Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 3 ақпандағы № 38 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы" акционерлік қоғамына электр беру желісін (ВЛ-10кВ Фидер № 6 "Боголюбово-Зерноток" электр беру желілері)пайдалану үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінде аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,2450 гектар, оның ішінде жолдар 0,2450 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут 49 жыл мерзімге белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Степаненко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады