Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Теректі ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Теректі ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Муханбетжанова |
Теректі ауданы әкімінің 2025 жылғы "23" қаңтардағы № 2 шешіміне қосымша |
Теректі ауданы әкімінің кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 2024 жылғы 12 ақпандағы "Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округі, Аңқаты ауылдық округі, Подстепное ауылдық округі, Шаған ауылдық округі және Теректі ауылдық округі аумақтарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" № 3 шешімі.
2. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 2024 жылғы 15 ақпандағы "Теректі ауданының Ұзынкөл ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" № 4 шешімі.
3. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы "Теректі ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" № 5 шешімі.