Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 79 шешімінің 1-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 9 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына және 20-бабының 1-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақ бюджетіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үлестік жарналарының мөлшерлері (шәкіл) туралы" 2014 жылғы 10 қазандағы № 79 шешімінің 1-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) бірінші абзацтағы "2015 жылға" деген сөздер "2016 жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) екінші – төртінші абзацтар мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:

      "Армения Республикасы – 1,11 пайыз;

      Беларусь Республикасы – 4,56 пайыз;

      Қазақстан Республикасы – 7,11 пайыз;

      Қырғыз Республикасы – 1,90 пайыз;

      Ресей Федерациясы – 85,32 пайыз.".

      2.  Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылға арналған бюджетін қалыптастыру және атқару мақсатында және одан әрі Еуразиялық экономикалық одақ бюджетіне мүше мемлекеттердің үлестік жарналарының мөлшерлерін (шәкіл) айқындау туралы шешім 2016 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бірінші отырысында қабылдансын.

      3. Осы Шешім 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
     

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады