ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қағидалардың 11-тармағының екінші абзацы 2024 жылғы 1 мамырға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 Бұйрықпен бекітілген |
Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу (бұдан әрі – шығындардың бір бөлігін өтеу) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2) құрылыс қызметі (бұдан әрі – құрылыс) – жаңа объектiлер салу және (немесе) бар объектiлердi (үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндiрiстiк және өндiрiстiк емес негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет;
3) реконструкциялау – әдетте өзгеретін объектіні жаңарту мен жаңғырту қажеттігіне байланысты жалпы жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөліктерін немесе ғимаратты өзгерту;
4) туристік қызмет объектілері – табиғи объектiлер және табиғи-климаттық аймақтар, көрiктi орындар, тарихи және әлеуметтiк-мәдени көрсету объектiлерi және саяхат кезiнде туристердiң қажеттерiн қанағаттандыра алатын өзге де объектiлер;
5) алып тасталды - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі
3. Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігінің өтемін алу үшін туристік қызметтің мәлімделген объектісі орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – ЖАО) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы не қолма-қол тиісті күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін жібереді.
4. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жіберілетін өтінімге қоса береді:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариалды куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) "Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша туристік қызмет объектісін пайдалануға қабылдау туралы актінің көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар туристік қызметтің мәлімделген объектісі бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;
4) салынған, реконструкцияланған мәлімделген туристік қызмет объектісінің фото- және бейнетіркеу материалдары;
5) соңғы (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсу динамикасын растайтын үзінді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 11.04.2024 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген келіп түскен өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ЖАО тіркейді және олар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды.
6. Ұсынылған құжаттар топтамасын ЖАО мынадай жағдайларда қараусыз қайтарады:
1) кәсіпкерлік субъектісімен құжаттардың толық емес топтамасын ұсынылуы;
2) осы Қағидалардың 3-тармағымен белгіленген мерзімдерді сақтамау.
ЖАО құжаттар топтамасын қайтару себептерін көрсете отырып, олар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша хабарламамен кәсіпкерлік субъектісіне құжаттар топтамасын қайтаруды жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік субъектісіне құжаттардың толық болмауы себебі бойынша құжаттар пакеті қайтарылған жағдайда, хабарламада жетіспейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі. Хабарламада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының толық еместігі жойылған кезде кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта береді.
Өтінім беру мерзімдерін сақтамау себебінен құжаттар топтамасы қайтарылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген мерзімдерде өтінімді қайта береді.
7. Кәсіпкерлік субъектілері ұсынған құжаттардың толық топтамасын қарау үшін ЖАО өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
Комиссия кемінде 7 (жеті) адамды қамтитын мүшелердің тақ санынан тұрады, олардың ішінен төраға және төрағаның орынбасары тағайындалады.
Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындауды комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы жүзеге асырады.
Комиссия төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы ЖАО қызметкерлері қатарынан тағайындалады.
Комиссия құрамына "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың өкілдері, бизнес өкілдері кіреді.
8. Комиссия құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкестігін қарайды.
Құжаттар топтамасын қарау қорытындылары бойынша комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) келіп түскен құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келген кезде шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;
2) келіп түскен құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келмеген кезде шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.
8-1. Шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша Комиссияның шешімі негізінде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу туралы нәтиже немесе кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Комиссия осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес мерзімдерде өтінімдердің түсуіне қарай отырыстар өткізеді.
10. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ЖАО-ның интернет-ресурсында орналастырылады, көшірмесі кәсіпкерлік субъектісінің мекен жайына жазбаша хабарламамен жіберіледі.
11. Хаттаманың негізінде ЖАО Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларымен көзделген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған күнтізбелік жылдың 30 наурызына дейін толық көлемде бюджеттік өтінімді қалыптастырады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Алып тасталды - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Шығындардың бір бөлігін өтеуді жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырады.
14. Шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұсынылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысында көрсетілген туристік қызмет объектілерін салуға және (немесе) реконструкциялауға арналған шығындар құнының он пайызын құрайды.
15. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
16. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жергілікті бюджетке шығындардың бір бөлігін өтеу үшін қаражат түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша сомаларды кәсіпкерлік субъектісінің екінші деңгейдегі банкте ашылған және өтінімде көрсетілген есеп айырысу шотына аударуды жүзеге асырады.
17. Шығындардың бір бөлігінің орнын толтыру кезінде кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдайды:
1) жұмыскерлер санын ұлғайту;
2) салық аударымдарын ұлғайту.
Қарсы міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.
Ескерту. Қағидалар 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 11.04.2024 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінім
Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға арналған өтінімді қарауды сұраймын.
1. Кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) __________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________
мекен-жайы және нақты орналасқан жері _________________________
телефон нөмірі _______________________________________________
Жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ______________________
кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметтің басталғаны туралы
хабарламаның нөмірі ____________________________________________
жеке басты куәландыратын құжат:
нөмірі _______________________________________________________
кім берді _____________________________________________________
берілген күні __________________________________________________
тұрғылықты мекенжайы ________________________________________
телефон нөмірі ________________________________________________.
2. Туристік қызмет объектісі туралы мәліметтер:
сипаттамасы: _______________________________________________________.
құрылыстың құны (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалау
(жобалау-сметалық) құжаттамасы және пайдалануға беру актісі бойынша
сараптаманың оң қорытындысына сәйкес) ________________________________
_____________________________________________________________________
қаржы қаражатының көзі:_______________________________________________
объектінің орналасқан жерінің мекенжайы:________________________________
3. Кәсіпкерлік субъектісінің екінші деңгейдегі банкте ашылған есеп айырысу
шотының деректемелері: ______________________________________________.
4. Өтеу сомаларын алдын ала есептеуі ___________________________________.
5. Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік
субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 4-тармағына сәйкес
өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1)_______________________________
2)_______________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, оның ішінде банкрот болмағанымды,
"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және
дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім
беремін. ________________________________________
(кәсіпкерлік субъектісі басшысының (өкілінің) қолы)
Мөрдің орны (бар болса)
Өтінім берілген күні: "____" __________ 20___ жыл