Түркістан қаласында қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 196 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы №11-р "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкіміне сәйкес Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан қаласында қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Түркістан қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы №5 "Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуы Түркістан қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қозыханұлына жүктелсін.

      5.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә.Пазылбекұлы

  Түркістан қаласы әкімдігінің
2025 жылғы " 18 " сәуірдегі
№ 196 "Түркістан қаласында
қоғамдық жұмыстардың түрлерін
және қоғамдық жұмыстар орындалуға
тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту
туралы" қаулысына қосымша

Түркістан қаласында қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

Ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

1

Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің "Жасыл Түркістан" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қала аумағын көріктендіру

2

Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің "Түркістан жарық-тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қала аумағын тазалау


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады