"Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Кызылжар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 96 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі С. Сәдуақасов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "21" сәуірдегі
  № 96 қаулысымен
  бекітілді

"Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

      Бескөл ауылы, 2025 жыл

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі аудан аумағында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қызылжар аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      3. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің орналасқан орны: 150700, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Гагарин көшесі 10.

      10. Осы Ереже "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады

      12. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдау;

      мемлекеттік тілді дамыту, оның мәртебесін көтеру, мемлекеттік және басқа тілдерді меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау;

      бұқаралық спортты дамыту мен насихаттау үшін және халықты дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға жағдай жасау.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның атқарушы органдарынан, ауылдық округ әкімдерінен қажетті құжаттарды, ақпаратты сұрату және қабылдау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіндегі мәселелерді шешуге қатысуға ауданның атқарушы органдарының, селолық округ әкімдері аппараттарының қызметкерлерін тарту;

      ведомстволық бағыныстағы мекемелерге тексеру жүргізу, меншіктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды атқарады.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудандық әкімдіктің және мәслихаттың, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларының отырыстарына қатысу;

      қажет болған жағдайда тіл саясаты мен спорт мәдениеті мәселелері бойынша басқа ведомстволармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп немесе келісім бойынша бұйрықтар шығару;

      бюджеттік қаржыны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базаны жақсартуға, күрделі жөндеуге және т. б. байланысты мәселелерді өз құзыреті шегінде шешу.

      15. Функциялары:

      мәдениет мекемелерінің жүйесін сақтау бойынша іс-шараларды құрады және жүзеге асырады;

      кітапхана ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құруға бастамашылық жасайды, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      жергілікті маңызы бар мәдениет және тарихи ескерткіштерді тіркеу, қорғау және пайдалану бойынша қызметті жүзеге асырады;

      белгіленген тәртіппен концерттік қызмет ұйымдастырады, көркем-өнерпаздар ұжымының, жеке орындаушылардың гастрольдерін өткізуге ықпал етеді;

      аудан тұрғындарын кітапхана қызметімен қамтамасыз етеді;

      белгіленген тәртіппен сайыстарды, байқауларды, көрмелерді және басқа мәдениет саласындағы іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;

      халықтық дәстүрлер мен салт-дәстүрдерді зерделеу және насихаттау, көркемөнерпаздар тобын сақтау шараларын қабылдауды;

      ауданның мәдениет мемлекеттік ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттауды өткізеді;

      мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, кәсіпорындар мен түрлі деңгейдегі атқарушы билік органдарына, халыққа қызмет көрсетудің түрлі салаларына мемлекеттік тілде іс жүргізу бөлігінде Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда практикалық көмек көрсетеді;

      әр түрлі жастағы халықты мемлекеттік тілде оқытуды ұйымдастыру;

      мемлекеттік, орыс және басқа тілдерді дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіреді;

      мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, ономастикалық және терминологиялық жұмыс мәселелері бойынша мемлекеттік басқару органдарымен, ауданның ұйымдары мен кәсіпорындарымен бірлескен қызметті жүзеге асырады;

      азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      маңдайшаны аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;

      аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

      спорт түрлері бойынша, соның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы, бұқаралық спорт, сондай – ақ ардагерлер мен мүгедектер арасында спорттық жарыстар өткізеді;

      спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

      дене шынықтыру – спорт ұйымдарының қызметін және аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді;

      халыққа арналған спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;

      спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

      біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы – спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;

      мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында қоғамдық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

      осы салалар бойынша ауданның мәдениет, тілдерді, дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және уәкілетті органға ұсынады;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарда жоспарлы-қаржылық жұмысты ұйымдастырады, перспективалық даму жоспарларын жасайды, белгіленген тәртіппен жергілікті бюджетте тұратын мекемелердің штаттық кестелері мен сметаларын бекітеді, оларды қаржыландыруды жүзеге асырады, саланы дамыту үшін инвестиция тартуда бірыңғай стратегияны қалыптастырады және іске асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істеп тұрған мәдениет және спорт объектілерін кеңейту және қайта жаңарту;

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      19. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

      "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

      бөлімнің штаттық кестесін аудан әкіміне бекітуге ұсынады;

      әкімдіктің және аудан әкімінің қарауына құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа да құжаттарды ұсынады;

      "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі орынбасарының және басқа да қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарын шығарады, сондай-ақ "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

      мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;

      "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

      "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

      "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапты болады;

      "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады

      22. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қызылжар аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады