Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 219 қаулысы "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңдарда белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі | Р. Аңбаев |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
аудан әкімдігінің | |
2025 жылғы 31 наурыздағы | |
№ 82 қаулысымен бекітілді |
"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы"Қазақстан Республикасының Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Бюджетті атқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Егер Бөлімге "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, бюджет және қаржы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңыда көзделген Бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды
8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Ленин көшесі, 2.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2.Бөлімнің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Бөлімнің міндеттері:
ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу.
14. Бөлімнің өкілеттіктері:
1) құқықтар:
Бөлімнің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және мемлекеттік реттеу Ауыл шаруашылығын дамыту және ветеринария саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен өз функцияларын жүзеге асыру үшін құқығы бар:
сотта талапкер және жауапкер болу;
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мәселелер бойынша ұйымдармен және мекемелермен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ветеринарияны дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі және ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы Бөлімнің құзыретті мәселелеріне қатысты мемлекеттік органдар өткізетін отырыстарға, жиналыстар мен кеңестерге қатысу;
ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу;
ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат ұсыну;
қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында кеңестер, сараптамалық және жұмыс топтарын құру;
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкіміне бөлімнің ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылардың, шешімдердің және өкімдердің жобаларын енгізу.
2) Бөлімнің міндеттері:
ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;
заңды және негізделген шешімдер қабылдау және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
жеке және заңды тұлғалардың белгіленген тәртіппен бөлімге жолданған өтініштерін, арыздарын, шағымдарын, ұсыныстарын қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
агроөнеркәсіптік кешен және ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнамада көзделген ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы міндеттерді іске асыру.
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
белгіленген тәртіппен салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
осы Ережеде көзделген міндеттер мен тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындау.
15. Бөлімнің функциялары:
1) мемлекеттік аграрлық саясатты, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы", "Астық туралы", "Тұқым шаруашылығы туралы", "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы", "Қаржы лизингі туралы", "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын жүзеге асыру;
2) аграрлық секторда, ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, ұқсату және сату саласында нарықтық құрылымдардың және бәсекелестік қалыптасуы мен дамуына көмектесу;
3) аграрлық секторының техникалық қайта жарақтандыру жөнінде жүйелі және мақсатты бағытталған жұмыс, техника жаңарту мониторингі;
4) егіншілікте ылғал сақтайтын технологиялар үшін, майды дақылдарды өндіру және өңдеу осы заманғы техникаларды, мал ақығы даярлау үшін жаңа заманғы машиналарды енгізу;
5) саланың техникалық жарақтануының мониторингі;
6) презентация, семинар, көрме нұсқаларын пайдаланып, машина-тракторлық паркін тиімді пайдалану мәселелері жөнінде алдыңғы қатардағы тәжірибені жинақтап қорыту;
7) өз құзыры шеңберінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми-өндірістік орталықтарымен, республиканың ауыл шаруашылық тәжірибе станцияларымен өзара іс-қимыл жасау;
8) ауыл шаруашылығындағы жергілікті тәжірибені және шетелдік жетістіктерді зерделеу және насихаттау;
9) ауданның агроөнеркәсіптік кешенінде инвестициялық саясат бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
10) ауданның барлық тауар өндірушілерінің дамуы үшін ауылшаруашылық нарығын реттеу механизмін құруға және қажетті экономикалық жағдайлар туғызуға және оларды құқықтық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
11) экономикалық және статистикалық ақпаратты жинастыруды, тұтынушылар сұранымын, өткізу рыногының жағдайын талдауды жүзеге асырады, (маркетингтік зерттеу), ауылшаруашылық өнімдерін тұтынушылар мен өндірушілердің байланыстарын іске асыруға, өнімді сыртқа шығару жөнінде ұсыныстарды дайындауға қатысуға жәрдемдесу;
12) ауыл шаруашылығы өндірісін және ұқсату өнеркәсібін әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша орта мерзімдік және стратегиялық жоспар әзірлеу;
13) ауданның аграрлық секторының өндірістік қызметінің жағдайын талдауды жүзеге асыру;
14) инвестиция тарату, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлік қызметтің белсенділігін жандандыру, шығарылатын өнімдердің көлемін көбейту, ассортиментін кеңейту және сапасын көтеру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
15) ауылшаруашылық өндірісін кадрлармен қамтамасыз етуді жақсарту жөнінде шаралар кешенін жүзеге асыру;
ауылшаруашылық құрылымдары басшылары мен мамандар құрамының сапалы және сандық мониторингі;
ауданның аграрлық саласына мамандар даярлау жөнінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті және Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университетімен ынтымақтастық жасау;
ауылшаруашылық жиынтығы мамандарын және механизаторлық кадрлар даярлау мәселесі жөнінде ауданның кәсіби техникалық мектептерімен өзара іс-қимыл жасау;
облыстық және аудандық ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне қатысу;
мемлекеттік аграрлық саясатын жүзеге асыру жөнінде ауданның агроқұрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
республикада құрылған нормативтік-құқықтық базаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен, Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария басқармасымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Мемлекеттікаграрлықжәневетеринариялықсаясатмәселелеріндежүйеліөзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
16) мал шаруашылығын дамыту және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін әзірленген бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету;
17) жануарлардың асыл тұқымды және өнімділік қасиеттерін жақсартуға бағытталған селекциялық-асылдандыру жұмыстарын ұйыдастыру;
18) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарына оларды мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлар) тізіліміне енгізу үшін ұсыну.
19) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға ауданда ветеринария саласындағы өз функцияларын орындауда көмек көрсету;
20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
21) кадрлық жұмыстарды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының және оны әзірлеу кезінде қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, талаптарына сәйкес жүргізу;
22) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін есепке алу және қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру, өтініштерін талдау;
23) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету.
Тарау 3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. Бөлімнің бірінші басшысын "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Бөлім басшысының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бөлімнің бірінші басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
19. Бөлім басшысының өкілеттіктері:
өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;
"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қабылдайды және жұмыстан шығарады, оларға көтермелеу және тәртіптік жаза шараларын қолданады;
Бөлім атынан сенімхатсыз әрекеттерді жүзеге асырады;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды, бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы үшін дербес жауапты болады;
ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы Мемлекеттік кепілдіктер туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Басшы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және еңбек заңнамасына сәйкес өз орынбасарының өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін айқындайды.
Тарау 4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
21. Бөлімнің "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
22. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", сондай-ақ осы Ережемен.