Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 4 шешiмi

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Абай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Абай ауылдық округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Отан елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге – Ыбырай Алтынсарин атауы;

      2) Жүзімдік елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге– Ахмет Байтұрсынұлы атауы;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімінің орынбасары Н.Танабаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауылдық округі әкімі Б.Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады