Көліктік (тасымалдаушылық), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланудың тәртібі туралы нұсқаулықтың 12-тармағының 12) тармақшасына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 3 ақпандағы № 6 шешімі

      Кеден одағының Кеден кодексінің 180-бабы 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдаушылық), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланудың тәртібі туралы нұсқаулықтың 12-тармағының 122) тармақшасы ", сондай-ақ егер бұрын мұндай тауарлар арнаулы кедендік рәсімдеуге жатқызылған кезде тізбе беріле отырып декларацияланған болса, арнаулы кедендік рәсімдеуді аяқтау мақсатында кедендік рәсімдеуге жатқызылатын кері экспортты" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
      Алқасының Төрағасы В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады