Еуразиялық экономикалық одақ Сотының жалпы штат саны мен құрылымына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 2 қаңтардағы № 2 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 16 тармақшасына және Еуразиялық экономикалық одақ Соты Статутының 7, 2227-тармақтарына (көрсетілген Шартқа № 2 қосымша), сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған шарттың 1-бабына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 81 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақ Сотының жалпы штат саны мен құрылымына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Судьялар" позициясындағы "6" деген цифр "8" деген цифрмен ауыстырылсын;

      "Судьялар хатшылықтарының штат саны" позициясындағы "12" деген цифрлар "16" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "Еуразиялық экономикалық одақ Соты Аппаратының жалпы штат саны" позициясындағы "46" деген цифрлар "50" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "Еуразиялық экономикалық одақ Сотының жалпы штат саны" позициясындағы "52" деген цифрлар "58" деген цифрлармен ауыстырылсын.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь
Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 
 

Ресей Федерациясынан
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады