Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы әкімінің 2025 жылғы 5 наурыздағы № 19 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Транснефть-Урал" акционерлік қоғамына жалпы ауданы 0,1340 гектар жер учаскесіне, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласының аумағында орналасқан жер учаскесіне 3 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар, сервитуттар: жер учаскесі сервитутты кесіп өтеді: "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының "Түймазы-Омбы-Новосібірск-2" магистральдық мұнай құбыры, "Транснефть-Урал" акционерлік қоғамының "Уфа-Петропавл" магистральдық мұнай құбырының қорғау аймағы, "Транснефть-Урал" акционерлік қоғамының "Уфа-Петропавл" магистральдық мұнай құбыры "Түймазы-Омбы-Новосібірск-2" "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамы.

      2. "Транснефть-Урал" акционерлік қоғамы жұмыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтірсін.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің орынбасары А.К. Биктимировке жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Оразалинов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлютка қаласы әкімінің
  шешіміне қосымша.
  2025 жылғы "__" _____
  № __ қаулысына қосымша

Жер эксприкациясы

      гектармен

№ р/с

Кадастрлық нөмір

Жер пайдаланушылардың атауы

Берілетін алаң, га

оның ішінде

табиғи жайылымдар

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

1

15-233-022

Мамлютка қаласы

0,1340

0,1340

Елді мекендер жерлерінің жиыны:

0,1340

0,1340

Мамлютка қаласы бойынша жер жиыны:

0,1340

0,1340

Мамлют ауданы бойынша жер жиыны:



0,1340

0,1340


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады