"Транснефть-Урал" акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Кызылжар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 89 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 бабының 5-1-тармақшасына, 69 бабының 4 тармағы 2-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 10) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Транснефть-Урал" акционерлік қоғамына, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округінде уақытша автомобиль кешені мен қалашық үшін қосымшаға сәйкес жалпы көлемі 1,0075 гектар жер учаскесіне 3 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгіленсін.

      Жер учаскесі бөлінетін болып табылады. Жер учаскесі "КазТрансОйл" АҚ ЭБЖ сервитутты, "Транснефть-Урал" АҚ "Уфа-Омск", "Уфа-Петропавловск" ММӨҚ қорғау аймағын кесіп өтеді.

      2. "Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі С. Сәдуақасов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы 11 сәуірдегі № 89
  қаулысына қосымша

"Транснефть-Урал" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Кадастрлық нөмірі

Жер пайдаланушылардың атауы

алаңы, га

оның ішінде алқаптары бойынша:

жерлер санаты

егістік

1

2

3

4

5

6

Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Якорь ауылдық округі

1

15-220-107-052

"Якорь-Агро" ЖШС

1,0075

1,0075

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады