Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 412 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қаңтарда № 26380 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қағидалардың 9-тармағының екінші абзацы 2024 жылғы 1 мамырға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 412 Бұйрықпен бекітілген

Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-20) тармақшасына сәйкес әзірленді және туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу (бұдан әрі – шығындардың бір бөлігін өтеу) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелері;

      2) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) туристік қызмет – жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.

2-тарау. Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу тәртібі

      3. Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) тіркелген жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – ЖАО) тиісті күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде пошта арқылы не қолма-қол қағаз немесе электрондық нысанда ұсынады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Туризм және спорт министрінің 11.04.2024 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге қоса ұсынады:

      1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтінім берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген жағдайда – кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхаты қоса ұсынылады;

      2) өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтер;

      3) көлік құралын тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

      4) сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралының (бұдан әрі – автокөлік құралы) сатып алынғанын растайтын құжаттың көшірмесі (электрондық шот-фактуралар не сатып алу-сату шарты, автокөлік құралын кредитке сатып алған жағдайда – кредиттік шарт).

      Автокөлік құралын электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден сатып алған жағдайда автокөлік құралын сатып алу жөніндегі шығындар көлік құралдарына арналған кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын үшінші елдерден) немесе "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішпен расталады;

      5) сатып алынған автокөлік құралының фото- және бейнетіркеу материалдары.

      5. ЖАО келіп түскен өтінімдер мен оған қоса ұсынылатын осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттар, сондай-ақ материалдарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) тіркеп, олар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде толықтығын қарайды.

      Кәсіпкерлік субъектісі құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ЖАО жетіспейтін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, оларды осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде кәсіпкерлік субъектісіне жазбаша хабарламамен қайтарады.

      Құжаттар топтамасының толық еместігі жойылған жағдайда кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта береді.

      6. Кәсіпкерлік субъектілері ұсынған құжаттардың толық топтамасын қарау үшін ЖАО шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Комиссия мүшелері тақ санымен кемінде 7 (жеті) адамнан құралады, олардың арасынан төраға және төрағаның орынбасары тағайындалады.

      Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.

      Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындауды комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы жүзеге асырады.

      Комиссия төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы ЖАО қызметкерлері қатарынан тағайындалады.

      Комиссия құрамына "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың және бизнес өкілдері кіреді.

      7. Комиссия құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкестігін қарайды.

      Құжаттар топтамасын қарау қорытындысы бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келген жағдайда шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келмеген жағдайда шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.

      7-1. Шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша Комиссияның шешімі негізінде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу туралы нәтиже немесе кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ЖАО-ның интернет-ресурсында орналастырылады.

      9. Хаттаманың негізінде ЖАО Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларымен көзделген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған күнтізбелік жылдың 30 наурызына дейін толық көлемде бюджеттік өтінімді қалыптастырады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Алып тасталды - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Шығындардың бір бөлігін өтеуді жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырады.

      12. Шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері автокөлік құралдары құнының жиырма бес пайызын құрайды.

      13. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетелдік валюталарда жұмсалған шығындар автокөлік құралын сатып алу күніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдары бойынша қайта есептеуге жатады.

      14. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жергілікті бюджетке шығындардың бір бөлігін өтеу үшін қаражат түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша сомаларды кәсіпкерлік субъектісінің екінші деңгейдегі банкте ашылған және өтінімде көрсетілген есеп айырысу шотына аударуды жүзеге асырады.

      15. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алған кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеуді алған кезден бастап бес жыл ішінде сатып алынған автокөлік құралын мақсатсыз пайдалануға және иеліктен шығаруға жол бермейді.

      16. Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеу күнінен бастап бес жыл ішінде автокөлік құралын иеліктен шығарған жағдайда, ЖАО шығындардың бір бөлігін өтеу сомасын қайтару жөніндегі шараларды сотқа жүгіну жолымен қабылдайды.

      17. Кәсіпкерлік субъектісі жыл сайын күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде ЖАО-ға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуді алған кәсіпкерлік субъектісінің автокөлік құралын пайдалану бойынша күнтізбелік жылға арналған ақпаратын (бұдан әрі – ақпарат), сондай-ақ ақпарат ұсынылғанға дейін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнан алынған автокөлік құралының болуын (болмауын) растайтын мәліметтерді жолдайды.

