Жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 27 ақпандағы № 12 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабының 1) тармақшасына, 27-бабына, 37-бабына, 43-бабына, 48-бабына, 67-бабына, 69-бабына, 150-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасының 23 қаңтардағы Заңының 35,37-баптарына сәйкес 2001 жылы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару" туралы, "Петропавл" жөлілік өндірістік-диспетчерлік станциясы ("Петропавл" ЖӨДС) филиал 2025 жылғы 13 ақпандағы өтініші және "Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2025 жылғы 03 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген әзірленген жерге орналастыру жобасы негізінде Петерфельд ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Петерфельд ауылдық округінің Петерфельдл ауылында орналасқан мұнай өнімдері құбырын қайта құру үшін жалпы ауданы - 0,0966 га, оның ішінде алқаптар бойынша: табиғи жайылымдар 0,0966 га, жер учаскесіне 3 жыл мерзімге "Транснефть-Урал" акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы берілсін.

      Шектеулер, ауыртпалықтар және сервитуттар: жер учаскесі, "Транснефть-Урал" АҚ "Уфа-Омск, "Уфа-Петропавловск" ММӨҚ қорғау аймағы кесіп өтеді.

      2. Жер учаскесі бөлінетін болып саналады.

      3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Ауылдық округінің әкімі А. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады