Үшінші елдерге қатысты арнаулы қорғаныс, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 109-тармағына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) және Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 904 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шаралар қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты жүргізілген қайта тексерудің нәтижесі бойынша дайындалған Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
ЕАЭО-ның 8455 30 310 1, 8455 30 310 9, 8455 30 390 1 және 8455 30 390 9 СЭҚ ТН кодтарымен сыныпталатын, Украинада шығарылатын металл прокаттау стандартына арналған қақталған болат біліктерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінуіне қатысты кедендік құнның 26 пайызы мөлшерінде демпингке қарсы баж енгізу арқылы Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 904 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шаралардың қолданысы қоса алғанда 2019 жылғы 25 маусым аралығына дейін ұзартылсын.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары, осы Шешімде көзделген антидемпингке қарсы баж алуды ЕАЭО-ның СЭҚ ТН кодтарын басшылыққа ала отырып қамтамасыз етсін.
Осы Шешім 2015 жылғы 28 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық | |
экономикалық комиссия | |
Алқасының Төрағасы | В. Христенко |