      18. ЖАО жыл сайын күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға:

      1) жиынтық ақпаратты;

      2) кәсіпкерлік субъектілерінің автокөлік құралдарын иеліктен шығару фактілерінің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді ұсынады. Иеліктен шығару фактілері болған жағдайда қайтарылуға жататын сомалар көрсетілген мәліметтер ұсынылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағидалар 19-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Туризм және спорт министрінің 11.04.2024 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Туристік қызметті жүзеге
асыратын кәсіпкерлік
субъектілеріне сыйымдылығы
жүргiзушiнiң орнын қоспағанда,
сегiзден астам отыратын орны
бар автомобиль көлік
құралдарын сатып алу бойынша
шығындардың бір бөлігін өтеу
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  кімге ___________________________
  (жергілікті атқарушы органның атауы)
  кімнен ____________________
  (кәсіпкерлік субъектісінің атауы)

Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінім

      Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімді қарауды сұраймын.

      1. Кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _____________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________

      мекен-жайы __________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі __________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _______________________

      жеке басты куәландыратын құжат:

      нөмірі _________________________________________________________

      берген орган ____________________________________________________

      берілген күні ____________________________________________________

      мекен-жайы _____________________________________________________

      телефон нөмірі __________________________________________________.

      2. Кәсіпкерлік субъектісінің қызметін растайтын құжаттар.

      Заңды тұлға үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін берілген лицензияның нөмірі мен берілген күні: _______________________________________________.

      Жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның нөмірі: _________________________________________________.

      3. Автокөлік құралы туралы мәліметтер:

      сипаттамасы __________________________________________________

      сатып алу сомасы (жазбаша, теңгемен) ____________________________

      қаржы қаражатының көзі _______________________________________

      іске асыру мекен-жайы _________________________________________.

      4. Кәсіпкерлік субъектісінің екінші деңгейдегі банкте ашылған есеп айырысу шотының деректемелері:

      ____________________________________________________________.

      5. Өтеу сомаларын алдын ала есептеу ___________________________.

      Өтінімге Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-тармағында көрсетілген құжаттар қоса ұсынылады:

      1) _______________________________

      2) _______________________________

      Ұсынылған ақпараттың, оның ішінде банкрот болмайтынымды, "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе тарату және банкроттық рәсіміне жатпайтынымды растаймын және дербес деректерді жинау, өңдеу, сақтау, түсіру және пайдалануға, сондай-ақ жыл сайын осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ақпаратты ұсынуға келісім беремін.

      ______________________________________ (кәсіпкерлік субъектісі басшысының (өкілінің) қолы)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      Өтінім берілген күн: "____" __________ 20___ жыл

  Туристік қызметті жүзеге
асыратын кәсіпкерлік
субъектілеріне сыйымдылығы
жүргiзушiнiң орнын қоспағанда,
сегiзден астам отыратын орны
бар автомобиль көлік
құралдарын сатып алу бойынша
шығындардың бір бөлігін өтеу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  кімге __________________________
  (жергілікті атқарушы органның атауы)
  кімнен ___________________
  (кәсіпкерлік субъектісінің атауы)

Сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуді алған кәсіпкерлік субъектісінің автокөлік құралын пайдалану бойынша күнтізбелік жылға арналған ақпараты

№ р/с

Кәсіпкерлік субъектісінің атауы

Автокөлік құралы қызмет көрсеткен туристер мен туристік маршруттар саны (айлар бөлінісінде)

*Кәсіпкерлік субъектісі мен туристер арасында жасалған шарттардың нөмірлері

**Туристік маршруттар сипаттамасы

1

2

3

4

5






      Ескертпе:

      *Растау үшін шарттардың көшірмелерін есепке қоса ұсынылады.

      **Туристік маршруттар сипаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) автокөлік құралының маркасы, орындар саны

      2) турдың ұзақтығы

      3) маршрут өтетін учаскелер.

      ______________________________________ (кәсіпкерлік субъектісі басшысының (өкілінің) қолы)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      "____" __________ 20___ жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады