Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 382 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 желтоқсанда № 25801 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 382 Бұйрығымен
бекітілген

Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарын күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялау) олардың санитариялық жай-күйін ұстап тұру үшін санитариялық-гигиеналық торабына күтіп-ұстауға арналған шығындарды өтеу мақсатында беріледі.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) санитариялық-гигиеналық торап (бұдан әрі – СГТ) – туристер үшін тартымды аумақтарда және (немесе) оларға баратын автомобиль жолдарының бойында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан немесе жол бойындағы сервис объектісіне кіретін абаттандырылған жеке тұрған стационарлық немесе жылжымалы құрылыс (унитаздармен, раковиналармен, желдету, жарықтандыру жүйелерімен және жеке гигиена құралдарымен жабдықталған мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді ерлер мен әйелдерге арналған жеке кабиналары бар абаттандырылған дәретхана);

      2) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 16.08.2022 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.02.2023 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау тәртібі

      4. Субсидиялауды алу үшін СГТ орналасқан жердегі кәсіпкерлік субъектісі күнтізбелік жыл ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – ЖАО) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы не қолма-қол тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін ұсынады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 16.08.2022 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жіберілетін өтінімге:

      1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесін, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариат куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;

      2) СГТ-ға меншік немесе өзге де заңды иелену немесе басқару құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;

      3) мәлімделген СГТ және оның орналасқан жерінің фото- және бейнетіркеу материалдары.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 16.08.2022 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген келіп түскен өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ЖАО тіркейді және олардың толықтығын, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкестігін олар келіп түскен күннен кейін екі жұмыс күні ішінде қарайды.

      7. Ұсынылған құжаттар топтамасын ЖАО келесі жағдайларда қараусыз қайтарады:

      1) кәсіпкерлік субъектілеріне құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес мерзімдер сақталмаған жағдайларда.

      ЖАО құжаттар топтамасын қайтару себептерін көрсете отырып, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жазбаша хабарламамен кәсіпкерлік субъектісіне құжаттар топтамасын қайтаруды жүзеге асырады.

      Кәсіпкерлік субъектісіне құжаттардың толық болмауы себебі бойынша құжаттар топтамасы қайтарылған жағдайда, хабарламада жетіспейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі. Хабарламада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының толық еместігі жойылған кезде кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта береді.

      Өтінім беру мерзімдерін сақтамау себебінен құжаттар топтамасы қайтарылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде өтінімді қайта береді.

      8. Келіп түскен құжаттар топтамасын қарау үшін ЖАО кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Комиссия мүшелері тақ санынан, кемінде жеті адамнан тұрады, олардың арасынан төраға және төрағаның орынбасары тағайындалады.

      Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.

      Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындауды Комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы жүзеге асырады.

      Комиссия төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы ЖАО қызметкерлері қатарынан тағайындалады.

      Комиссия құрамына "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың өкілдері, бизнес өкілдері кіреді.

      9. Комиссия құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкестігін қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келген кезде кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін субсидиялау туралы;

      2) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келмеген кезде кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін субсидиялаудан бас тарту туралы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 16.08.2022 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту үшін негіздер анықталған кезде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне субсидиялаудан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша Комиссияның шешімі негізінде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне субсидия төлеу туралы нәтиже немесе кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Комиссия отырыстарын осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес мерзімдерде өтінімдердің түсуіне қарай өткізеді.

      11. Комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен ресімделеді.

      12. Комиссияның кәсіпкерлік субъектісіне субсидиялау туралы шешімінің негізінде ЖАО оны күтіп-ұстауға субсидиялау жүзеге асырылатын СГТ тізбесінің жобасына (бұдан әрі – жоба) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізеді және бес жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Уәкілетті орган жобаны ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде келіседі.

      Жобаны келіскеннен кейін ЖАО әкімдік қаулысымен күтіп-ұстауға субсидиялау жүзеге асырылатын СГТ тізбесін (бұдан әрі – тізбе) бекітеді.

      Бекітілген тізбе тиісті күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 16.08.2022 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. ЖАО бекітілген тізбені оны бекіткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

      14. ЖАО өтінімде көрсетілген екінші деңгейдегі банкте ашылған тізбеге кіретін, СГТ кіретін кәсіпкерлік субъектісінің есептік шотына ай сайын келесі айдың оныншы күніне дейінгі мерзімде 83 300 (сексен үш мың үш жүз) теңге мөлшерінде субсидиялау сомасын тізбеде көрсетілген субсидиялау мерзімі ішінде аударуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 16.08.2022 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Кәсіпкерлік субъектілерінің
санитариялық-гигиеналық
тораптарды күтіп-ұстауға
арналған шығындарының бір
бөлігін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. Оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 16.08.2022 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауға арналған өтінім

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 16.08.2022 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге

      арналған өтінімді қарауды сұраймын.

      1. Кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ____________________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) ________________

      іс жүзінде орналасқан мекен-жайы ____________________________________

      телефон нөмірі _____________________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) __________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ______________________________________

      жеке басты куәландыратын құжат:

      нөмірі ____________________________________________________________

      кім берді __________________________________________________________

      берілген күні / қолданылу мерзімі _____________________________________

      тұрғылықты мекенжайы _____________________________________________

      телефон нөмірі _____________________________________________________

      2. Санитарлық-гигиеналық торап туралы мәліметтер:

      сипаттамасы _________________________

      санитарлық-гигиеналық тораптың орналасқан мекен-жайы ____________

      субсидиялау мерзімі ________________.

      3. Кәсіпкерлік субъектісінің Екінші деңгейдегі банкте ашылған есеп айырысу шотының

      деректемелері:

      _____________________________________________________________.

      4. Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға

      арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес

      өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1) _______________________________

      2) _______________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, оның ішінде банкрот болмағанымды, "Оңалту

      және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық

      немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге,

      сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Ұялы телефон нөмірі өзгерген жағдайда, жергілікті атқарушы органды он жұмыс күні

      ішінде хабардар етуге міндеттенемін.

      __________________________________________

      (кәсіпкерлік субъектісі басшының

      (өкілдің) қолы)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      Өтінім берілген күн "____" __________ 20____ жыл.

  Кәсіпкерлік субъектілерінің
санитариялық-гигиеналық
тораптарды күтіп-ұстауға
арналған шығындарының бір
бөлігін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Күтіп-ұстауға субсидиялау жүзеге асырылатын санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбесі

      Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 16.08.2022 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Кәсіпкерлік субъектісі (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/заңды тұлғаның атауы)

Санитарлық-гигиеналық тораптардың орналасуы (облыс, қала / аудан (ауыл), көше, үй)

Санитарлық-гигиеналық тораптардың географиялық координаттары

Субсидиялау мерзімі*

Санитариялық-гигиеналық тораптардың аумақтық тиесілігі**

Пайдалануға берілген күні







      Ескертпе:

      *күнтізбелік жыл ішіндегі субсидиялау кезеңі көрсетіледі.

      ** санитариялық-гигиеналық торап орналасқан аумақтар (туристер үшін тартымды аумақтар, туристер үшін тартымды аумақтарға баратын жолдағы автомобиль жолдарының бойында орналасқан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жол бойындағы сервис объектісінің құрамында).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады