Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына және "Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 85 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мелекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің туризмді дамыту, инвестициялар тарту және сыртқы байланыстар мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы "24" сәуірдегі № 98 қаулысына қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының аумағында туризмді дамыту, инвестициялар тарту және сыртқы байланыстар жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40.
9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже осы Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) туристік ресурстарды дамыту;
2) туристік дестинациялар мен объектілердің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) туристік өнімдер мен қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
4) қолайлы туристік климат құру;
5) облыстың туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілетудің тиімді жүйесін қалыптастыру;
6) туристік саланы басқару және дамыту мониторингі жүйесін жетілдіру;
7) саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;
8) туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекет пен Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістерін ұлғайту;
9) халықаралық байланыстарды дамыту;
10) облысқа отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, туризм саласындағы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан сұратуға және алуға;
реттелетін салаларда орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен меморандумдар (келісімдер) жасасу;
Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;
халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу жөнінде ұсыныстар енгізу, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу, шарттар (келісімдер) жасасу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ олармен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде басқа мемлекеттік органдармен, коммерциялық емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихаты бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкер, талапкер, үшінші тұлға, оның ішінде облыс әкімінің, облыс әкімдігінің атынан соттарда және басқа мемлекеттік органдарда әрекет ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап арызбен жүгіну;
заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сондай-ақ өзге де жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
Басқармаға бөлінген бюджет қаражатын толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
реформалар курсын, басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндіру барысы туралы облыс әкіміне талдамалық анықтама дайындау бойынша жұмысты үйлестіру;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасау;
көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсыну;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсыну;
қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттыру, сондай-ақ мүгедек адамдармен қарым-қатынас дағдыларына үйрету;
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарау және оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімдерде қарау нәтижелері туралы хабардар ету;
көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметті орындау сатысы туралы ақпарат алу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау;
мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажетті өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз ету;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде сақталған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін немесе ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған келісімін алу;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттарды пайдалану;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту;
заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) Шығыс Қазақстан облысында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және Шығыс Қазақстан облысында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады;
3) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
4) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағын қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
5) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
6) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
7) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында жүзеге асырылатын кәсіпкерлікті қоспағанда, халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
8) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты ұсынады;
9) туристік ақпарат орталығын құрады;
10) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын гидті қоспағанда, гидті кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
12) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
13) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
14) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағын қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;
15) туризмді дамыту үшін туристік қызмет субъектілеріне жағдай жасайды;
16) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады;
17) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезіндегі кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
18) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың санитариялық-гигиеналық тораптарының тізбесін қоспағанда, уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекітеді;
19) елді мекендерден тыс жердегі туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жол бойындағы сервис объектілерін қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;
21) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы санитариялық-гигиеналық тораптарды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;
22) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері сатып алатын автомобиль көлігі құралдарын қоспағанда, туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын есепке алмағанда сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;
23) Шығыс Қазақстан облысының аумағында халықаралық ынтымақтастық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
24) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәліметтерді ұсынуды, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін ұлттық цифрлық инвестициялық платформада инвесторлар тізілімімен интеграциялауды қамтамасыз етеді;
25) облыс аумағында инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;
26) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарма басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарма жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады;
2) Басқарма басшысының орынбасары мен бөлімдер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және осы шаралардың әрекетсіздігі үшін дербес жауапты болады;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жаза қолданады;
6) облыс әкімінің ұйымдастыру қызметі мәселелері бойынша келіп түскен петицияларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қарайды;
7) өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығарады;
8) Басқарманың бөлімдер туралы ережелерін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
9) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма мүдделерін білдіреді;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарма басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23.Басқарма егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма қарамағындағы ұйым
25. "Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасының Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.