"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына, сәйкес Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Отырар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Жолдыбай |
2025 жылғы 15 мамырдағы № 125 қаулыға қосымша |
Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі) аудан көлемінде ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріу, аймақтағы қоғамдық – саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
4. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Заңды тұлғаның орналасқан жері. 160700 Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек-жолы даңғылы №25 үй.
10. "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің толық атауы - "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттік болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру және насихаттау;
2) ауданда жергілікті мемлекеттік басқару органдарының Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, мәслихаттың, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларына сәйкес "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттің ішкі саясатын орындауын қамтамасыз ету және іске асыру;
3) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салаларда мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
4) діни және басқа да коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктермен байланысты және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
5) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану мәселелері бойынша аудандық бөлімдермен өзара іс-қимыл жасау;
6) ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары қызметін әдістемелік қолдау және үйлестіру, заңнаманы сақтау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары қызметіне мониторинг жүргізу.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
1) ішкі саясат бағдарламалары бойынша жұмыстарды, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болады;
2) діни сенім бостандығы құқығын одан әрі іске асыру, сондай-ақ Отырар ауданының аумағында тұратын барлық этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін еркін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
3) мемлекет пен азаматтық қоғамның, билік пен оппозицияның сындарлы диалог тетіктерін қалыптастыру;
4) патриоттық сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық ұстанымды қалыптастыруға, жас таланттарды анықтауға және қолдауға бағытталған жас ұрпақпен өзара іс-қимылдың тиімді моделін әзірлеу;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады;
6) бөлім қызметінің саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар береді, олардың орындалуын бақылайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысады;
7) Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде ішкі саясат саласындағы аудандық бөлімдердің жұмысын үйлестіреді. Осы мақсатта бөлім зерделеу және аудан әкімін ақпараттандыру үшін олардан деректер мен ақпарат сұратуға құқылы.
2) міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан мемлекеттік мекеменің функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат пен мәліметтерді қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде сұратады және алады;
2) ішкі саясат саласындағы жұмыстар мен іс-шараларды жүргізуге шарттар жасасады;
3) мемлекеттік басқару органдарының қарауына өз құзыреті шегінде мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) қолданыстағы заңнамамен берілген өзге де құқықтарды пайдаланады;
5) "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай –ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
6) Аудандық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге арналған жастар саясаты мен мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі аудандық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады;
7) "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзырына кіретін ішкі саясат, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;
8) "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
9) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
15. Функциялары:
1) әлеуметтік шиеленіске мониторингті жүзеге асыру, өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау;
2) жастар саясатын жүзеге асыру, ауданның жастар бірлестіктерінің қызметін үйлестіру және ықпал ету;
3) Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің Отырар ауданының мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;
5) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
6) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
7) "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасымен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;
8) "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзырына кіретін мәселелер жөнінде аудандағы "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамасыз етеді;
9) Облыстық және аудандық қоғамдық –саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
10) Ауылдық округтер әкімдерінің, ауданның мемлекеттік мекемелерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды;
11) Ауданның ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша аудан әкімдігінің мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады;
12) Отырар ауданы әкімдігінің нормативтік құқықтық және нормативтік емес актілерінің жобаларын дайындайды;
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
14) Қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады;
15) Ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;
16) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды және насихаттауды жүзеге асырады;
17) Қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды;
18) Аудан әкімдігі жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады;
19) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 804-бабы 1-бөлімінің 50-тармағына сәйкес, хаттама толырады.
3- тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
16. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мек
емесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
5) заңнамада белгіленген тәртіпте Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
6) өз құзыреті шегінде Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
7) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлердің штат санының лимиті шегінде Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
8) Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің балансында бекітілген мүліктің тиімді пайдаланылуы және оның сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
9) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
10) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
19. "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
20. "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі бекіткен мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6-тарау. "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі
24. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.