құзыретіне кіретін өңірлік бағдарламаларды орындау бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын басшылыққа алу;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      4) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін басқарады;

      5) аудан шегінде аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде бақылауды жүзеге асырады;

      6) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды;

      7) жолаушылар мен багажды ауданішілік тасымалдауды тұрақты ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырып, өткізеді және маршруттар бойынша қозғалыс кестесін бекітеді;

      8) жолаушылар мен багажды ауданішілік автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізеді;

      9) ауданішілік қатынастарда жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;

      10) ауданның елді мекендерін сумен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

      11) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.

      12) ауданның елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды;

      13) ауданның әлеуметтік сала объектілерінің жылу беру маусымын өткізуге дайындығын, көмірді бюджеттік мекемелерге уақтылы әкелуін бақылауды жүзеге асырады.

      14) өз құзыреті шегінде газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      15) балалардың ойын алаңдары мен аттракциондардың жабдықтардың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      16) қала құрылысы және құрылыс, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау саласындағы жұмыстарды, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу;

      17) тұрғын үй қорының, коммуникациялардың, аудандық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын, олардың күтіп-ұсталуын (пайдаланылуын, пайдаланылуын)бақылауды үйлестіреді;

      18) ауданның тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      19) тұрғын үй қорын басқару саласында бақылауды жүзеге асырады;

      20) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді бөлу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады;

      21) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қоюды және кезекке қоюды жүзеге асырады;

      22) белгіленген мерзімде бекітілген іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы (аудандық жоспарлау жобасы), ауылдық елді мекендердің бас жоспарлары тәртібімен;

      23) аудандық жоспарлау схемасын, ауданның елді мекендерінің бас жоспарларын әзірлеу;

      24) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары, ауданның ведомстволық бағынысты аумағын салу, абаттандыру және инженерлік қамтамасыз ету қағидалары құрамында қала құрылысы құжаттамасын аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну;

      25) аудан аумағында білім беру, спорт, мәдениет, абаттандыру, ауыл шаруашылығы, инженерлік-коммуникациялық желілер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін, сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу;

      коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, тазарту, дренаж жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін жөндеу;

      26) объектілер мен кешендерді орналастыру, объектілер мен құрылыстарды салу үшін жер учаскелерін беруге қатысу.

      27) Базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

      29) Мекенжай тіркелімін жүргізу;

      30) Ауданның құрылысын, сәулет және қала құрылысын дамыту жоспарларын әзірлеу;

      31) Аудан құрылысында, сәулет және қала құрылысында бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мен басымдықтарын қаржыландыруды жоспарлау;

      32) Картографиялық-геодезиялық қорды сәулет-қала құрылысы мақсатында жүргізу және пайдалану;

      33) Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы негіздемелерді, болжамдарды, бағдарламаларды жасау;

      34) Белгіленген тәртіппен сәулет-қала құрылысы және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу, сараптау, келісу және бекіту;

      35) Құрылыс индустриясы кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін бірыңғай үйлестіру басқаруын жүзеге асыру;

      36) Жаңа құрылыстарды, ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, қайта құруға және күрделі жөндеуге қатысу;

      37) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер береді;

      38) аумақтың жоспарланып отырған құрылысы не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халықты хабардар етеді;

      39) аумақты салу, инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдайды;

      40) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілердің (кешендердің) есебін жүргізеді;

      41) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы қарайды және бекітеді;

      42) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуға жоспарланған) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізеді;

      43) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысын игеру үшін жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдайды;

      44) қолданыстағы ғимараттардың үй жайларын қайта жоспарлау арқылы қайта құру туралы шешім қабылдайды;

      45) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік құжаттарды қарауды қамтамасыз етеді;

      46) Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен бірлесіп бекітілген бағдарламалар бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау, қаражатты салудың негізгі көрсеткіштері мен тиімділігін айқындау.

      47) Өз қызметі саласында заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорыту, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды жоғары тұрған органдарға енгізу;

      48) Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша аудан әкімдігінің және аудан әкімінің отырыстарына материалдар дайындау;

      49) Мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      50) Ведомстволық бағынысты заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша актілерді әзірлеу, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      51) мемлекет қатысатын ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын қарау, келісу, бекіту, бақылауды және талдауды жүзеге асыру, олардың орындалуы жөніндегі есептер;

      52) ведомстволық бағынысты ұйымдар мүлкінің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      53) коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдардың мүлкін алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім беру;

      54) осы мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсету үшін мәліметтерді, оның ішінде оның басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін дайындау.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:

      1) аудан әкімдігінің бекітуіне "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулар береді;

      4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      7) "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;

      9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      10) өз құзыреті шегінде келісім-шарттар, келісімдер жасасады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      19. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық келісім-шартқа сәйкес айқындалады.

      20. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болу мүмкін.

      "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі, меншік иесі мен Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы берілетін мүлік есебінен құрылады.

      22 "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      25. "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеменің таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін, қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады