Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 3 ақпандағы № 30 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Шардара ауданы, Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі аумағынан "AGRIQA Азия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін газ құбырымен қамтамасыз ету үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының қабылдануына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу Шардара аудандық жер қатынастары бөліміне (К.Нурманов) жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ильясовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Карсыбаев

  Шардара ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 03 ақпандағы
№ 30 қаулысына қосымша

Шардара ауданы, Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі аумағынан "AGRIQA Азия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін газ құбырымен қамтамасыз ету үшінқауымдық сервитут белгіленетінжеркөлемі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар)

Соныңішінде

Ауылшаруашылық мақсатындағыжерлер

оныңішінде


егістік

Оның ішінде

Көп жылдық екпелер

шабындық

жайылым

Өзге жерлер

Орман қоры жері

Суармалы егістік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі

0,0655

0,0655

-

0,0655

-

-

-

-

-


Барлығы

0,0655

0,0655

-

0,0655

-

-

-

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады