"Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 28-205/VIII шешiмi

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 31-210/VІ шешімі (Сайрам аудандық мәслихатының 17 қаңтар 2023 жылғы № 26-163/VII шешімімен енгізілген өзгерісті қоса алғанда) жойылсын.

      3. Сайрам аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Ш.Тілеуова мемлекеттік мекеменің Ережесін әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сайрам аудандық мәслихатының төрағасы Ш.Халмурадов

  Сайрам ауданы мәслихатының
8 мамыр 2025 жылғы
№28-205/VIII
шешімімен бекітілген

"Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Сайрам аудандық мәслихатының (бұдан әрі - мәслихат) және оның органдарының қызметтерін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ететін, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекемеcі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.Мемлекеттік органның толық атауы: "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      5. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      6. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Жібек-жолы даңғылы, №95 үй, индексі 160800.

      7. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      8. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      9. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      10. Негізгі міндеттері:

      1) мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметтерін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      2) мәслихат сессияларын, сондай-ақ мәслихаттың және оның органдарының бастамасы бойынша өткізілетін іс-шараларды ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      3) мәслихаттың нормашығармашылық қызметін құжаттамалық-құқықтық қамтамасыз ету;

      4) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда көмек көрсету;

      5) мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының азаматтармен, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл мен өзара байланыстың қалыптасуына жәрдемдесу.

      11. Өкілеттіктері:

      1) мәслихат аппараты құқылы:

      мәслихат құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік ұйым-дармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;

      белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлға-лардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, сараптамалық кеңестердің қорытындылары мен мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де материалдарды сұратуға;

      мәслихат құзыретіне жататын мәселелерді қарау үшін жұмыс топтарын құру, сондай-ақ өзге ұйымдардың қызметкерлері мен тиісті мамандарды тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

      жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге, шарт жасасуға және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға;

      мәслихат пен оның органдары қызметтерінің пәрменділігін көтеру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де құқықтарын жүзеге асыруға;

      2) мәслихат аппаратының міндеттері:

      өз құзыреті шегінде мәслихат және оның органдарының қызметтерінде Қазақстан Республикасының заңнамалық және заңға тәуелді актілердің іске асырылуын қамтамасыз етуге;

      сессиялардың және мәслихат пен оның органдарының өзге отырыс-тарын ұйымдық-құжаттамалық қамтамасыз етуге;

      мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, тоқтату, тоқтата тұру және жариялау, сондай-ақ атқарылуын бақылау рәсімдерін жүргізуге;

      мәслихат төрағасының жеке дара-үкімдік қызметтерін қамтамасыз етуге;

      мәслихат және оның органдары шешімдерінің орындалуын бақылауға, олардың мониторингі мен есебін жүргізуге, қажет болған жағдайда, орындалуы барысындағы және қорытындысы бойынша ақпараттарды дайындауға;

      мәслихат депутаттарының сауалдарын, ұсыныстары мен ескертулерін дайындауға қатысуға, олардың тиісті ұйымдарда қаралуын бақылауға;

      есептік және басқа да іс-шараларды өткізу үшін мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметтері туралы талдамалық материалдарды және ақпараттық сипаттағы шолуларды дайындауға;

      ұйымда қызметтік құжаттардың, хаттар мен өтініштердің уақытылы және сапалы қаралуын қадағалауға, басшылықпен азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға, сенім телефон жұмысын қамтамасыз етуге;

      бұқаралық ақпарат құралдары мен мәслихаттың ресми интернет-ресурсын пайдалану арқылы мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметтері туралы ақпаратты уақытылы жариялауға (оның ішінде мәслихат отырыстарынан онлайн-көрсетілімдерін жүргізу);

      мәслихат құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы нормаларының орындалуын қамтамасыз етуге;

      Сайрам ауданы Қоғамдық кеңесінің қызметін ұйымдық қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына және мәслихат регламетіне сәйкес өзге міндеттерді атқаруға.

      12. Мәслихат аппаратының функциялары:

      1) мәслихат және оның органдарының қызметтерін жоспарлауда ақпараттық-талдамалық жәрдемдесу;

      2) мәслихат құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты жинақтау, өндеу және талдау;

      3) мәслихат сессияларын, сондай-ақ мәслихат және оның органдарының бастамасымен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау рәсімдерін жүргізу;

      5) мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының, депутаттық бірлестіктері мен өзге органдарының қызметтерін ұйымдық, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      6) мәслихат құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

      7) мәслихатта басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      8) мәслихат депутаттарының қызметтерін ұйымдық, консультациялық-құқықтық және ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

      9) мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметтері туралы ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге функцияларды атқару.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      13. Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын, мәслихат аппаратына жалпы басшылықты мәслихат төрағасы жүзеге асырады.

      14. Мәслихат төрағасы сессияда ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады және қызметінен босатылады.

      15. Мәслихат төрағасының өкілеттігі:

      1) мәслихат аппаратының тиісті кезенге жұмыс жоспарын бекітеді, оның атқарылуы бойынша аппарат басшысының есебін қабылдайды;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда мәслихат аппаратының атынан өкiл болады;

      3) заңнамаға сәйкес мәслихат аппаратының басшысы мен өзге қызметкерлерін лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      4) мәслихат аппараты қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте мәслихат аппаратының қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      6) мәслихат аппаратының негізгі міндеттері мен функцияларына сәйкес жеке дара өкімдер қабылдайды;

      7) жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында мәслихат аппаратының қызметі туралы есеп береді;

      8) мәслихат аппаратының қаржылық-шаруашылық қызметін басқарады және оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бюджет қаражатын оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      16. Мәслихат төрағасы болмаған кезеңде өкілеттігін орындауды мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты жүзеге асырады.

      17. Мәслихат аппаратының қызметіне тікелей басшылықты мәслихат төрағасымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.

      18. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттігі:

      1) мәслихат функцияларын атқарудағы мәслихат аппараты қызметкерлерінің оларға жүктелген жұмысын үйлестіреді;

      2) мәслихат аппаратының тиісті кезенге жұмыс жоспарын әзірлейді және мәслихат төрағасына бекітуге ұсынады, оның атқарылуы бойынша есеп береді;

      3) мәслихат аппаратында еңбек тәртібін күшейту, қызметкерлердің еңбекке ынталарын және бастамашылықтарын дамыту бойынша шараларды қабылдайды;

      4) мәслихат аппараты қызметкерлері қызметтерінің функциялары мен сипаттарын айқындау, мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қойылатын біліктілік талаптарын және лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту туралы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мәслихат немесе мәслихат төрағасына бекітуге ұсынады;

      5) мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылауды, олардың мониторингі мен есебін жүргізуді, орындалуы барысындағы және қорытындысы бойынша ақпараттарды дайындауды ұйымдастырады;

      6) есептік және басқа да іс-шараларды өткізу үшін мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметтері туралы талдамалық материалдарды және ақпараттық сипаттағы шолуларды әзірлеуді ұйымдастырады;

      7) мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, өзін-өзі басқару органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл барысында өз өкілеттігі шегінде мәслихат аппаратының мүдделерін білдіреді;

      8) мәслихаттың немесе мәслихат төрағасының қарауына:

      мәслихат аппаратының қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолдану, сондай-ақ оларды тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы;

      мәслихат аппаратының құрылымы, оның қызметкерлерінің міндеттерін айқындау мен өзара алмасуын қамтамасыз ету бойынша;

      мәслихат аппаратының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы;

      9) Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды;

      10) мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты қызметкерлерінің қызметi тоқтатылмайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мәслихат аппаратында заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      21. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады